Кадыр Мырзали туралы кеш

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазақ жырының Қадыры » атты жыр кеші өтті

Қаңтарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен халық жазушысы,түрлі мемелекеттік сыйлықтардың иегері,дарабоз ақын Қадыр Мырза Әлидің туған күніне орай мұғалімдер арасында жыр кеші өтті.

Кеш әдіс бірлестіктерінің арасында сайыс ретінде оздырылды.Кештің мақсаты мұғалімдер арасында Қадыр жырларын насихаттау,өлеңдерін жатқа білу,әнге айналған өлең жолдарын кеңінен таныстыру. Шығармашылықпен жұмыстануды жандандыру .

Кеш барысында алдын ала мұғалімдер бөлмесіне жарнама арқылы сайыс шарттары көрсетілді. Әр бірлестік жетекшілері өз топтарының аты мен төсбелгілерін әуенмен таныстырды.

Кадыр Мырзали туралы кеш

Кадыр Мырзали туралы кеш Кадыр Мырзали туралы кеш«Балдырған»тобы «Апам үшін күнде де» «Жерұйық»тобы, «Қазақ осы» әнімен

Бастауыш сынып бірлестігі «Балдырған»,жаратылыстану -математика бірлестігінен құралған «Жерұйық» тобы,гуманитарлық пәндер бірлестігінен «Шамшырақ» тобы,Шығармашылық топ мүшелері «Қанатты қалам»тобы болып сынға түсті.Алғашқы таныстыру бөлімі бойынша сарапшылар бағаласа,қалған негізгі бөлімдер бойынша әр топ қарсылас топтарды бағалады.

Кадыр Мырзали туралы кеш Кадыр Мырзали туралы кеш

«Шамшырақ»тобы жатқа оқу өнері

Барлық топ мүшелері өте үлкен жауапкершілікпен қатыса отырып,жоғары дәрежеде дайындалған.Бірінші болып өнер көрсеткен «Балдырған »тобы оқушы болып киініп,тақырыпқа сай ақынның оқу құралдары бойынша жазған өлеңдерінен мәліметтер берді.Топтың әр мүшесі өлеңдерін нақышына келтіріп,әртістік қабілеттерімен көрінсе, «Жерұйық» тобы қазақтың ұлттық киімдері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуді де ұмытпады. «Шамшырақ »тобы Қазақ осы өлеңінің әуеніне Қадыр осы деп алмастырып,ақынның түрлі қырынан шебер орындаушылықпен таныстырып шықты. «Қанатты қалам» тобы да қалыспай ұйымшылдық танытып, жас ұландар болып Қадырдың қағытпа сөздерін айтып, өздерін таныстырды.

Кадыр Мырзали туралы кешКадыр Мырзали туралы кеш

Сарапшылар «Қанатты қалам»тобы, «Атамекен» әнін орындауда

Мектеп психологы Қаналиев Саламат Молдашұлы,ауылдық кітапхана меңгерушісі Ұлболсын Карина,мәдениет үйінің директоры Әбіл Бахтияров сарапшылар міндетін атқарды. Алғашқы таныстыру бөлімі бойынша сарапшылар бағалау критерийлеріне сүйене отырып,өз бағасын берді. Келесі бөлімде әр топ Қадыр ақынның өмірінен деректер,шығармашылығы,жарыққа шыққан туындыларын көрсетті.Қадырдың ел аузындағы қағытпа қалжыңдарынан көптеген дәлелдер көрсеткені , үлкен ізденіспен жұмыстанғаны байқалды.Келесі бөлім ақын өлеңдерін жатқа оқу болды.Бұл бөлімде де мұғалімдер тобы еш қалысқан емес. Әсіресе, «Жерұйық» тобының жетекшісі Марал Матақызы ақынның «Домбыра »өлеңін әдемі оқыса, математика пәнінің мұғалімі Базарбай Жұмашұлы «Мәселе»,физика пәнінің мұғалімі Забыханым Хамзақызы «Мықты болсаң...», Ағылшын пәнінің мұғалімі Гүлзия Аманқызы «Мың жұлдызы болса да..» орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлсім Саурқызы «Бабамыздың шоқ басқан табанымен...» тарих пәнінің мұғалімі Нұржан Нәділшеұлы «Сөз» өлеңдерін нақышына келтіріп оқығаны әріптестерді таң қалдырды. «Балдырған »тобының мүшелері Ырысты Ысқаққызы,Қырмызы Жұқалтайқызы ақынның оқушыларға арналған өлеңдерін керемет шеберлікпен орындап,көптің көңілінен шықты.Технология пәнінің мұғалімі Нұрболат Ұзақбайұлы домбырамен сүйемелдеп,топты алға жетелеп отырды.Ән орындау бөлімінде,ақынның «Апам үшін күнде де..» ,«Қазақ осы», «Өз елім», «Атамекен» әндерін барлық топ хормен орындады.Әр топ бағалау критерийлеріне сүйене отырып,өз бағаларын сарапшыларға беріп,қорытындысында «Балдырған»тобы І орынға, «Жерұйық» тобы ІІ орын, «Қанатты қалам» ІІІ орын иеленсе, «Шамшырақ» тобы алғыс хатпен марапатталып, «Жайық жұлдызы» журналы сыйға тартылды.Кадыр Мырзали туралы кеш

Кадыр Мырзали туралы кеш Кадыр Мырзали туралы кеш

Рефлексия бұрышы

Сайыс соңында мұғалімдер кештен алған әсерлерін рефлекасияға жазып қалдырды.Осындай кешке өте жоғары ұйымшылдық танытып,белсенділік көрсеткен бірлестік жетекшілеріне де алғыс айтылды.

Жукеева Арайлым Серікбайқызы ,

БҚО,Сырым ауданы ЖББ М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп- балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі,ПКБА деңгейлі бағдарламалар курс ІІ деңгейлі сертификатының иегері



© 2010-2022