Открытый урок по казахскому языкуОқу құралдары

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқу құралдары тақырыбында әр оқушыны өз білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту

Тәрбиелік:оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Қолданылатын әдіс: сөйлесу, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, сұрақ - жауаптар, ойындар.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, флипчарт, мультфильм интерактивті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен сәлемдесу.

-Тізім бойынша түгендеу.

-Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

-Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Тіл дамыту сұрақтары:

  • Балалар - Мақсатымыз - білім алу.

  • Міндетіміз: еңбектену.

  • Сабаққа тілек: денсаулық, жақсылық, сәттілік.

  • Қай жыл мезгілі?

  • Қазір қай ай?

  • Бүгін қай күн? Күн аттарын атап беріңдерші.

  • Қандай сабақ басталды?

  1. Фонетикалық жаттығу.

Қандай әріп жоқ?

Қандай әріп жоқ? Сөздерді дұрыс жазады.

Тақтадағы мультфильмді қарап, Қ дыбысына сөздерді айтады.

2.Өткен тақырыптарды қайталау:

А)сұрақтарға жауап береді?

Открытый урок по казахскому языкуОқу құралдары

-Мынау нелер? -Қандай қалам?-Неше қалам?

3.Үй жұмысын тексеру:

-Қалам туралы айт.

-Сөйлем құрап үйрен.

4. Суреттер арқылы жаңа сөздермен танысады.

Оқушылар жаңа сөздер арқылы, тақырыпты ашады.

Ал, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.

Сөздік жұмысы:

Өтетін сөздердің, мағыналарын түсіндіріп, аударамын.

Оқу құралдары-учебная принадлежность

Аш- открой

Жап- закрой

Кітап- книга

Дәптер- тетрадь

қарындаш- карындаш

қала-ручка

өшіргіш-ластик

сөмке-сумка

сызғыш- линейка

а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.

ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.

5. Сергіту сәті: сергіту жаттығуларын орындайды.

6.Фонетикалық разминка.

7. Балалар, тақтадағы мәтінге назар аударады..

Оқу құралдары

Мен бірінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар:кітап, дәптер, қаламдар , қарындаштар, өшіргіш, сызғыш.Менің оқу құралдарым әдемі, таза және жаңа.

а/Мұғалім оқиды, оқушылар зейін қойып тыңдайды.

ә/Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

б/Оқушылар оқып, аударады.

8.1.Сенің сөмкеңде не бар?Өлеңді мәнерлеп оқушылар оқиды. Оқушылар өз арасында сұхбат жүргізеді.

8.2.Түстерді сәйкестіндіреді

8.3. Сұрақ-жауап жүргізіледі.

8.4.Тақтадағы кестеге мұқият қарап, қандай сан жоқ екенін табады.

9.Бекіту кезеңі:Дәптерге жұмыс: Сөйлемдерді оқып,суретін салу.

10. Жаңылтпашты оқиды.

Сары сызғыш қара сөмкеде,

Қара сызғыш сары сөмкеде.

Жаңылтпашты мәнерлеп оқып беремін. Оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды, аударады.

11. Сандықтың ішіндегі жұмбақтарды шешу ойыны.

12.Рефлексия: суреттер бойынша сөйлеу.

13. Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағаланады:

Үйге тапсырма: 100 бет, 5 тап.



Сабақтың сараптамасы:

Сабақтың әдісі: оқу, сөйлесу, сұрақ-жауап,.топпен,жұппен,жеке жұмыстар болды

Оқу құралдары тақырыбында әр оқушыны өз білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетеленді. Оқушылардың ой-өрісі,сөздік қоры, тіл байлығы, тілі дамытылды.Оқушылар әдептілікке тәрбиеленді.

Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларымен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіріп , оқушылармен сұхбаттасу болды.Тіл дамыту арқылы психологиялық дайындық болды.

Фонетикалық тапсырмалар арқылы өткен тақырыптарды тексеріп, бекітіп,алған білімдері жақсы екені анықталды. Барлық оқушылар сұрақтарға жақсы жауап берді. Қандай әріп жоқ екенін ажыратып сөздерді дұрыс жазады. Интернактивтік тақтадағы мультфильмді қарап, Қ дыбысына сөздерді айтады. -Мынау нелер?

-Қандай қалам?-Неше қалам? деген сұрақтарға оқушылар тез жауап береді.

Үй жұмысының тапсырмаларын орындайды . Қалам туралы тақпақтар, сөз тіркестер, сөйлемдер, мәтіндер жатқа айтылады. Сөйлемдерді дөңгелектер арқылы құрап үйренді.

Оқушылар жаңа сөздер арқылы, тақырыпты ашады.Оқушылар қабілеттері әр түрлі болғандықтан деңгейлік тапсырмалар берілді, өте жақсы, тез қызыға бір-бірімен жарысып орындады.

Жаңа тақырып бойынша интерактивтік тақтадан, мәтінмен, тапсырмалармен, суреттермен оқып, көріп танысты.

Жаңа тақырып бойынша суреттермен сөздік жұмысы қызықты өтті.Сенің сөмкенде не бар? деген сұраққа тез , қызыға жауап берді. Жаңа сөздерге фонетикалық разминка болды, оқушыларға ұнап, сергіту сәтімен қуанышты аяқтады.

Бекіту кезеңінде әр түрлі қарандаштарды жазылған түстердің аттарымен сәйкестендіріп,сұрақ -жауап арқылы оқушылардың ой-өрісі дамытылды. Тәрбиелік жағынан тапсырма орындалып, рахмет сөзін естеріне сақтап қалды.Оқу құралдарына байланысты жұмбақтар шешіліп,жаңылтпашты оқып, тілдерін жаттықтырды.. Оқу құралдар туралы алған білімдерін тереңдетіп, дүниетанымдарын кеңейтті.Оқушылардың сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамытып, сөздік қорын арттырып, өз ойын нақты жеткізе білуге үйретілді, оқушының дүниетанымын және ойлау қабілетін дамыта оқытылды.

Аралас сабақ өткізілді, жаңа технологиялардың элементтері сабақта қолданылды.Олар: көпдеңгейлі оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясы,жаңа ақпараттық- компьютерлік технологиясы.Қойылған мақсатқа оқушылар жетті.Өте жақсы, жақсы деген бағалармен оқушылар бағаланды.Уақыт тиімді пайдаланды , оқушыларға сабақ ұнады.


© 2010-2022