Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Білім Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Самат нені үрлей алады?

Мақсаты:

Білімдік:балаларды тауықтың қауырсынымен таныстыру. Сұраққа қысқаша жауап беруге дағдаландыру. Тыныс алу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық:Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру ,балалардың тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:Адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: тауық пен қауырсынның суреті, қауырсын, түрлі түсті шарлар (үрленген)

Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық










Балаларды шеңберге тұрғызып:

Бала-бала, балақан

Кәне, қайсы алақан,

Саусақтарын әйбат,

Былай, былай ойнат,-

деп, сәйкес қимыл-қозғалыстар жасатылады.

Тауықтың суретіне балалардың көңілін аударып, тауық туралы түсінік береді.

-Тауық әдемі, үлкен, түсі аппақ, тауықтың жұмыртқасын, етін жейміз. Тауықтың үлпілдек жүндерін жастыққа салады. Тауық- үй құсы. Тауық дәнді жақсы көреді. Мынау қанаты, қанатының астында қауырсындары болады.

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.

Балалар суретке қызығушылық танытып, тыңдайды, тауық туралы білуге тырысады.

Ұйымдастырушы-лық-ізденістік

Ғажайып сәт. Жіпке байланған қауырсынды қарауды ұсына отырып, қауырсын туралы түсіндіріледі. "Қауырсын, үлпілдек, жеңіл".

Қауырсын, үлпілдек сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі.

Дыбыстық жаттығуы.

Қа-қа қауырсын.

Ү ү үлпілдек.

Қауырсынмен ойнауға ұсыныс жасайды. Қауырсынға үрлесек ұшады деп, үрлеуді өтінеді. Қауырсын кімнің үстіне қонса, қонған жерден тағы да, қонған қауырсынға үрлеуді үйретеді. Үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасатады. Қауырсынды ұқыпты ұстауға, онымен жұмыс істегенде ұқыпты болуға үйретеді.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз

Топылдатып басамыз.

Тауық, қауырсын туралы сұрақтар беріп, қайталайды.

1."Кім жылдам?" дидактикалық ойыны.

Үрленген әртүрлі шарларды кім қатты үрлеп, алысқа ұшырса сол бала жылдам болады.

2. "Нені үрлеуге болады, нені болмайды?" дидактикалық ойыны.

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?Тіл дамыту Самат нені үрлей алады?

Балалар қуана қимыл-қозғалыстар жасайды.

Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді.

Дидактикалық ойынды қуанышпен көңілдене ойнайды.

Үлестірмелі материалда берілген суреттерге қарап, үрлеуге келетін заттарды табады. Себебін айтады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі.

Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады. Үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасап үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қауырсын туралы білімін толықтырады;

Игереді: тауық туралы түсінікті;

Меңгерді: қауырсынға үрлеуді.



© 2010-2022