Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: №249 мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие

жұмыстары жөніндегі орынбасары Х.Орынбасарова

Күні: 30.09.2014 жыл

Сыныбы: 7 «А»

Пәні: Қазақ әдебиеті

ТАбай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспарыақырыбы: Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»өлеңін оқыту

Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары( Шығармашылық сабақ.).

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға».

Сабақтың мақсат міндет

тері:

А) білімділік:

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру,ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәліметтер беру, «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

өлеңінің мазмұны мен тақырыбын ашу.

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың эстетикалық танымын ояту,өз беттерінше ізденуге,зерттеуге үйрету,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Б) тәрбиелік:

Оқушыларға аңшылықтың кәсіптік маңызынан басқа адамның көңіл күйіне әсер ететін саятшылық өнер,аңшылық жайында олардың эстетикалық сезімін ояту,адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

-

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:

дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдістері:

баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта,суреттер.

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Тарих, жаратылыстану.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының

назарын сабаққа

аудару;

-оқу

құралдарының

дайындығын

тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру


А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

1.Кіріспе: (мұғалім)

Мен бүгінгі сабағымызды Ұлы Абайдың,дана Абайдың мына өлең жолымен бастамақпын:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма!

-Балалар,қалай ойлайсыңдар,Абай шынымен де біз үшін жұмбақ па?

(Оқушылар пікірі тыңдалады).

Бұл пікірлердің екеуіне де қосылуға болады.Біз Абай өлеңдерімен таныспыз,көп өлеңдерін жатқа да білеміз.Бірақ Абай өмірі мен шығармашылығының зерттелмеген тұңғиық сырлары әлі де мол.

2.Сұрақ-жауап.
Мұғалім: Балалар, мен сендердің ұлы Абай туралы қаншалықты білетіндеріңді тексермекпін.Олай болса, сұрақтарға жауап беріп көрейік.

1) Абай аталарың қай жылы, қашан, қай жерде туды?
Жауабы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген.
2) Ескіше туған жылы қалай аталады?
Жауабы: Туған жылы - жылан.
3) Абайдың шын аты кім?
Жауабы: Абайдың шын аты - Ибраһим.

4) Абайдың әкесінің, шешесінің, әжесінің аттарын атап бере отырып, жеті атасын айтып бере аласыңдар ма?
Жауабы: Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, әжесі Зере, руы тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай.


5) Абай қайда оқып, білім алды?
Жауабы: Абай он жасынан қырда мұсылманша оқыған, он үш жасында Семей қаласыдағы мұсылман медресесінде оқыған. Медреседе жүргізілетін дін сабағын оңай меңгеріп, көп кітап оқып, өз бетінше ізденген. Орыс тілін жақсы меңгерген. Жастайынан ел бастауға араласқан Абай қазақтың білгілері, шешендері, ақындары, жыршылармен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетінен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.


6) Абайдың қанша қара сөздері бар?
Жауабы: 45 қара сөздері бар.


7 ) «Абай жолы» роман - эпопеясын кім жазған?
Жауабы: «Абай жолы» романын жазған Мұхтар Әуезов.

8) Абай ән жазған ба?

Жауабы: «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас»,

т.б


3. (Абайдың дүниеге келуіне байланысты видеоролик көрсетемін.) 3 минут.

4.Абай өмірі туралы толықтырып өтемін.


5.Абай шығармаларын топтастыру.

Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары

Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары

«Қыс», «Жаз», «Күз», «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға».




6. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» бейнеролик көрсетемін.

(Оқушылар бейнероликті көреді,ойланады.)

Сұрақ-жауап.

-Оқушылар,сендер бұл бейнероликтен не байқадыңдар?

-Қазақтың қандай салт-дәстүрін аңғардыңдар?

-Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

-Дұрыс таптыңдар.

7.Түсінік беру.

Абай поэзиясы -әсемдіктің мөлдір бұлағы.Соның бірі - аңшылық өнеріне арналған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген лирикасы.

-Балалар,аңшылық өнеріне қатысты қандай аң-құстарды білесіңдер?

Аңшы құстар

Бүркіт Ителгі Тұрымтай

Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспарыАбай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспарыАбай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары

Дала қыраны Қарақұс Қырғи

Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспарыАбай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары

-Дұрыс айттыңдар.Бұлардың бәрі де -алғыр,қыран,көреген,жыртқыш құстар.

8.Мағынаны тану.

Оқушыларға саятшылық,қансонар туралы біліп келуге тапсырма бергенмін.Бүгінгі күні бұл сұраққа жауап сұраймын.

1.Саятшылық өнері туралы не білеміз?

(Оқушы жауабы тыңдалады).

2.Қансонар деген не?

(Оқушы жауабы тыңдалады).

9.Кітаппен жұмыс.

1.Өлеңді мәнерлеп оқимын.

10. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

(Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен қысқаша баяндап беремін.)

1897 жылы ескі қазақ ауылы аңшылықпен кәсіп еткен.Аңшылық кәсіп еңбектің бір түрі.Жүгірген аңды қазақ бүркітпен немесе тазымен аулаған.Ұшқан құсқа лашын,қаршыға,қырғи сияқты жыртқыш құстарды баулып салған.Бұл өлеңде бүркітпен түлкі аулау суреті берілген.Қыс кезі ,қырда жер ашық болады да,жаңа жауған қардан кейін түлкінің ізі сайрап жатады,ол олжа беретін қанды із.Бүркітші сонарға шыққанда,ауыл адамдары аңшыға ере шығатын болған.Олжаның алдын құс иесі солардың біреуін қанжығасына байлайды.Ол байлаған түлкіні ырым етіп, «үйірімен үш тоғыз болсын» деп алатын болған.

Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Дәптермен жұмыс.

1.Сөздік:

Қансонар-жаңа жауған қардағы із.Ғанибет-тамаша,қызық.Аңдағанда-түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі.Томаға- бүркіттің бас қабы.Қырымнан-алыстан деген мағынада.

2.Өлеңді құрлысына талдатамын.

Қан/со/нар/да // бүр/кіт/ші// шы/ға/ды аң/ға//,
Тас/тан// түл/кі та/бы/лар //аңды/ған/ға//.
Жақ/сы ат пен //та/ту жол/дас - бір //ға/ни/бет//,
Ың/ғай/лы //ық/шам ки/ім// аң/шы а/дам/ға//.

12 буынды қара өлең ұйқасы, өлең тармақтардан тұрады. 4 тармақ бір шумақ деп аталады.Тармақ бунақтардан тұрады.Бунақты буын құрайды.Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігінен ұйқас шығады.

3.Өлеңге композициялық талдау жүргізу.

1.Өлеңнің тақырыбы мен идеясы.

2.Сюжеттің басталуы (Оқиғаның басталуы).

3.Шығарма ішіндегі оқиғалардың байланысы

4.Оқиғаның шарықтау шегі

5.Оқиғаның аяқталуы (шешімі).

4.Әдебиет теориясы.

Өлеңнен теңеуді,антитеза(шендестіруді) табыңдар.

Шендестіру: "Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға..."

Теңеу: Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға.

Біреуі- көк,біреуі-жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

V.Жаңа білімді бекіту

4.Оқушыларға әңгімені жоспар бойынша әңгімелету.

1.Қансонарда аңға шыққан бүркітші.

2.Бүркіт пен түлкінің бір-бірін көруі.

3.Көк тағысы мен жер тағысының адам үшін қанға батысуы.

4.Түлкі алған бүркіттің қар үстіндегі суреті.

5.Құстың иесіне қораздануы.

6.Ақынның аңшылық жайындағы ойлары.

5.Қорытындылау: Н. Назарбаевтың сөзімен бекіту « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деген еді.
Ал Мұхтар Әуезов « Мен Абай тереңімен шөміштеп қана іштім» десе,
« Даналықты іздесең», Абайды оқы ерінбе деген сөз және бар. Демек білім нәрімен сусындағың келсе Абайды оқы, жас ұрпақ!
Біз тізерлеп жүріп күн кешкен халықпыз, әркімге жәутеңдеп бас иген де халықпыз. Енді біз тікемізден тік тұрдық, біздің тіземіз бүгілмеу үшін біз білімді болуымыз керек. Көк аспанда қыран құсына қалықтауымыз керек.

VІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау

Өлеңді жаттау.Сурет салып келу.

VІІ.Бағалау.

Үй тапсырмасына жауап берген,

Жаңа сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Абай Құнанбаев Қан сонарда бүркітші шығады аңға сабақ жоспары



© 2010-2022