Стихотворения собственного сочинения по казахской литературе

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Стихотворения собственного сочинения по казахской литературе

Бағила Балмашева ақын.

Торғай аграрлық-техникалық

колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы.








Менің халқым осындай

Сөз сөйлесем, халқым жайлы тосылмай.

Мүмкін емес тұруыңыз қосылмай.

Жомарттықтан жан салмаған алдына,

Жайсаң халық менің елім осындай.

Бабалардан ұлағаты бар көрген,

Салт-дәстүрмен, рухани нәр берген.

Мейманына мейіріммен ізет қып,

Дастарханнан дархан елміз дәм берген.

Өнерпазы бейне бұл -бұл сайраған,

Той мен думан, бәйге алаңы айналам.

Еңбекқор ел сірә мұндай жоқ шығар,

Қырманында қызу еңбек қайнаған?!

Жақсы сөзді жарым ырыс санаған,

Қиындықта қажетіңе жараған.

Құлынында қылығымен танылып,

Менің халқым- алып туған анадан.

Ақ батасын алған ата-бабамның,

Ақ ниетпен аттаған әр қадамын.

Менің халқым- мейірімнің бұлағы,

Сол бұлақтан жасыра алман нәр алдым.

Бір анық

Өмір заңы түсінгенге бұл анық

Қабылдаңдар бұл ойымды құба-құп.

Өзгерте алмас өртейтұғын өзекті

Ей пенделер, бар біліңдер бір анық.


Айтпасамда жария ғып сұранып,

Көкейімде тұрады ылғи бұл анық

Бар адамға жалған мынау дүние

Еш дауасыз түсініңдер бір анық.


Аспанға ұшып, айға қолың жетсе де,

Бар ғұмырың сауықпенен өтсе де.

Бұл анықтан аттап кете алмайсың

Ақиқатты ашып айтсам кектенбе.


Байлық жиып, алтын сарай салсаңда,

Жердің жүзін жеке қылып алсаңда,

Дәрменсізсің бұл анықтың алдында

Жалынсаңда, түссеңде бос сарсаңға.


Бұл аныққа келмес ешкім шамасы,

Қылатын жоқ ешкімнің де шарасы.

Таусылатын күн туады дәм-тұзың

Осыны біл ей, адамның баласы.


Әжем айтқан ертегі.

әжем айтқан есімдегі ертегі

Бала кезден өзегімді өртеді.

Осы ертегі намысымды қайрады

Осы ертегі әкелген де пайданы.


Тентек едім істейтін өз дегенін,

Таусылмайтын шығаратын өнерім.

Әжем кетсе бүлдірмейтін нәрсем жоқ

Бар бүлікті шығаратын мен едім.


Әжем кетсе үйде босқа жатпадым,

Белгілі ғой істер кәсіп тапқаным.

Құмалақ қып бал ашатын өрігін

Әлі есімде іздеп тауып шаққаным.


Әбігерге салған кезім мол анық,

Тәтілері үлес болған тоналып.

Сандықтағы маталарын қопарып

Киім тіктім, үнділік боп оранып.


Жасырмақпын енді несін расымды

Күйдірген де кезім болды басымды.

Тістеуікпен шегені отқа күйдіріп,

Бұйралағам сәндік қуып шашымды.

Айырмайтын баламын дос-дұшпанды,

Тентектің қылығы енді қысқарды.

Көргенім бар ін алдынан сығалап,

Мен жағыма қарап тұрған тышқанды.


Әжем келді ашып үйдің есігін,

Сықырлатып жайсыз тұрған көсігін.

Баяндадым болған жайды әжеме

Білу керек не де болса шешімін.


Сабырлы бір күйге енді күлмеді,

-Ал ендеше ақиқатты біл-деді.

-Оқымайсың сабағыңды тентексің

Саған тышқан үйленгелі жүр - деді.


Жалғастырды сөзін әрі жайланып,

Ал мен аң-таң тұрмын тілім байланып.

-сабақ білмей бұзықтықты қоймасаң,

Тышқанға сен кетесің ғой айналып.


Осылайша мазамды әжем қашырды,

Тентектік те әжептәуір басылды.

Тышқан жайлы ертегінің жалғасын,

Кешке айтып тағы айласын асырды.


-оқу керек білім керек кісіге,

Осы сөзді тыңдау керек түсіне.

Оқымаған тентек болған бар жандар

Айналады тышқанға - деп кісілер.


Осы сөзге арта берді сенімім,

Сенімімнің қарасаңшы берігін.

Ертек кітап алуан түрлі алдырып,

Сол ермегім болған енді серігім.


Жалған айтып асырса да айласын,

Қор болмауды деді ме екен ойласын.

Тентектікті осы ертегі тыйдырып,

Болашаққа әкелгендей пайдасын.


ұйқым қашып, қаншама түн ойладым,

ойларымның шығарғанмын ойранын.

Жақсы оқимын, тышқанға жар болмаймын,

Деп өзімнің намысымды қайрадым.


Болса дағы тағы табар ермегім,

Мүмкін болмай бұл іске мән бермеуім.

Әжем айтқан тышқан жайлы ертегі,

Бұзып-жарды тентектің шеңгелін.




© 2010-2022