Презентация на тему Адамгершілік қасиеті

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі Пәні « Халық тағылымы » Сынып 8

Сабақтың тақырыбы:Адамгершілік қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың білімдерін жетілдіру

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы :Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен сәлемдесу

-жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақ: Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік - адамның рухани арқауы.

Өзіңе жүктелген міндетті ғана орындау еңбекқорлыққа жатпайды. Еңбек қабілетін толық қолданған адам - нағыз еңбексүйгіш адам.

Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі - ауызбірлік пен ынтымақ. Осы бағдарда өзіндік болмысы қалыптасқан жасты еуропалық мәдениет те, өркениетті мемлекет те, жетілген техника да қорқыта алмайды. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі жанкештілікті, жанқиярлықгы талап етеді.

Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдары болады. Міне, ол - дос адам.

Дос болу дегеніміз адамдардың танысқаннан кейін бір-бірлерімен жай ғана араласуы емес. Дос болу - танысқаннан бастап шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау.

Достық сезім өмірдің өзінен туындайды. Кісі күнделікті араласып жүрген адамдарының ішінен өзінің жанына жақын, өз табиғатымен үндес, өзін сатып кетпейтін, адалдығына шүбә келтірмейтін жанды кездестіреді. Содан онымен өте жақын араласа бастайды. Уақыт оза бір-бірлері арасында мызғымас достық орнайды.

Қорытындылау Достық сезім өмірдің өзінен туындайды. Кісі күнделікті араласып жүрген адамдарының ішінен өзінің жанына жақын, өз табиғатымен үндес, өзін сатып кетпейтін, адалдығына шүбә келтірмейтін жанды

© 2010-2022