Иновациялық қызметтің жалпы түсінігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Иновациялық қызметтің жалпы түінігі


1.Инновацияның түсінігі және түрлері

2.Инновациялық қызметтің түсінігі және белгілері.

3.Инновациялық қызметті нормативті-құқықтық реттеудің сипаттамасы

1.Инновацияның түсінігі және түрлері

Инновация - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың жаңаруын қамтиды.

Инновациялардың мынандай түрлері болады:

1. Жаңалығына байланысты:

- базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді іске асырады;

- жақсарту инновациялары, олар кіші және орташа зеттеулерді іске асырады.

- жалған инновациялар, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.

2. Қолданылуына байланысты:

- өнімдік инновациялар - жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;

- технологиялық инновациялар - жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;

- әлеуметтік инновациялар - жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;

- нарықтық инновациялар - жаңа нарықтағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.

3. Шығу көздеріне байланысты:

- ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;

- өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;

- нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.

4. Қайта өндіру процесіндегі роліне байланысты:

- тұтыну инновациялары;

- инвестициялық инновациялар.

5. Масштабына қарай:

- күрделі инновациялар;

- жай инновациялар.

Инновация түрлері мен инновациялық мақсаттардың тәуелділігі төменде көрсетілген:

Кесте 1

Инновация түрлері мен инновациялық мақсаттардың тәуелділігі

Инновация түрі

Инновациялық мақсаттар

Өнім-инновация

Аман қалуды қамтамасыз ету; Пайданы көбейту;

Нарық үлесін көбейту; Тәуелсіздік; Клиенттер қызығушылығы; Престиждің жоғарылауы; Жаңа жұмыс орындарын құру; Айналым мен өткізуді өсіру;

Процесс-инновация

Пайданы өсіру (өнімділікті өсіру, шикізат пен энергияны үнемдеу арқылы) Қоршаған ортаны ластауды азайту;

Әлеуметтік инновациялар

Коллектив пен қоғамға деген қарым- қатынаста әлеуметтік жауапкершілік Тәуелсіздік; Еңбек нарығында жағдайдың жақсаруы.

2.Инновациялық қызметтің түсінігі және белгілері.


Инновациялық қызмет - жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

Инновациялық іс-әрекет - бұл өнімнің ассортиментін кеңейту және сапасын жоғарлату, технологияны және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында инновацияларды іздеу және жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет, сондай -ақ, ғылыми зеттеулермен, жаңа өнім шығарумен, еңбек құрал-жабдықтарын жетілдірумен, ғылым мен техника жетістіктерінің арқасында өндірісті ұйымдастыру мен технологиялық процестерді дамытумен, ғылыми-техникалық процесстің дамуын жылдамдатуға және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға негізделген шаралар жүйесін жасап шығаруға бағытталған, басқарудың ұйымдары мен факторларының әртүрлі әдістерінің күрделі жүйесі.

Инновациялық іс-әрекетке келесі жағдайлар кіреді:

- кәсіпорынның проблемаларын айқындау;

- инновациялық процесті жүзеге асыру;

- инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыру.

Технологиялық инновациялар - бұл ұйымның инновацияларды әзірлеу және енгізуге байланысты қызметі. Атап айтқанда, өнеркәсіпте - технологиялық жағынан жаңа өнімдер мен процестер, сондай-ақ, өнімдер мен процестердегі технологиялық елеулі жетілдірулер; қызмет көрсету саласында - технологиялық жағынан жаңа немесе едәуір жетілдірілген қызмет көрсетулер мен қызмет көрсетулердің жаңа тәсілдері.

Инновациялық өнім - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Мына бұйымдарды қамтиды:

жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;

жетілдірілген бұйымдар;

жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзгеде инновациялық өнімдер.

Инновациялық белсенді кәсіпорындар - кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық- белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер - ғылыми білімнің және оларды тәжірибеде қолдануға жаңа салалар іздеу жиынын көбейту мақсатында жүйелілік негізде жүзеге асырылатын ғылыми қызмет.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер құрамына іргелі, қолданбалы зерттеулер мен ғылыми - техникалық әзірлемелер кіреді.

Іргелі зеттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперементтік және теориялық зеттеулер жатады. Олардың нәтижесі - болжамдар, теориялар, әдістер және т.с.с. Іргелі зеттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зеттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылими жариялымдар, т.с.с. жасаумен аяқталуы мүмкін.

Қолданбалы зеттеулер дегеніміз - нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зеттеулер іргелі зеттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан проблемаларды шешудің жаңа әдстерін айтады.

Ғылыми - техникалық әзірлемелерге бар білімге негізделген, зеттеулер мен практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған және жаңа материалдарды, өнімдерді, процесстерді, құрылғыларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар объектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін.

Инновациялық қызметтің белгілері:

Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептелінеді. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай белгілерге ие болуы тиіс:

  1. Жаңалығы болуы керек (Интелектуалдық өнім)

  2. Нарық сұранысын қанағаттандыру керек (нарыққа өнім)

  3. Өндірушіге пайда әкелуі керек

3.Инновациялық қызметті нормативті-құқықтық реттеудің сипаттамасы

1992 ж. «ҚР-ның ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» заңы қабылданды. Заңға сәйкес осы саладағы республиканың мемлекеттік саясатының негізі болып мемлекеттің ғылыми-техникалық потенциалының дамуымен материалды өндірістің жандануы, ғылым мен техниканың басты бағыттарын қолдау табылады. Бүгінгі күнге дейін бұл заң өз күшін жойды.

1992 ж. 4 маусымда жеке кәсіпкерліктің дамуына негіз болған «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заң қабылданды.

Инновациялық салада басты орынды интеллектуалды меншік объектілерін қорғау алады. Осылайша, 18.01.1993 ж «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауардың жасалу орындарының атауы туралы», 10.06.1996 ж. «Авторлық құқық және аралас құқық туралы» заңдар қабылданды.

06.07.1999 ж. «Меншік қатынастарын, өнеркәсіптік және интеллектуалдық меншік объектілерін қорғауды» реттейтін Парламенттік заң қабылданды.

1993 ж. Қазақстан Республикасының Үкіметімен мемлекетте шағын кәсіпкерлікті құру бастамаларын анықтаған «Шағын бизнес орталықтарын құру туралы» құжат қабылданды.

1995 ж. Венчурлық фирмаларды құрудың ұйымдық сұрақтары «Венчурлық фирманы құру туралы» құжатында көрсетілді. Құжат осы құрылымдарды құрудың ұйымдық сұрақтарын ғана қарастырады, онда қаржыландыру көздері көрсетілмеген.

1994 ж. бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына сай кәсіпкерлердің инновациялық қызметін салықтық реттеу қарастырылған. Бірақ бұл салық туралы жарлықта ескерілмеген.

2008 ж. қабылданған жаңа салық кодексінде инновациялық қызметті салықтық реттеудің барлық құралдары ескерілген.

1996 ж. наурызда Белорус Республикасының комитеті, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Парламентаралық шешімі бойынша «Инновация туралы» үлгілік заң қабылданған. Бұл заң стратегиялық бағыт ретінде инновациялық қызметті ұйымдастыру мен іске асыру мақсатымен келісім-шартқа қатысушы мемлекеттердің іс-әрекетінің сипаттамасын анықтаған. Сондай-ақ бұл заң инновациялық қызметтің іске асырылуына түрткі болған. Нәтижесінде, бүгінгі күні инновациялық және ғылыми-техникалық салаларда, инновациялық инфрақұрылымда нормативтік-құқықтық база құрылды, инновациялық салаға капитал тартылды, Қазақстан Республикасында инновациялық кәсіпкерлік құрылды.

1997 ж. маусымда ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының бірлескен отырысында «Инновациялы инвестициялық желілі инфрақұрылым туралы» үлгілі заң қабылданды, яғни инновациялық қызметті іске асыру сұрақтарын шешетін, өзара байланысқан ұйымдар мен басқару звеноларының жүйесі туралы.

1996-1997 ж.ж Қазақстан Республикасында алғаш рет инновациялық қыметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері, Ұлттық инновациялық саясаттың жағдайы айқындалды, мемлекеттің инновациялық доктринасы қабылданды, инновациялық кодекстің заңдары, мемлекеттік инновациялық бағдарламаның мақсаттары мен негізгі шарттары анықталды.

1997 ж. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қорғау бойынша нормативтікзаңнамалық база жаңартылды. Сол арқылы оның дамуы жүзеге асырылды. Осыған қосымша жалпы шағын бизнесті қолдау шараларына 1997ж. бекітілген Ғылым және Білім Министрлігінің ғылыми-технологиялық саладағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы бағдарламасы жасалды.

Осы бағдарламаға сәйкес келесі іс-әрекеттер жүргізілді:

Шағын кәсіпкерлік құрылымдардың құрылуы

Шағын кәсіпорындарға пайдаланылмайтын өндірістік аудандар мен жабдықтардың ұсынылуы

Ғылыми сиымдылығы бар өнімдер нарығының құрылуы

Бірақ осы кезеңде жеткілікті қаржыландыру мен қажетті нормативтік-құқықтық базаның жоқтығынан республикада инновациялық саланың құрылуы баяу қарқында болды.

19.06.1997 ж. шағын кәсіпкерлік құрылымдардың қызметін реттеуді қамтамасыз ететін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды.

1999 ж. ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми сиымды өндірісі бар жоғары оқу орындарын интегралдау концепциясы жасалған. Интегралдау ҒТҮдің әлемдік динамикасына енуде мерзімді уақыт қатынасындағы кадрлық және басқа да ресурстардың бірігуін болжайды.

2000 ж. наурызда «Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің жарлығымен мемлекетте инновациялық даму жағдайларын құруға негіз болған ҚР ның инновациялық концепциясы бекітілді.

Республикадағы инновациялық қызметті қолдау шараларының ең тиімдісі 2000 ж алдағы 5-10жылға арналған ғылыми-техникалық саланың үздіксіз дамуына экономиканың инновациялық дамуы мен оның ресурстық мүмкіншіліктерінің заманауи талаптарына жауап беретін ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық потенциалдың құрылуына бағытталған ғылыми және ғылымитехникалық саясат концепциясын қабылдау болып табылады.

2001 ж. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Бұл құжаттарда мемлекет экономикасының инновациялық даму жолына көшу негіздері және ғылым мен техника саласындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, инновациялық инфрақұрылымның дамуы мен кадрларды дайындауда мемлекеттің қатысуы қарастырылған. Ғылыми-техникалық даму концепциясымен айқындалған мақсаттарға жету үшін келесі шаралар ұйымдастырылған: инновациялық, ғылыми-техникалық салаларда нормативтік-құқықтық базаны құру, ресурстық қамсыздандыру, соның ішінде ғылымитехникалық, инновациялық қызметті қаржылық қамсыздандыру.

2005 ж. патенттік саладағы құқықтық базаның әлсіздігінен 2010 ж дейінгі патенттік жүйе бойынша бағдарлама қабылданды. Ол 2 жылға созылған жаңалықтарды тіркеу процессін жеңілдетеді. Интеллектуалды меншік объектілерін қорғайтын құқықтық базаны жаңартуға арналған ҚР-ның интеллектуалды меншік институтарының тұрақты өмір сүру алғышарттары жасалады.

2006 ж. қаңтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қабылданды. Ол экономика саласындағы құқықтық базаны жаңартады, жеке кәсіпкерлік сектордың құқықтарын кеңейтеді.

2001 ж. мамырда Қазақстан Республикасының Парламенті шешімімен 2001-2015 ж.ж. арналған инновациялық даму бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама мақсаты: ғылым мен техника жетістіктерін қолдану, балансталған өндірістік инфрақұрылымды құру және ЖҰӨ-нің шикізат бөлігін жоғары технологиялы экспорттық өнімдерге біртіндеп енгізу негізінде мемлекет экономикасының дамуына қажетті жағдайлар мен жағымды ортаны жасау.

03.07.2002 жылы инновациялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі принциптері, бағыттары мен іске асыру формаларын анықтайтын, оны іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құқықтарын бекітетін Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» заңы күшіне енді. Сондай-ақ заңда инновациялық қызмет мазмұны, субъектілері, республикалық, аудандық және салалық инновациялық бағдарламаларды құрудың реті көрсетілген.

Заңға сәйкес, мемлекеттің ииновациялық саясатының негізгі принциптері мен инновациялық даму жолындағы экономикалық стратегиялық негізделуі маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешетін инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қолдау, инновациялық инфрақұрылымның дамуы мен кадрларды дайындауда мемлекеттің қатысуы анықталады.

Инновациялық саясаттың құрамдық бөлігімен инновациялық болжаулар жасалады. Болжаулар негізінде болашақта мемлекетің инновациялық дамуының негізгі бағыттарын анықтау жоспарланады.

17.05.2003 ж ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы бекітілген. Оның іске асырылуы үш кезеңді қамтиды (2003-2005 ж.ж, 2006-2010 ж.ж, 2011-2015 ж.ж). Стратегия мақсаты - экономика салаларын диверсификациялау жолымен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру үшін инновациялық жобаларды қаржыландыру, зерттеумен айналысатын арнайы институттар құрылған. Оған: бизнес-инкубаторлар, технопарктер, технополистер. Сауда және индустрия Министрлігінің қолдауымен бәсекеге қабілетті бағыттар мен перспективалы жобалардың алдағы іске асырылуы және де қызығушылық танытқан инвесторларды іздеуді анықтайтын инжиниринг және технология трансферті орталығы құрылды. Тағы да жаңа институт - Ұлттық өндірістің бәсеке қабілеттігін анықтайтын стратегиялық зерттеулермен айналысатын маркетингтік және аналитикалық зерттеулер орталығы құрылды.

Индустриялды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру үшін даму институттары жүйесі қалыптастырылған: Инвестициялық қор, Ұлттық қор, Қазақстан Даму банкі, экспортты сақтандыру бойынша корпорация. Инвестициялық қордың мақсаты жоғары құнды тауарлар өндіретін Қазақстандық компанияларды құру. Қорға венчурлық кәсіпкерліктегі инновацияның енуі мен дамуын жүзеге асыру қызметі жүктелген. Оның міндеттерінің қатарына: Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарына капитал салымдарын тарту, жал бойынша операцияларды қаржыландыру мен займдарды алуға көмек көрсету және техникалық көмек көрсету.

Сауда саясатында біртіндеп сауда режимінің либерализациясы жүргізілуде. Ол импорттың орнын толтыру саясатын бәсекені және экспортты реттеу саясатымен алмастырады; қазақстандық экспортты дискриминациялауды жою, халықаралық имидждің күшеюі, ТМД және ЕврАЗЭС көлемінде аймақтық интеграциялық процестердің дамуы, кедендік одақты құру, экспортты ретеу шараларын жасау және іске асыру, экспорттық операцияларды жүргізгендегі тәуекелдерді сақтандыру міндеттерін шешуге септігін тигізетін Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру процесі жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2006 ж. қаңтарда Республика Үкіметімен Қазақстанның әлемнің бәсекеше қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы қабылданды. Оның жүзеге асырылуы әлемдік нарықта отандық тауарлардың бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ету, мемлекеттің имиджін жақсарту және оның бәсеке қабілеттігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының
салааралық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 Қаулысы

Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатына барынша қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ әлемде туындап жатқан жаңа ғылыми білімдер мен технологиялардың негізінде экономикадағы жаңа салаларды дамытуға арналған іргетас қалау үшін экономиканың дәстүрлі салаларын пайдалану үшін бірінші дәрежелі мәнге ие.
Жоспардың ұзақ мерзімді сипатын түсіну өте маңызды. Республикада соңғы 20 жылдағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың кетуі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) қаржыландырудың жеткіліксіздігі өнеркәсіптің бұрынғы бәсекелігі жоғары көптеген бағыттары бойынша республиканың зияткерлік әлеуетін төмендетуге алып келді. Бұл әлеуетті қалпына келтіру, оны әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге шығару тіпті өте ұзақ уақыт кезеңін талап етеді.
Жоспарды іске асыру еліміздің ішкі мүмкіндіктерін, ұлттық экономиканың даму перспективаларын әлемдегі технологиялық үрдістерді ескере отырып, айқындалған Қазақстан Республикасының негізгі ғылыми және технологиялық басымдықтарын дамытуға мемлекеттің күш жігерін бағыттауға және еліміздің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның негізгі салаларында технологиялық көшбасшылық іргетасын қалауды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Вопросы для самоконтроля

  1. Понятие и виды инноваций?

  2. Понятие и значение инновационного процесса?

  3. Понятие инновационного цикла?

  4. Понятие инновационной сферы?

  5. Понятие и значение инновационной инфраструктуры?

  6. Понятие инновационной продукции?

  7. Понятие, признаки и содержание инновационной деятельности?

  8. Источники правого регулирования отношений, связанных с осуществлением инновационной деятельности?


Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты. Инновациялық қызмет пен ғылымды мемлекеттің қолдауы - 2 сағат

1.Инновациялық процесті мемлекеттік реттеу.

2.Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың түрлері.

3.Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарлама.

4.Инновациялық сферадағы иеилекеттік органдардың негізгі функциялары.

5.Венчурлік және бюджеттен тыс қорларды дамыту мен қолдаудың жүйесі.

6.Инновациялық кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау.

7.Ғылыми ұйымдар

8.Мемлекеттік ғылыми орталықтар

9.Ғылыми-өндірістік орталықтар..

10.Жоғарғы оқу орындары

11.Мемлекеттік ғылыми академиялар.

12.Мемлекеттік мәртебесі жоқ ғылым академиялары

13.Ғылыми ұйымдардың қызметкерлері және ғылыми жұмысшылар

14.Басқа мамандандырылған ұйымдар



Инновациялық қызмет субъектілері

Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, яғни бұл қызмет түрімен айналысуға куәлік алған жеке кәсіпкерді айтамыз. Инновациялық кәсіпкерліктің мұндай субъектілеріне өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатады. И.Шумпетер кәсіпкер болу - ол басқалар істемегенді істеу және басқалар істемегендей етіп істеу деп текке айтпаған. Оның ойынша, кәсіпкерлік - инновациялық адамдар, новаторлар мен өнертапқыштардың шығармашылық қызметі. Әйгілі американдық ғалым П.Дракердің ойынша, кәсіпкерліктің құралы болып қызметтің барлық саласындағы жаңалықтар табылады, ол кәсіпкерлік субъектілрімен, кәсіпкерлік ұйымның мүмкіндіктері мен мақсаттарынан тәуелді.

Инновациялық кәсіпкерліктің дамуы көптеген факторларға тәуелді, оның ішінде экономика салаларында жұмыс істейтін, әсіресе экономикалық өсуді анықтайтын жұмыскерлердің ғылыми деңгейі мен санын бөлуге болады. Инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы қабілетті халықтың білімінің деңгейі, инновациялық идеяны ұсынып қана қоймай, оны іс-жүзінде жүзеге асыра алатын ғылыми кадрларды «тартумен» айналысады, ол бұл елдерге аз шығынмен және жылдам темппен инновациялық кәсіпкерлік пен ғылыми-техникалық прогресстің дамуына мүмкіндік береді.

Экономиканың барлық саласындағы ғылыми-техникалық прогресс пен инновациялық кәсіпкерліктің дамуы заңды тұлғалардың болуымен - ғылыми-зерттеу ұйымдарының болуымен анықталады.

Инновациялық қызметтің алдыңғы қатарлы субъектілері болып заңды тұлғалар табылады, ережеге сәйкес, нақты жобаға инновациялық идеяны жасап және ол үшін пайда түрінде қаржылық нәтиже алатын коммерциялық ұйымдар жатады. Сондықтан да меншік формасына тәуелсіз инновациялық кәсіпкерлік субъектілеріне ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар, экономиканың түрлі ұйымдары мен кәсіпорындары, жоғарға оқу орындары жатады. Азаматтың заңдылықтарға сәйкес инновациялық қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары болып шаруашылық серіктестер мен қоғамдар, мемлекеттік және муниципалдық унитарлы кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен мекемелер табылады.

Ғылыми сыйымды және күрделі ақпараттық идеяны жүзеге асыру кезінде маңызды рөлді кәсіпкерлік ұйымдардың бірігулері алады: консорциумдар, концерндер, холдинг-компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен басқа да ассоциациялар және заңды тұлғалар одақтары. Мұндай бірлестіктер арасында маңызды орынды консорциумдар алады, олардың басты мақсаты ірі инновациялық жобаларды іздеу мен жасау болып табылады және ол техника мен жаңа технологиялардың енуімен байланысты. Инновациялық салада консорциумды банктер, кәсіпорындар, фирмалар мен ғылымисыйымды және капиталсыйымды жобаларды жүзеге асыру үшін ғылыми орталықтар арасындағы уақытша келісім ретінде анықтауға болады. Алғаш рет халықаралық консорциумдар банктік салада, ал соңғы жылдары ол шаруашылық қызметтің басқа да салаларында пайда бола бастады. Ал 1960 жж. жаңа типтегі, яғни қатысушысы мемлекет болып табылатын консорциумдар пайда бола бастады. Консорциумдарға біріге отырып, оның қатысушылары өзінің техникалық және коммерциялық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды мақсат тұтады. Сондай-ақ консорциум - бұл алға қойылған мақсаттарға жеткеннен кейін өз қызметін жоятын уақытша бірлестік.

Инновациялық кәсіпкерліктің күрделі формаларының біріне өнеркәсіп, транспорт, сауда және банкілік саланы біріктіретін концерн жатады. Концерн қатысушылары болып жалпы мақсатқа жету үшін, соның ішінде ғылымисыйымды инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін біріктірілген кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар жатады. Кәсіпорындар мен ұйымдар концернінің қалыптасу мақсаты: анықталған салалық маусымдық ауытқу мен тәуекелдің теңесуі; аз перспективті экономика салаларынан үлкен перспективалы экономика салаларына капиталдың ауысуы; шағын және орта кәсіпорынмен салыстырғанда ірілерінің инновация негізінде кейбір артықшылықтары бар. Бірінші кезекте - бұл ірі қаржылық құралдардың концентрациясы, өйткені маңызды ашылулар шығындарды талап етеді; сәтті инновацияны игеру үшін шығын бірнеше рет ұлғаяды, тек ірі кәсіпкерлік құрылымдар ғана соңғы нәтижеге жете алады. Ірі бірлестіктердің ғылыми зерттеулердің келесі ерекшелігі мен артықшылығы көпмақсатты зерттеулерді жүзеге асуында жатыр. Мұндай құрылымдардың ғылыми-технологиялық бөлімшелері өзіне көп сала бойынша зерттеушілер мен ғалымдарды біріктіруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы инновациялық қызметтің тиімділігін арттырады.

Инновациялық процестің интенсификациясына бағытталған ұйымдастырушылық формалар ішінде маңыздысы венчурлік инжинирингтік фирмалар болып табылады. Инжинирингтік фирмалар - бұл ғылыми зерттеулер мен өңдеу арасындағы біріктіруші звено. Инжинирингтіт қызмет өнеркәсітік меншік объектілерімен, жоба-өндірістік процестің ұйымдастырылуымен қауіпсіздік пен үнемдеумен байланысты.

Инжинирингтік фирмалар мыналарды жүзеге асырады:

Коммерциялы конъюнктуралар мен инновациялық идеяны техникалық болжауға, жаңа техникалар, пайдалы модельдер, ойлап табуларды бағалауды;

жаңалықтардың өнеркәсіптік жүзеге асуын орындайды;

өңдеу объектілерін енгізу процесінде консультация мен қызмет көрсету;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың мақсаты бойынша сынау жұмыстарын жүргізу.

Инновациялық қызметтің дамуын қолдайтын құрылымдар арасында маңызды рөлді технопарктер алады. Олар шығатын инновациялық қызметте кіретін ресурстарды (негізгі және айналым қорлары, инвестициялар) қалыптастырады. Өсу деңгейіне байланысты технопарктік құрылымдардың күрделілігін келесі түрде қоюға болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер, ғылым мен технологиялар аймағы.

Инкубатор инновациялық қызметтің кең тізімін өңдейтін күрделі көпфункционалды комплекс болып табылады, ережеге сәйкес ол бір немесе бірнеше мекемені алады. Инновациялық фирма өзінің технологиялық профиліне тәуелді инкубатордан инновациялық фирманың қандай да бір жиынын жалға немесе сатып алады, оған міндетті түрде мекемені жалға алу кіреді. Клиент-фирманың инкубациялық кезеңі әдетте 2-3 жыл, бұл мерзімнің аяқталуына байланысты инновациялық фирма инкубаторды тастап, өз қызметін бастайды. Технологиялық парк - күрделі функционалды құрылымы бар ғылыми-өндірістік территориалдық комплекс болып табылады, ал аса маңызды орталықтарға мыналар: зерттеу орталықтары, инкубатор, ғылыми-технологиялық комплекс (инновациялық орталық), өнеркәсіптік зона, маркетингтік орталық, оқыту орталығы және т.б жатады. Аталған орталықтардың әрқайсысы арнайы қызмет тобын өңдейді, мысалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен немесе мамандарды қайта даярлаумен байланысты қызметтер. Технополис экономикасында маңызды рөлді трехнопарктер мен инкубаторлар алатын жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылымның тұтастығы болып табылады. Ғылыми орталықтарда жасалған жаңа тауарлар мен технологиялар қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қолданылады.

Ғылым мен технология аймағының шекаралары әкімшілік аймақ шекараларымен қиылысатын маңызды территорияны қамтиды. Мұндай аймақ экономикасында үлкен рөлді технопарктік құрылымдармен қолданылатын инновациялық қызмет алады. Ғылым мен технология аймағында ірі ғылыми ғылыми мекемелер мен ғылымисыйымды өнім өндірісіне бағытталған өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыптасады. Бұл комплекске, сондай-ақ өндірістік және тұрмыс инфрақұрылымдары мен мәдени мекемелер және т.б кіреді

© 2010-2022