Урок по казахскому литература Қалқаман - Мамыр поэмасы (8 класс)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, бағалау парағы

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг « Көңіл күйіміз қандай?»

ІІ. Үй тапсырмасы:

Сыныпты 3 топқа бөлу. Төмендегі тапсырма бойынша әр топтан оқушылар өз ойларын айтады.

І. Шығармашылық жұмыс «Мен ақылмын», «Мен қайратпын», «Мен жүрекпін»

ІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

3 топқа бірдей кеспе қағазы таратылады, оқушылар жауап береді және өзара топ бір бірін тексереді.

Кеспе қағазы

  1. Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай атамыз кімдерден алған? (Ұлжан, Зере)

2. Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? (Ибраһим)
3. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845)

4. Құнанбай қандай адам болған? (Шешен, ақылға бай, қажы, болыс)
5. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы» Қай өлеңнен үзінді? («Өлең - cөздің патшасы, сөз сарасы»)
6. Әбдірахман кім, оған арнаған өлеңі қалай аталады? (Ұлы, «Әбдірахман өлгенде»)
7. Абайдың неше қарасөзі бар? (45)

8. «Он жетінші қарасөзінде» «Ақыл, қайрат, жүрек» кімге келіп жүгінеді? (Ғылымға)

ІІІ. Жаңа сабақ.

І. «Ой қозғау»

1. Абай атамыз неше ағайынды? (жеті, Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жастай қайтқан), Ысмағұл)

2. Абайдың ізін жалғастырған ақын інісі кім? Ол кімнен тараған ұрпақ? (Шәкәрім, Құдайбердінің ұлы, Абайға немере інісі болады)
Ендеше бүгінгі сабағымыз Шәкәрім Құдайбердіұлына арналады. Шәкәрім атамыз туралы не білеміз?

Жаңа сабақ үшін бағалау парағы ұсынылады.

ІІ. Мағынаны тану.

Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ, Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір ғұлама ақынға берілген әділ баға. Шәкәрім атамыз Абай ағасының ақындық дәстүрін жалғастырып, сол заман шындығын тап басып суреттей білген. Сол шығармаларының бірі «Қалқаман Мамыр» дастаны.
Балалар, үйден мазмұнымен танысып келдіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік.

  1. Оқиға қай кезеңді суреттейді?
    (Поэма тарихи шығарма. Ақтабан шұбырынды оқиғасының алдында 1722 ж. болған).

  2. Оқиға кейіпкерлері кімдер? (Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр, Көкенай)

  3. Осы аталған кейіпкерлердің арасында туыстық байланыс қандай? (Кішік, Мәмбетей ағайынды бір туғандар. Кішіктен: Әнет, Әйтеке. Әйтекеден: Олжай, Байбөрі, Қалқаман. Мәмбетейден Мамыр.
    Қалқаман мен Мамыр немере ағайынды)

  4. Поэмада Мамыр қалай суреттеледі? (Байдың ерке шора қызы. Қыз деп әкесінен батып айта алмайды. Қалқаманмен жылқы бағып жүріп кездесіп, бір бірін ұнатады)

  5. Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастырған оқиға не еді? (Сәмеке деген хан қалмақты жеңіп елді жинап той жасайды. Сол тойға тобықты елі тегіс шақырылады. Үлкендер кеткеннен кейін жастар бастаңғы жасайды. Осы бастаңғыда Мамырдың Қалқаманға айтқан жұмбағы (кездесуге шақырады, өзіне құда түсетінін айтады. Ұнатысқан екі жас алып қашуға бел байласып, қашады)

  6. Осы жерде Әнет баба қандай кейіпкер болып танылды? (ел бірлігін ойлаған, ақылды, жанашыр бейнесінде көрінеді. Қалың малды аямайды, бірақ Көкенай мен Мәмбетей көнбей қояды)

  7. Көкенай кім? (Мәмбетей елінің батыры, ел ағасы, салт дәстүрді қатаң ұстанушы, қатыгез жан. Үйін сағынып, төркіндеп келген Мамырды атып өлтіреді. Мамырдың өз қанымды кештім, Қалқаманды өлтіре көрме, екі адамның қанын мойныңа жүктеме» дегеніне қарамайды. Әнет бабаға кісі салып, ақыры туыстықтан кетеміз деп көндіреді )

  8. Жыр оқиғасы немен тынады? (Көкенай Әнет бабаның шешімімен Қалқаманды жүйрік атпен шауып өткізеді, сол кезде Көкенай мергендігі рас болса, Қалқаманды атып түсіруі керек. Екінші рет оқ атылмайды. Садақ жебесі Қалқаманның санына тиіп, аман қалады. Мамырды өлтіріп, өзімді оққа тіккен елде қала алмаймын деп, өкпелеп елден кетеді. Ұлы жүздегі нағашысы Еділбайға Бұхараға кетеді. Сол жақта жүріп үйленіп, қазірде солардан тараған ұрпақ ұлы жүзде деген дерек бар).Мазмұнын жүйелеп шықтық.

Топтарға тапсырма

І топ тапсырмасы.

Поэманың композициялық құрылымын жаса

1. Оқиғаның басталуы. Кейіпкерлерді автордың таныстыруы.
2. Оқиғаның дамуы. Қалқаман мен Мамырдың бір - бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы.

3. Шарықтау шегі. Екі жастың серттесіп қалуы
4. Шиеленісуі. Бірін - бір ұнатқан екі жастың қосылуы. Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы
5. Оқиғаның шешімі. Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі.

ІІ топ тапсырмасы.

Поэмадағы салт дәстүрлерді тап және бүгінгі өмірмен байланыстыр.
(қыз айттыру, бастаңғы, құда түсу, қалың мал, жақыннан қыз алмау, бата беру, уәдеге беріктік)

ІІІ топ тапсырмасы.

Өлең құрылысына талдау жаса.

Тақырыбы: «Қалқаман Мамыр»

Идеясы:
Шумақ: 62

Ұйқас: қара өлең ұйқасы

Тармақ: 278

Бунақ: үш бунақ

Буын саны: 11

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.

І топ: Қалқаман мен Мамырға мінездеме бер

ІІ топ: Әнет бабаға

ІІІ топ: Көкенайға

Ой толғаныс

Жеке жұмыс

«Автор орындығы» стратегиясы.

Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па, бұрыс па?
Жақтаушы топ жауабы: Иә, мен Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар - адал махаббат иелері. Бірін - бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт тіледі. Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп ойлаймын.

Даттаушы топ жауабы: Жоқ, бұл пікірге қосыла алмаймын. Олар бірін -бірі ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын.

Рефлекция. «Бүгінгі сабақтан...» (түйінді өлеңмен немесе екі ауыз сөзбен айту).

Сабақ түйіні ұстаз көзімен: «Ата салтын аттауға да болмас,

Жүрек қалауын тастауға да болмас»

Оқушылардың білімін бағалау .
Үй тапсырмасы. Шығарма «Егер мен Қалқаман болсам...»

© 2010-2022