Сабақтың тақырыбы: 5-сыныпқа қазақ тілінен тест жұмысы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов

5-сынып

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар ?

А. Тоғыз

В. Бес

С. Он

Д. Жеті

Е. Сегіз

2. Зат есімнің сұрағын көрсетіңіз ?

А. Не істеді? Қайтті?

В. Кім? Не ?

С. Неше? Нешеу?

Д. Қандай? Қай?

Е. Не істеді? Қайтті?

3. Жалқы есімді табыңыз ?

А. Талдықорған

В. Жетімдер

С. Адамдар

Д. Балалар

Е. Әлем

4. Жалпы есімді табыңыз ?

А. Шолпан

В. Емхана

С. Айымгүл

Д. Теміртау

Е. Қазақстан

5. Туынды зат есімді табыңыз ?

А. Наубайхана

В. Азық-түлік

С. Қант

Д. Сәбіз

Е. Нан

6. Күрделі зат есімді табыңыз ?

А. Білім

В. Қала

С. Кемпірқосақ

Д. Әділдік

Е. Домбырашы

7. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз ?

Қырғауыл - құстың жаманы.

А. Бастауыш

В. Баяндауыш

С. Анықтауыш

Д. Толықтауыш

Е. Пысықтауыш

8. Негізгі сын есімді табыңыз ?

А. Сайыс

В. Орындық

С. Әдемі

Д. Таулы

Е. Тасты

9. Туынды сын есімді табыңыз?

А. Тарихшы

В. Ұйқышыл

С. Қызық

Д. Әдемі

Е. Өте ірі

10. Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінетінін көрсетіңіз ?

А. Сапалық, қатыстық

В. Негізгі, туынды

С. Дара, күрделі

Д. Қос сөз, біріккен сөз\

Е. Қысқарған сөз, тіркесті сөз

11. Сапалық сын есімді табыңыз?

А. Жұмсақ орындық

В. Таулы аймақ

С. Егінді алқап

Д. Тасты жер

С. Орманды өлке

12. Қатыстық сын есімді тіркесті табыңыз ?

А. Балалы үй

В. Ұзын ағаш

С. Алғыр бала

Д. Әдемі қыз

Е. Жасыл орман

13. Сын есім құрамына қарай қалай бөлінетінін көрсетіңіз?

А. Сапалық, қатыстық

В. Негізгі, туынды

С. Дара, күрделі

Д. Біріккен сөз,қос сөз

Е. Қысқарған сөз, тіркесті сөз

14. Күрделі сын есімді табыңыз?

А. Көгілдір

В. Жап-жақсы

С.Тарлау

Д. Әдемілеу

Е.Ақшылт

15. Есептік сан есімді табыңыз?

А.Оныншы

В. Он бес

С. Он-оннан

Д. Бес-бестен

Е.Жетеу

16. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсетіңіз?

А. -ыншы,-інші

В. -даған,-деген

С. -ау,-еу

Д. -дау,-деу

Е. -лау,-леу

17. Жинақтық сан есімнің саны?

А. 5

В. 7

С. 9

Д. 8

Е. 6

18. Сапалық сын есімді көрсетіңіз?

А. Шоқпардай

В. Еріншек

С. Әдемі

Д. Ақылды

Е. Таулы

19. Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

А. Біріккен түрінде

В. Бірге

С. Бөлек

Д. Үтір арқылы

Е. Қысқарған түрде

20. Емле бойынша дұрыс жазылған есімдікті табыңыз?

А. Әлдеқайда

В. Әлде не

С. Еш теме

Д. Кімде кім

Е. Кей бір

21. Бастауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз?

А. Мұғалім дәптерді бес-бестен үлестірді.

В. Алты - үшке қалдықсыз бөлінеді.

С. Биыл молшылық болады.

Д.Мен он төрттемін.

Е. Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.

22. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз?

А. Өз елім

В. Менің елім

С. Ел мен жер

Д. Ел іші

Е. Бұл ел

23. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз?

А. Сап-сары

В. Кішкене

С. Сарырақ

Д. Бозғылт

Е.Күзгі

24. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.

Сөмкені 2 ден көтеріңдер.

А. Дефис

В. Қос нүкте

С. Сызықша

Д. Нүкте

Е. Үтір

25. Орынбасар сөзді көрсет?

А. Зат есім

В. Үстеу

С. Есімдік

Д. Сан есім

Е. Сын есім



© 2010-2022