Қазақ тілі пәнінен сабақ тақырыбы: Туған жерімнің табиғаты

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Туған жерімнің табиғаты

Қазақ тілі пәні

Сілтеме

Күнтізбелік -тақырыптық жоспар 8 -сынып.

Жалпы мақсаттар:

  • Алдыңғы өткен сабақтарын еске түсіре отырып жаңа тақырыпқа бағыттау;

  • Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау;

  • Оқушыларға туған жерімнің табиғатын, олардың адамдарға керек ерекшелік тері туралы білім алу, мақсатқа жету, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге арттыруға, тұлға ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлу;

  • Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу;

Күтілетін нәтижелер:

Табиғат туралы жан-жақты болу және сабақта талдау, көз жеткізу.

Негізгі идеялар:

Есте сақтау: Жаңа лексиканы қолдана білу және ақпаратты есте сақтау;

Оқу қабілеті: Туған жерімнің табиғаты мәтінін оқу;

Пікір талас: Табиғатты қорғау керек тақырыбын қоршаған ортамен салыстыру;

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, 8-сынып оқулығы, смайликтер, бейне слайдтар, перфокарталар.

Тапсырмалар, жаттығулар:

Оқушылармен амандасу. Кезекшіден сыныпта кім жоқ екенін тексеру. Содан оқушыларды топтарға бөліп отырғызу. (2 мин).

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары. (10 мин). Сұрақ-жауап.

Сынып үш топқа бөлінеді, әр топқа 4 -5 оқушыдан. Түрлі -түсті парақтар арқылы бөлдім. Олар сәйкес келетін тапсырмаларды таңдап, дайындалып жауап береді.

«Табиғат» тақырыбына әр топқа перфокарталар беріледі. Осы мәтінді оқып, оның негізгі идеяларын топтаса отырып, түсінгендерін кластерге сурет арқылы салады. Топтар бір-біріне сұрақ жауап қойып, жауаптарын өзара бағалайды.

І тапсырма.

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат дегеніміз - жер, су, күн, жаңбыр, әдемі гүлдер, теңіз, дала.

Табиғаттың құбылыстарын көруге бола ма?

Иә, олар аққан жұлдыздыр, қымбат тастар, жарқылдаған найзағайлар.

Табиғатты қорғау дегеніміз не?

Табиғатты қорғау дегеніміз - адамның өзін-өзі қорғауы деген сөз.

ІІ тапсырма.

Қазір сендерге перфокарталар беріледі. Сөздерді теріп жазыңдар.

Адам, әдемі, қысқы, ертең, сендер, жасыл, біз.


Зат есім

Сын есім

Есімдік

Үстеу

Біз бүгінгі сабағымызда табиғат туралы айтамыз. Топпен жұмыс жасау.

І топ. Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі гүлдер, сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қаласың. (тексеру сұрақтарына топпен ақылдасып жауап беру)

ІІ топ. Туған жер! Біз үшін әрбір тасың, әрбір аң-құсың, гүлің ыстық әрі қымбат деп айтамыз. Біз үшін күнің қымбат, көк аспаның қымбат. (тексеру сұрақтарын оқып шығып, оны дәлелдеу)

ІІІ топ. Біз сенің сары алтын күзіңді, ақ мамық қысыңды сүйеміз. Сол себепті біз туған жердің табиғатын көркейтеміз. (топпен талқылау, жуан-жіңішке сұрақ қою). Әр топтан көшбасшылары шығып сөйлеуі. (10 мин)

Интерактивті тақтамен жұмыс: Мақал-мәтелдер сайысы.

Негізгі идеяларды түртіп алу. 2 мин.

Рефлексия. Аяқтаңыздар: « Мен білемін…», « Мен білдім…», « Білгім келеді…» (5 мин).

Қорытынды шығаруға жетелеу.

Оқушылардың өзара бір-бірін смайликпен бағалауы

Қорытындылау

Келесі тапсырмалар:

Үй тапсырмасы. Эссе жазып келу. 1 мин

Оқуға арналған тапсырмалар:

Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер жазып, жаттау.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

«-»

«+»

ЖИГСО стратегиясын бойынша білімімді толықтыру керек екендігін түсіндім



© 2010-2022