Артық болмас білгенің. .. Сырмақшылық жөнінде

Сырмақшылық жөнінде.       Сырмақшылық – халқымыздың дәстүрлі қолөнерінің бірі. Ол халқымыздың тұрмыс тіршілігінің, шаруашылық ерекшелігінің қажетіне сай аналарымыз бен апаларымыздың ақыл парасатынан, еңбекшіл іскерлігінен, көркемдік талғамы мен әсем өнерлік шеберлігінен туындаған аса құнарлы ұлттық өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден-бір жарасымды жабдық.      «Сырмақ» сөзі – «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымақ» болып айтылып, кейін келе «ы»әрпінің түсіп қалуынан «...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сырмақшылық жөнінде.

Сырмақшылық - халқымыздың дәстүрлі қолөнерінің бірі. Ол халқымыздың тұрмыс тіршілігінің, шаруашылық ерекшелігінің қажетіне сай аналарымыз бен апаларымыздың ақыл парасатынан, еңбекшіл іскерлігінен, көркемдік талғамы мен әсем өнерлік шеберлігінен туындаған аса құнарлы ұлттық өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден-бір жарасымды жабдық.

«Сырмақ» сөзі - «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымақ» болып айтылып, кейін келе «ы»әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып қалыптасқан. Осы «сырмақ» сөзінің өзі-ақ, сырмақтың сыру арқылы жасалатындығын түсіндіреді, әрі осы сөзден сырмақтың алғашқы нұсқасын да көз алдымызға елестету қиын емес.

Кесек киіздер, текеметтер сол замандарда алғашқы қажеттікті өтегенімен, қоғамдық құрылымның біртіндеп дамуы мен тұрмыс мәдениетінің қалыптаса түсуіне сай, тазалыққа тиімсіз, тұтынуға епетейсіздігі байқалған. Адамдар санасындағы талғам-талап, қажетсінудің қолөнерге ықпал етуімен, қолдануға ыңғайлы, жеңіл-желпі, әрі көркем төсеніштер туындады. Осылайша сырмақ пайда болды. Сырмақтың өмірге келуіне күнделікті өмірдегі қарапайым нәрселер себеп болса керек. Мәселен көнерген, киіздерді қабаттап төсену, одан соң оны қобырай бермеуі үшін қабаттап көктеу. Осыдан бара-бара қабаттауды белгілі пішінге келтіріп, ықшамды етіп төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге, одан сыруға өзгерткені мәлім. Сөйтіп алғашқы сырмақ пішіні қалыптасқан. Бұл сырмақтар алғашында, әрине орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кезгі таңба белгілер, нанымдар бойынша өрнектер түсірілді. Мәселен ашамай +, х белгі, күн пішіні т.б. Осыларды айналдыра сыру тәсілі қолданылды.

Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.

1. а). Жабудың сыруы. 1. б) Түйе үстіндегі жабулар мен күн бейнесіндегі сыру.

Сырулар кейін қабат киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап қабаттарын беріктеп, сырудан түскен сызықтарға сәйкесті сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан табиғи төртбұрыш шығарылды. Айталық, сырмақ астына салынады. Ол сыздан, ызғардан қорғайтын қалың болуы керек. Ол әрі берік болуы үшін кемеліне келтіріп сырылуға тиіс. Оның үстіне , ол адамдардың талғамдық өрісіне сай көркемделуі тиіс. Заманның жағдайына байланысты тек екі түрлі (ақ, қара) жиек пайдаланатындықтан сырмақты тұтас істеу дағдысына өзгеріс енгізілді. Бұндай сырмақ жасау тәсілі саралана келе қазіргі тұрмыста қолданылып отырған ортасы , екі жаны, екі басы бар дәстүрлі сырмақ үлгісі қалыптасты.

Кейінгі бояушылық өнерінің жарыққа шығуы мен жүн бояу, киіз бояу, жиек бояу техникасы біріктірілді де, сырмақтар тіпті де алуан жиектермен безендіріліп түрлене түсті және боялған жүндерден алуан түсті, алуан өрнекті дәстүрлі сырмақтар жасалды.

Осыдан бастып сырмақтың ою-өрнегі, істелу мәнерінде сапалық өзгеріс туыла бастады. Ол дәуірлер бойы айшықталып түрлене түсті. Бүгінгі таңда халқымыздың Тұрмыс өресі жоғарылады. Кілемге бергісіз алуан пішінді әсем сырмақтар әр үйдің төрінде көз жауын алып, жайнай түсуде. Сондай-ақ сырмақтар пайдалану орнына , материалына, істелу әдістеріне қарай алуан түрге бөлінді.

Сырмақ қалай жасалады.

Қандай сырмақ істеу қажет болса да біріншіден, сырмақ киізі ақ киіз және астар киіз болуы шарт. Ойыстырылатын сырмақ үшін ақ және қара киізден тыс басқа да бояулы киіздер қажет. Одан басқа қайшы, пышақ, шуда жіп, тебен, оймақ, жиек, ою сызатын бор, қарындаш, өлшегіштер қажет.

Оюлы сырмақ жасалатын болса, жоғарыда айтылған дүниелерден басқа кездемелер, балбарқыт, шибарқыт, шұға, т.б. кездемелер сырмаққа жетерлік етіп дайындалады.

Жаңаша кілем пішініндегі сырмақтар ою арқылы ойылып жасалады. Сырмақты - шебер сызушылар, оюшылар сызады., ояды. Егер ондай адам табылмаса ою үлгілері салынып ойылады. Бұндай үлгілерді картон қағаздарынан жасауға болады. Бұл үлгі - сырмақ оюының бір табақшасының жартысынан жасалады да, осы үлгіні қалаған бағытта төңкеріп салып отырып, сырмақ оюы сызылады.

Сырмақ түрлері.

Сырмақтар ұсталатын орынына қарай аталды. Олар: от киіз, от басы сырмағы, тізе сырмақ, маяуза сырмақ, төр сырмақ, іргелік, аяқжол т. б. деп аталады.

От киіз. Көшпенді өмір кешірген халқмыз киіз үйлерінің ортасына от жағып, ошақ қойып тамақ асып, мосыға шәугім іліп, шай қайнатып, ас-су дайындады. Таулы өңірлерде түнгі салқында, күз, қыс, көктем мезгілінде ортаға отты мол жағып, от басын айнала, қоралана отырып, отқа жылынып, тамақтанатын болған. Міне осылай отыру үшін от басына төсеніш қажет еді еді. Кейін келе о басына, үй ішіне лайықталып, дөңгелентіп киіздер жасалды.Бұл киіздеротқа ең жақын салынатындықтан «от киіз» болып аталды. Кейін киіздерді сырып, жиектеп, оюлап, сәндеп жасау қалыптасты. Бұл «от басы сырмағы» болса да «от киіз» деп атау қалыптасты.

Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.

Ойыстырылған от киіз сырмағы

Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.

Сұпы киіз (от сырмақ).

Төр сырмақ. Төр сырмақ төрге төселетін сырмақ болғандықтан өте әсем жасалады. Төр сырмақтар әдетте киіз үйлердің төріне үнемі салынбайды. Ол шиыршықталып алып қойылады да сыйлы меймандаркелгенде төрге төселеді. Үстіне көрпе салынады. Төр сырмақтар әдемі етіп жасалуымен бірге көлемі де үлкен жасалады. Ықшамдары 200 см не 250 см болса, үлкендері 300-ден 600 см-ге дейін жасалады.

Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.

Жартысы кілемше төр сырмақ. Қос желілі төр сырмақ.

От басы сырмағы. Киіз үйдегі о киіздердің үстінен және бір қабат сырмақ салынады. Үнемі төселетін бұл сырмақтар «от басы сырмағы» деп аталады.От басы сырмағы от киіздердің үстінен от басынан шегіндіріп салынады.

Киіз үйде қазан жақтан отағасы төсегіне дейінгі аралаққа от басы сырмағынанүшке дейін, төр жаққа отағасы төсегінің алдынан жалғастыра үш сырмақ, яғни оң жаққа екіден үшке дейін сырмақ орналасады. Бір үйде от басы сырмағынан 5-9-ға дейін болуы қажет.

Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.

Ойыстырылған от басы төр сырмағы. Маяуза сырмақтар.

Маяуза сырмақтар. Маяуза аң терілерінен жұмсақ етіп илеп, кейде астарлап істелетін төсеніш.

Кей отбасылары маяузаның орнына жұмсақ ақ киіздерден бастырып, асыл кездемелермен қаптап ықшам сырмақ жасайды. Бұны «маяуза сырмақ» деп атайды. Маяуза сырмақтың 4 бұрышты, ұзындау екі бүктеп салатын, дөңгелек, сопақ, әр түрлі пішінде жасалған түрлері болады. Ол қалай жасалса да жамбасқа жұмсақ болуы керек.

Тізе сырмақ. Тізе сырмақ - отбасы адамдарының екі бүктеп салып отыратын төсеніші. Қазан жақтан отағасы төсегі алдына дейін тізе сырмақтан бірнешеуі төселеді. әрбір отбасы мүшесінің өз сырмағы болады. Бұл сырмақтарды көбінесе әйелдер қол ісін істегенде орнынан жылжытуға ыңғайлы болғандықтан жиі жиі пайдаланады.

Қазақ әйелдері үй ішінде үнемі бір тізерлеп отыратындықтан және сырмаққа тізелері көбірек тиетіндіктен «тізе сырмақ» атанған. Тізе сырмақтар от басы сырмағының үстінен салынады. Олар алуан пішінде шаршы, төртбұрыш, дөңгелек, ұзыншақ т.б. түрде жасалады.

Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.Тізе сырмақ.

Төсек сырмақ. Төсек сырмақ төсек үстіне салынады. Төсек сырмақтар кестелі, оюлы, ойыстырылған алуан өрнектіболып келеді де, ол тек төсекке ғана салынатындықтан төсек бойы етіп ені 90-110 см, ұзыны 200 см етіліп, қос кісілік кереуеттерге ені 130 см-ден 150 см-ге дейін келетін сырмақ жасалады.

Оюлы сырмақ. Оюлы сырмақ - қызыл, жасыл, кездемелерден ою ойып, осы оюды сырмаққа ақ киізге, басқа да әр түрлі боялған киізге, кездемелерге жапсырып тігу арқылы жасалған сырмақ. Оюлы сырмақ киізбен астарланып қалың кездемелерден, қызыл матадан ойылады..

Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.Оюлы сырмақ.

© 2010-2022