Ыбырай Алтынсарин Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. «Бай баласы мен жарлы баласы»

Мына өлең жолдарын кім жазды, қалай аталады?

«Кел, балалар оқылық!» өлеңін айтады.

Ақын не айтпақшы болған? Білім туралы.

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны және «Бай баласы мен жарлы баласы» Білімділік мақсат: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесін жан-жақты талқылау.

Дамытушылық: әңгіменің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушылардың өздік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелік: педагог жазушының халыққа берген тәрбиесін оқушылар бойына дамыту, үлгі ету, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу.

Түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: портреті, эпиграф, тірек-сызбалар, сурет, буклет, кітаптар.

Барысы: Өмірбаянымен таныстыру.

  • 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған.

  • Атақты жазушы, талантты ақын, педагог, балалар әдебиетінің атасы.

  • 1864 жылы Торғайда қазақ мектебін ашты.

Оқушыларға сұрақтар қою, бір оқушы қысқаша өмірбаянын айтып береді.

Көзге арналған сергіту сәтін өткізу.Оқулықты ашамыз, сөздікке қараймыз.

Мұғалім оқиды, оқушылар хормен оқиды, 3 сөзді орысша оқып, олар қазақшасын табады.

Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқиды. Оқушылар оқиды. Әдеби теорияны еске түсірейік.

Балалар тақырыпқа оралайық, әңгіменің қандай ерекшеліктері бар? Қандай жанрға жатады?

Балалар жауап береді, ерекшеліктерін айтады.Ендігі біздің кезеңіміз топпен жұмыс.

Сұрақ: Асан тобына. Бұл әңгіменің негізгі тақырыбы не?

Жауабы: еңбексүйгіштік, қамқорлық, қайырымдылық. Трудолюбие, заботливость, доброта.

Сұрақ: Үсен тобына Негізгі кейіпкерлері кім?Жауабы: Асан, Үсен.

Асан тобына: Асанның іс-әрекеттерін табу.

Үсен тобына: Үсеннің іс-әрекеттерін табу.

Асан

Жылайды

Қарным ашты дейді

Үйрекпен ойнайық дейді

Тал жинады

Ұйықтап қалады.

Үсен

үндемейді

Қылдан тұзақ жасайды

От жағады

Үйректі пісіреді

Ұйықтамайды

Асан тобы: Асанның мінезін жазады.Үсен тобы: Үсеннің мінезін жазады.

Асан

Жалқау

өмірге дайын емес

еш жағдайдан шыға алмайды

Үсен

еңбекқор

тапқыр

өмірге дайын

Әңгіме неге тәрбиелейді?

еңбекқорлыққа

төзімділікке

шыдамдылыққа

тапқырлыққа

қамқорлыққа

өмірге

Оқиғалар

Кейіпкерлердің іс-әрекеті


Асан

Үсен

1


2


3


4


5


6


Шығармашылық деңгей.Ой қорыту стратегиясы. Әңгіме мазмұнын қорытуға арналған тапсырмалар. Оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ұққанын бақылау.

Семантикалық картамен жұмыс.

Үзінді кейіпкерлері

Жыланғанмен еш нәрсе бітпес

Елді жердің ұрысы,далалы жердің бөрісі жаман

Сендердің жұртта қалғандарыңды біліп іздеудеміз

Үйректі тірі ұстап алып ойнайық

Үсен

+

Асан

+

Үсеннің әкесі

+

Малшылар

+

Әр үзінді қай кейіпкердің сөзі екенін сәйкестендіріп, тұсына «қосу» белгісін қояды.

IV. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Сұрақ - жауап арқылы әңгіменің идеясын ашу.

- Балалар, сонымен кімнің әңгімесімен таныстық?

- Әңгіме қалай аталады?

- Саған қай кейіпкер ұнады?

- Бұл әңгімеде Ы.Алтынсарин сендердің қандай болып, кімге ұқсап өскендеріңді қалайды?

- Асан қандай бала?

- Үсен қандай бала?

V. Үйге тапсырма.

а) мәтінді оқып, мазмұнын айту.

© 2010-2022