Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың зергерлік өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ұлттық мұраларын таныстыра отырып, зергерлік бұйымдар мұражайына саяхат жасау. Жаңа технология бойынша оқыту жүйесі арқылы көне замандардан қазіргі заманымызға дейінгі қолданылған зергерлік бұйымдар туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ой-пікірін, көзқарасын, таным-толғамын қалыптастыру. Жаңа сөздермен таныстырып, оларды қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: зергерлік бұйымдар, зергерлік бұйымдарға арналған буклет, дидактикалық материалдар, мақалдар, нақыл сөздер, «Қазақтың көне зергерлік бұйымдары» жаңа мультимедиялық презинтациялық интерактивті дискі (RGB studio). Кітаптар: «Қазақтың дәстүрлі музыка аспаптары», «Қазақтың дарқан дастарқаны», «Қазақ халқының ұлттық киімдері», «Қазақтың қолданбалы өнер» кітаптары, Зергерлік өнер - слайд.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, еңбек

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, аудару, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс,жекелей жұмыс, салыстыру, ойын элементтерін қолдану, тыңдап түсіну, артығын табу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгелдеу.

б) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

в) Сабақтың барысын айту.

ІІ.Өткен тақырыптарды қайталау:

1) Қазақ халқының ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері тақырыбын қайталау.

Кеспе қағаздармен жұмыс:

№1 кеспе қағаз

  1. Қазақ халқының еттен жасалатын қандай ұлттық тағамдарын білесің?

  2. Қазақ халқының ұлттық сусындарын ата.

  3. Ерлердің ұлттық бас киімдерін атап шық.

№2 кеспе қағаз

  1. Қазақ халқының ұннан жасалатын тағамдарын ата.

  2. Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды ата.

  3. Қазақ халқының ұлттық киімдері негізінен неден жасалған?

№3 кеспе қағаз

  1. Қымызды ненің сүтінен ашытады?

  2. Құрт қалай жасалады?

  3. Қазақ халқының ұлттық сырт киімдерін ата.

2)Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын қайталау.

«Тыңдап, тап» ойыны

Ойынның шарты: Компьютер арқылы күйлер қойылады. Ол күйлер түрлі ұлттық музыкалық аспаптарда орындалған. Оқушылар қай күй қай аспапта орындалғанын дұрыс тауып, интерактивті тақтада жазады. Және сол аспап туралы қысқаша мәлімет береді.

Күйлер:

1. Саян Ақмолдаев «Айрауықтың ащы күйі» (қобыз)

2. Қалек Құмайұлы «Тепен көк» (сыбызғы)

3. Гүлсара Піржанова «Қыз мұңы» (шаңқобыз)

4. Мағауия Хамзин «Саржайлау» (домбыра)

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

3) «Артығын тап» ойыны

Ойынның шарты: Оқушыларға парақшалар беріледі. Парақшаларда алты суреттен берілген. Оқушылардың міндеті: суреттерді атап,тақырып қою, артық суретті табу.

Тапсырма: Суреттерді ата, артық суретті тап.

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)


1)Бұл суреттерге «Ұлттық тағамдар» деп тақырып қойсақ, ішінде бір сурет артық екенін көреміз. Ол қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы - домбыра.

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

2) Тақырыбы «Ұлттық киімдер». Артық сурет музыкалық аспап - жетіген.

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

3) Тақырыбы «Музыкалық аспаптар». Артық сурет ұлттық тағам -бесбармақ.

ІІІ. Бекіту: Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту.

  1. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің? (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, әсіп, қуырдақ, шелпек, жұқпа нан, тапа нан, бауырсақ, сүт, сүзбе, айран, құрт, қаймақ, шұбат, қымыз, шалап).

  2. Қазақ халқының ұлттық тағамдары негізінен неден жасалған? (мал етінен, мал сүтінен, мал терісінен, мал жүнінен, астық дақылдардан)

  3. Ұлттық киімдерге нелер жатады? (тон, бөрік, қалпақ, қамзол, шекпен, шапан, етік, мәсі, кебіс, орамал, сәукеле, кимешек).

  4. Ұлттық музыкалық аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер? (қобыз, домбыра, шаңқобыз, асатаяқ, дабыл, сыбызғы

сырнай)

ІV.Жаңа сабақ:

V. Сабақтың мақсатын айту

VІ. Сөздік жұмысы:

әшекей - украшение

қапсырма, ілгек - застежка для камзола

түйме - пуговица

алқа - нагрудное украшение

бұрым әшекейі - накосное укрошение

шекелік - височное украшение

тұмарша - амулетница

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә) Оқушылар дауыстап қайталайды.

б) Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастырады.

в) Сөз тіркесімен сөйлем құрастырамыз.

VІІ. «Мәдени мұра» мұражайына саяхат:

(«Қазақтың көне зергерлік бұйымдары» жаңа мультимедиялық презинтациялық интерактивті дискісінен көрсету (RGB studio)).

  1. Сақ - скиф дәуірі.

  2. Көне заманнан орта ғасырларға дейін.

  3. 18-20 ғасырлардағы зергерлік бұйымдар.

  4. Кітапхана:

а) Неолит дәуірі - қола дәуірі

Неолит дәуірі біздің заманымызға дейінгі 6 мыңжылдық.

Тас өңдеу технологиясы өрлеген дәуір: қашау, кесу, бұрғылау. Бұл кезде нефит, яшма, серпантин және басқа тастарды қолданылған. Тастармен қатар жыртқыш аңдардың сүйектері және тістері кең пайдаланылды.Көбінесе білезік, сақиналар, алқалар жасалды.

ә) Қазақстан - ежелгі цивилизация жері

Қазақстан - ежелгі цивилизация жері. Ежелгі заманнан оны мекендеген халықтар - қазіргі қазақтардың ата-бабалары - жарықын және ерекше мәдениет құрған. Көне заманғы және орта ғасырлардың бізге еткен көрнекті ескерткіштері әр түрлі құрылыстар - қорғандар, кенттер, қорғаныс қамалдары, кесенелер және тұтас қамалдар және басқа да археологиялық деректер соның дәлелі болып табылады.

б) Орта ғасырлар дәуірі

VІғ - ІХғ бірінші жартысында қолөнер жақсы дамыған. Зергер шеберлер әшекейлерді алтын жалату, техникалық әдістерді қолданып, оларды жетілдірді, сонымен қатар балқытып құю, нақыш салу, металға өрнек салу әдістері қолданылды. Айна, күміс және қола білезіктер, тарақ, сырға, алқа жасау кең тараған.

в) Қазақстанның зергерлік өнері

Алтыннан, күмістен, асыл тастардан, металдардан, жақұттардан зергерлер әйелдер үшін әшекейлер жасау, әр түрлі кеуде әшекейлері, өңіржиек, тұмарша, бұрым әшекейлері-шолпы, шашбау, білезіктер, сақина, жүзіктер, қапсырмалар, ілгектер жасалған.Әйелдердің әшекейлерін жасаған кезде түрлі техника қолданылды: құю, өрнек салу, нақыштау, т.б.

г) Қазақстан аймақтарындағы зергерлік бұйымдардың стилистикасы

Адамзат игерген алғашқы металдардың бірі - алтын. Иілгіштігі ажарлы сары түсті алтын зергерлік өнердің негізгі металдарының бірі. Бұл металдың жақсы қасиеті төзімділігі, тозбайтындылығы. Қазақстан аумағында табылған алтын ежелден өндірілгендігін дәлелдейді.

5. Зергерлердің шеберханасы

6. Мұражай қорлары

7.Слайд шоу

а) баскиім әшекейлері (головные украшение)

ә) білезіктер,жүзіктер,сақиналар (браслеты,перстни, кольца)

б) дене әшекейлері (нательные украшение)

в) ілгектер және түймелер (застежки и пуговицы)

г) гигиеналық жинақтар (гигиенические наборы)

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)


VІІІ.Жаңа сабақты бекіту: Оқушылар зергерлік бұйымдардың атауларын дұрыс жазулары керек.

Зергерлік бұйымдардың аттарын жаз

Урок по казахскому языку на тему Қазақтың зергерлік өнері (7 класс)

ІХ.Үй апсырмасы: Мақал-мәтелдерді аударып, жаттау.

Зергерлік туралы мақал-мәтелдер

1. Алтынның құнын зергер біледі.

2. Алтын менен күмісті

зергер үшін жаратқан

Бұғы мене маралды

мерген үшін жаратқан.

3. Зергер қолдан шыққан бұйым зеріктірмейді.

Х.Бағалау.




© 2010-2022