Cабақ жоспары: Мазмүндама Қазақфильмкиностудиясы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қазақфильм» киностудиясы. 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша білімін бақылау,білім деңгейін тексеру,теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану.
Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыны естуге,есту арқылы өз ойларын жеткізуге баулу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: .

1.Оқушылармен сәлемдесу;

2.Тіл дамыту сұрақтары:- Бүгін айдың нешесі?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

3.Оқушыладың сабаққа дайындығын бақылау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
ІІ. Жаңа сабақ. Мазмұндама «Қазақфильм» киностудиясы. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біз» «Қазақфильм» киностудиясы атты мәтін бойынша мазмұндама жазамыз.

Мәтін «Қазақфильм» киностудиясы.

1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды. 1941 - 1944 жылы Алматы көркемфильмдер киностудиясы көшіп келген "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесті. 1944 жылдан бастап өз алдына дербес Алматы көркем және хроникалы фильмдер кино -студиясы болып құрылды. 1960 жылдан "Қазақфильм" деп аталды. 1984 жылы Ш.Айманов аты берілді. 2000 жылдан бастап Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" Қазақ ұлттық компаниясы деп аталады. "Қазақфильмде" ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары "Атамекен", "Біздің сүйікті дәрігер", "Алдар көсе", "Қыз-Жібек", т.б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғылыми - көпшілік фильмдермен қатар анимациялық фильмдер де түсірілді.

"Амангелді" фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы туынды . "Амангелді" - алғаш дыбысты көркем фильм. "Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. Фильм қазақтың батыры Амангелді мен сарбаздарының ерліктері жайлы баяндалады Қазір бұл картина қазақ киносының "Алтын қорына" кірді

"Қазақфильмде" 100-ден астам фильм түсіріліп, 1000-нан астам шет елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. "Қазақфильм" киностудиясы шет елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіреді.

1. Мұғалім таңдап алған мәтінді асықпай, жағымды дауыспен, салмақпен оқиды.
а) оқушыларға түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіреді.
б) қиын,жаңа сөздерді тақтаға жазады
2. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгендігін анықтауы қажет.
Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінбесе,сұрақ арқылы мәтінді түсіндіру.
Мысалы:

- мәтінде не туралы айтылған?
III. Жоспар құру.
Жоспар:

І.Киностудияның ұүрылуы.

ІІ. "Қазақфильмнің" алғашқы туындысы.
ІІІ. Бүгінгі "Қазақфильм" киностудиясы.

Мұғалім мәтінді екінші рет оқиды. Содан кейін 1-2 оқушы түсінгенің айтып береді.

IV. Мазмұндама жазу.

V. Бекіту бөлімі. Сұрақтар қою арқылы бекіту.

VІ. Үйге тапсырма. Өткенді қайталау

VІІ. Сабақты қорытындылау

-Мазмұндаманы қандай тақырыпқа жаздық?

© 2010-2022