- Преподавателю
- Другое
- Ашық сабақ Аңыз әңгімелер. Асан қайғының жерұйықты іздегені
Ашық сабақ Аңыз әңгімелер. Асан қайғының жерұйықты іздегені
Раздел | Другое |
Класс | 5 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Жумадилова Г.С. |
Дата | 05.03.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
5- сынып | Қазақ әдебиеті | |
Сабақ тақырыбы | Аңыз әңгімелер. Асан қайғының Жерұйықты іздегені | |
Сілтеме | Оқулық. Нұсқаулық | |
Жалпы мақсаты | Оқушыларға аңыз - әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету. | |
Оқыту нәтижесі | Аңыз туралы мәлімет алады.Өз ойларын еркін жеткізеді.Шығармашылықпен жұмыс істейді. | |
Негізгі мақсаты | -Өз бетінше ізденуге бағыттау -Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру -Бір-бірінің пікірін тыңдауға үйрету -Формативті бағалауды меңгерту | |
Кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе | Шаттық шеңберін құру. Қаланың, судың, таудың аттарын жазу арқылы топқа бөлу. | Топқа бөлінеді. Шеңбер бойымен тұрып, әркім өзінің жақсы қасиеттерін айтады;
|
Білу | Топпен ойтолғау жазу | Әр топ өзінің бөлінгеніне қарай (қала, су, тау) ойтолғау жазады. Топпен бағалау |
Түсіну | Жаңа сабақ. Қазақ аңыз әңгімелеріндегі кейіпкерлер кімдер?Асан қайғы дегеніміз кім? Оқулықпен жұмыс. «Асан қайғының жерұйықты іздегені» топпен оқыту, тақырыбы мен идеясына талдау жасау. | Мәтінді топпен оқиды. Тапсырмаларды орындау. 1-топ: Асан Сәбитұлының тарихта болғаны 2-топ: Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы 3-топ: Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы Топпен бағалау |
Қолдану | Оқулықпен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. «Жерұйық» тақырыбын ашу. Топтық жұмыс. Эссе жазу.
| Мен былай бастар едім. «Асан атамның» жолын жалғастырғым келді. Қазақстанның үлкен картасын қолыма алдым. Міне, мына қоныстағы ағайындар су тапшылығын көріп отыр, мына жер атом жарылысының азабын шегуде...» Топты бағалау. |
Сергіту сәті | Қызыл өрік | Оқушылар билейді. |
Талдау | Кубизм | Әркім Асан қайғының сол жер туралы айтқан сөзін түсіндіріп өтеді. Топты бағалау |
Жинақтау | Мәтіннен көркем сөздерді пайдаланып «Жерұйық» сөзінің мағынасын ашу. | Әркімнің туған жері Жерұйық. Постерде жазады.Ойларын жинақтап, қасиетті,киелі туған жерлерін өз ойларымен дәлелдейді.Топпен бағалайды |
Бағалау | Бір-бірін бағалау. Топпен бағалау | Бір-бірін бағалайды.Топпен бағалау |
Рефлексия | Кері байланыс жазу. | Кері байланыс жазады. |