Тест по казахскому языку на тему Қазақстан астаналары (8 класс)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның астаналары

Грамматикалық тақырыбы: Болжалды келер шақ

Мақсаты: 1) білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде

білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту

дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен

байланыстыра білу.

2) дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту,

сөздік қорларын молайту.

3) тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу,

елордамызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық

тәрбие беру.

Әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, топпен жұмыс, іздендіру, деңгейлік тапсырмалар ,

ой қозғау, түсіндіру, «Карусель», «Бес жолды өлең»

Көрнекілігі: , тест, мәтін, слайдтар, сөзжұмбақ, кеспелер

Күтілетін нәтиже: Қазақстан астаналары туралы білетін болады, болжалды келер шақты ажырата алады.Барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

1) "Астана" әнін тыңдау. Балалар біз тыңдаған ән не туралы?

2) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту, күннің жадын жаздыру.

II.Негізгі бөлім.

1) Ой қозғау: Астана (Астана туралы не білеміз?)

Есте сақтаңдар:

"Астана"- парсы сөзі. Көне парсылар қалаға кірер бас қақпаны( табалдырықты ) айтқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді.

«Карусель» әдісі . Сұрақтар:

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Ол қандай ел?

-Тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?

-Қазақстан қандай мемлекет? ( көп ұлтты?)

-Қазақстан қай жерде орналасқан?

-Қазақстанның елбасы кім?

-Ата заңы қашан қабылданды? (1993ж 28.01 екінші рет 1995 ж 30 тамызда)

-Ұлттық ақшасы қандай?

-Рәміздері қандай?

- Еліміздің астанасы қай қала?

-Қазақстанның неше астанасы болды?

Оқушыларды кеспелер арқылы топқа бөлу. (келер шақ етістігі бірінші топ, өткен шақ етістігі екінші топ )

Ендеше, балалар Астаналар туралы өздерің дайындаған постерлеріңді қорғайық.

3) Үй тапсырмасын сұрау: Әр топ өздері дайындаған постерлерін қорғайды.

( Орынбор, Қызылорда , Алматы ,Астана) бұрынғы астаналар туралы әңгімелеу.

4) Астана туралы ойымызды жинақтап ортаға саламыз. ( толықтыру)

5) Мәтінмен жұмыс.

Астана.

Бұл сөзге бүгін қазақ түгіл, төрт-күл әлемнің еті үйренгендей.

Астана сөзі тілге оралғанда шаһар ретінде жаңа-жаңа бойын тіктеп, еңсе көтеріп келе жатқан Елордасы көз алдымызға келе қалады.

Ол - тым жай қала ғана емес. Елорда. Кеше ғана Тәуелсіздігін алып, буыны енді қатайып келе жатқан Қазақ мемлекетінің астанасы.

Астана қазіргі күні көздің жауын алады . Қарап тұрып сүйсінесің , сүйсініп тұрып , әжептәуір шүкіршілік етесің .

Астана - бұл қазақтың мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.

Астана дүниежүзіне мәлім. Мұнда әлемнің талай мемлекеттерінің өкілдері бас қосып, пікір алмасып, өте маңызды шешімдер қабылдап жүр.

Астана - ел мақтанышы. Мұнда қызмет ету де, білім алу да - бақыт.

Астана - жаңа қала, жаңа шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып, ілгері көркейе беретіндігіне сеніміміз мол.

Сөздік жұмысы:

төрткүл әлем-

еңсе көтеру-

буыны қатаю-

мерей-

сенім-

Мәтін бойынша сұрақтар қою;

1-тапсырма. Келешекті болжау. Келешекте Астана қаласы қандай болады?( сөйлемдер құрастыру)

2- тапсырма. «Аудармашы» ойыны

а) Қазақстанның самая первая столица-Оренбург, столицей в 1925-1929 годы была Кызылорда,столицей с 1929 по 1997 год стал Алматы.

ә) Астана стала новой столицей 20 октября 1997 года, за короткое время превратилась в красивый город, собирается стать одним из красивых городов Евразии.

б) Астанада 10 июня прошла праздничная церемония открытия новой столицы, выросли многоэтажные дома и здания.

«Астана-бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде, өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз астаналықтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда»

"...Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің басты символы және қуатты факторы болды. Астана - жаңа Қазақстанның қуаты және оның көп ұлтты халқының біріктірудің қайнар бұлағы".

Н. Назарбаев

«Алты қалпақ» стратегиясы. Астана қаласы туралы

1) «Бес жолды өлең» стратегиясы.

Тест сұрақтары. (әр топ орындап,бірін-бірі тексереді)

1.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

а)Еділ б)Қарасу в)Есіл с)Жайық

2.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:

а)Астана сұлу әрі таза қала б)Астана ұқыпты қала

в)Астана ең сұлу, жас қала с)Астанада сұлу қала

3. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:

а)Астана күшті қала б)Астана-Қазақстанның астанасы

в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана жас қала

4..Астананың туған күні:

а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с)6 маусым

5. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. а) сөйледі б) сөйлейді с) сөйлер

6. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз. а) бара жатыр б) келмекші с) ұғыпты

Астана қаласына тілек айту.

Бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.(топта)

IV. Үйге тапсырма:

« Астана туралы айтылған ойлар» белгілі адамдардың сөздерін жазып келу.

« Мен үшін Астана- ...» шағын әңгіме жазу.

Түйін: Астана қатардағы қалалардың бірі емес. Ол мемлекеттік,

ұлттық әлеумет орталығы. Сондықтан, мұнда ұлттық қоғамдық назардағы адамдар шоғырлануы тиіс



© 2010-2022