Оқыту үдерісіне критериалды бағалауды енгізу

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

25.09.2015жыл


Коучингтің тақырыбы

Оқыту үдерісіне критериалды бағалауды енгізу.

Коучингтің мақсаты

Сабақ кезеңдеріне, тапсырмаларға баға критерийлерін жасап үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Өз сабақтарында сабақ кезеңдерінде критериалды бағалауды жүзеге асырады. Сабақтағы тапсырмаларына критерий, дескриптор жасайды.

Түйінді идеялар

  • Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау;

  • Мұғалімдердің нәтижелі іс - әрекеті негізінде оқушыны емес, оқушының жұмысын критерий арқылы бағалау;

  • Оқушыларды өзін - өзі бағалауға үйрету;

  • Жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.

Коучингтің ықпалы

Қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесіне енгізеді.

Оқыту әдістері

«Түртіп алу» стратегиясы

«Самолет» әдісі

Диалог

Жұптық

Топтық жұмыс

Дерек көздері, ресурстар

МАН ІІІдеңгей, Пилоттық жүйе критерийлері, АКТ бейнежазбасы,

Флипчарт, маркерлер, А4 қағаздары

Тапсырмалар

1 - жеке оқиды, диалог арқылы бір - біріне түсіндіреді, топтасып постер қорғайды, басқа топ жұмысына топтасып критерий жазады, әр топ бір - бірін бағалайды.

2 - жеке сурет салады, көршісінің суретіне критерий жазады, бағалайды, жазылған критерийді берілген нақты критериймен салыстырады, бағалайды, екі баға арасындағы айырмашылықты табады.

3 - «Самолетке» «2 жұлдыз, 1 тілек» жазады, ұшырады, өзіне келген самолеттегі жазылғанды оқиды және өзінің қосар пікірін ауызша айтып, рефлексия жасайды.


Уақыт

Коучтың іс - әрекеті

Мұғалімдердің іс - әрекеті

Ұйымдастыру

3мин

Сәлемдесу. Көтеріңкі көңіл - күй орнату үшін «Түстер» сергітуін өткізу.

Жасылда-билейді,қызылда-жұбымен ауысады,сарыда-отырады.

10мин


Видеожазба - Қаздардың ұшуы.

-Бұл бейнежазбаны не үшін көрдік деп ойлайсыздар? Нені түсіндік? Топтасудың қандай пайдасы бар? Қаздардікіндей ұшу ұжымға керек пе? Оқушыларға ше?

Тәжірибе мақсатымен, І деңгей міндеттерімен таныстыру.

Коучингтің тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Пилоттық жүйе туралы байланыстыру.

Топқа бөлу. 1-топ - Мектеп басшылары.

2-топ - Мұғалімдер. 3-топ - Ата-аналар.

4-топ - Оқушылар.

Пікір айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ынтымақтастық, бірлестік, ұйымшылдық туралы ой толғайды.



Топқа бөлінеді.


20мин

1 - тапсырма. Оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу. Әр топқа тақырыпты тарату.

Постерлерді ауыстырып беру.

Тақырыпқа, мәтінге критерий жазуды түсіндіреді. Мысалы: Мағынаның, тақырыптың ашылуы - 5ұпай.

Эстетикалық талғамы - 5 ұпай.

Жүйелі жеткізе білуі - 5 ұпай.

Уақытты сақтауы - 5 ұпай.

Барлық ұпайларға дескриптор жазылады.

Постер қорғайды.

Басқа топ постеріне критерий жазады. Топтар бір - бірін бағалайды.


3мин

Сергіту сәті. Гүлдер.

Топқа бөлу. 1-топ - «Үлгілі», 2-топ - «Жақсы», 3-топ - «Жақсартуды талап етеді», 4-топ - «Төмен».

Таңертең-бой түзейді, түсте-ашылады, кешке-дем алады.

Топқа бөлінеді.


20мин

2 - тапсырма. Көбелектің суретін салу.

Ауыстырту. Критерий жазғызу.

Ғылыми түрде жазылған нақты критерийді беру.


Сурет салады. Суретін қасындағы жұбының суретімен ауыстырады.

Критерий жазады, бағалайды.

Өз жазған критерийін нақты критериймен салыстырады. Айырмашылығын байқайды. Айтады.


10мин

Коучингке кері байланыс жасау.

Ауызша кері байланысты жетілдіру.

-Критериалды бағалау түсінікті болды ма?

-Дескриптор ше?

-Қазіргі бағалау тәсілі туралы не айтасыз?

-Басқа қандай бағалау түрін ұсынар едіңіз.

«Самолеттің» қанатына «Екі жұлдыз, бір тілек» жазады.





© 2010-2022