Қазақ тілін оқытуда иновациялық әдістерді тиімді пайдалану

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ

ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Қазақ тілі және қазақ әдебиет мұғалімі Аимханова Гаухар Нурлановна

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі, тіліміздің тәуелсіз мемелекет болып қалыптасып, дүниежүзілік қарым-қатынаста өз орнын табуындағы рөлін айқындап отыр. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Орта білім берудің мақсаты - қарқынды өзгертіп отырған дүние жағдайында игерілген терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлама алуға, өзінің іс - әрекеттерін жұмылдыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» екендігі атап көрсетілген. Бұдан оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс - тәсілдеріне ұйымдастыру формасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Ол үшін тиянақты, әрекетті және берік білім алуға мүмкіндік беретін тиімді оқыту құралдарының мазмұны қайта ой елегінен өткізілуі тиіс. Себебі, олар қоғамдағы ақпараттар ағымының жедел қарқынмен артуы жағдайында оқушының аз уақыт ішінде берік, әрі әрекетті сапалы біліммен қарулануына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстардың білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа педагогикалық технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу-әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу - оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады.
Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын, танымдық, ойлау қабілеттерін арттырудың бірден-бір көзі.

Мен «Никольск орта мектебі» КММ төрт жыл жеті ай жұмыс істеп келемін. Білім беру саласында қазіргі заманға сай әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалану 1-орында тұр. Осы заманға сай мен жаңа технологияларды танып білдім және осы технологияларды өз сабақтарымда, оқушыларды ҰБТ дайындық кезінде кеңінен пайдаланамын. Өзімнің іс-тәжірибе жолымда біраз қиындықтар көрдім. Осы қиындықтарды жою үшін мен модульдік технологияны, Қараев технологиясын, жаңа технологияларды, ақпараттық компьютерлік технологияларды, электронды кітаптар, тренажерлар, флипчарттар пайдалана бастадым.

Мектепте физика және лингофондық кабинеттері, ActivBoard электрондық тақтасы және ActivStudio бағдарламалық жабдығымен қамтамасыз етілген. Оның мүмкіндіктеріне тоқтала кетсем: ActivStudio бағдарламасында құралдар панелін жұмыс ортасына және қажеттілікке байланысты баптау мүмкіндігі бар.

ACTIVote-нда электрондық конспект дайындап, «мастер подготовки теста» көмегімен сұрақтарды графика түрінде де, мәтін түрінде де көрсетуге болады; тест сұрақтары библиотекада сақталып, оны кейіннен пайдалануға болады; тест нәтижелері кесте немесе диаграмма түрінде көрсетіледі; нәтижелерді Word-қа немесе EXCEL-ге экспорттауға болады; конференция, семинар, форумдар өткізу үшін интербелсенділіктің жаңа деңгейін тағайындайды.

ACTIVstudio бағдарламасында электронды флипчарт құруға арналған құралдармен материал дайындауға мүмкіндік береді. Мысалға өз сабағымда мен үнемі осы жоғарыда аталған бағдарламалармен флипчарттар мен тестер қолданамын. Осы қолданылған бағдарламалардың арқасында оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын оятады.

11 сынып оқушыларын қортынды аттестацияға дайындауды төменгі сыныптардан бастаймын. Сабақтан тыс кезінде консультациялар өткіземін, онда 10 сынып оқушылары да қатысады. Үнемі тест тапсырмаларымен, қиын деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасаймыз. Байқау тестілеуінде жіберілген қателерді әр оқушымен жеке қарастырамын. Оқушыларды ҰБТ дайындығы кезінде мен өзімнің жұмысымда келесі аспектілерге сүйенемін: техникалық, әдістемелік, психологиялық..

1.Техникалық дайындық.

Тестпен жұмыс жасау кезінде оқушыларды сұрақты дұрыс және аяғына дейін зейінмен оқуды автоматты түрде үйрету керек. Тәжиірбе көрсеткендей түлектер қиын емес сауалдарда қате жібереді, ол білмегендіктен емес, зейін салып оқымағандықтан. Оны оқушылар да түсінеді.

2. Әдістемелік дайындық

Оқушылардың керекті әдебиеттермен қамтамассыз етілуі. Оқушылар көбінесе ҰБТ дайындығы кезінде өткен жылдардың тест нұсқаларын алып анализдеуге тырысады, бірақ тәжиірбе көрсеткендей бұл көбінесе нәтижесіз. Мен балаларды өткен жылдағы тесттерді жаттауға емес, спираль бойынша теориялық материалдарды жаттауға үйретемін: жеңілден күрделіге. (дыбыс - оның түрлері - үндестік заңы).Егер де біз белгілі бір сұрақты алсақ, онда біз сол сұрақты теория және әдістеме жағынан толығымен қарастырамыз.

3. Психологиялық дайындық.

Оқушыны ҰБТ-мен қорқытуға болмайды, мысалға «сен тапсыра алмайсың, сен білмейсің» деген сөздерді мүлдем айтуға болмайды, керісінше оларды «сен тапсырасың, сенде бәрі жақсы болады, ЖОО түсесің» деген жақсы сөздерді айту арқылы оқушыларды алдын ала психологиялық жағынан дайындап, көмек көрсету керек.

Мен әр сабақтың сабақ барысында оқушылардың логикалық ойлау жүйесін, тілді үйрену белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында сабақты лексикалық минуттан, фонетикалық жаттығулардан, ойындардан бастаймын. Мысалы лексикалық минутта оқушыларға ҰБТ кіретін: Шоқан Уәлиханов кім? Қазақстанның Елордасы қай қала? Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы кім? деген тағы басқа сұрақтарды үнемі қоямын. Фонетикалық жаттығуды сабақ ортасында әрдайым қолданамын. Тақтада жазылған сөздердің ішінен оқушылар қазақ тіліне тән дыбысты атап, оған фонетикалық талдау жасайды. Мысалы: Атақты күйшілер «атақты» сөзінде «қ» дыбысы қазақ тіліне тән дыбыс, «қ» дыбысы дауыссыз, қатаң. Сонымен қатар сабақ барысында «Карусель», «Ойға шабуыл», «Рөлдік ойын», «Жарыссөз» тағы басқа көп ойындарды қолданған өте тиімді, сондықтан мен өз шығармашылығымнан ойын өте қызықты өту үшін, оқушылардың сабақ алдында көңіл-күйлерін көтеру үшін, оқушыны әрі қарай іліп әкететіндей «Сабжо» деген ойынды ойлап таптым. Оны жаңа сөздерді қайталағанда, ережелерді еске түсіргенде, басқа да грамматикалық тапсырмаларда қолдануға болады. Ойын шарты: мұғалім допты қолында ұстап, орыс тілі нұсқасында сөзді айтады және допты оқушыға береді, ал оқушы допты ұстап алып, сол сөздің қазақша баламасын айтып, допты мұғалімге қайта береді. Сөйтіп, бүкіл сыныптағы балалармен доп ойнаймыз.

Оқушыларды қатысымдық тілдесімге үйрету үшін, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, тәрбиелеу үшін, өз ойларын емін-еркін айтуға, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында қазақ тілі пәні бойынша оқушылармен бірлесіп оқу жылына төрт рет шағын қазақ тілінде журнал шығарамыз. Бұл журналдың ішіне мектепте болып жатқан жаңалықтар, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен оқушылардың жазған қызықты шығармалары, эсселер, ҰБТ салыстырмалы нәтижелері, ҰБТ кіретін тарих, география пәндерінен қазақша кейбір сұрақтар, өз шығармашылығынан жазылған өлеңдер, суреттер, сөзжұмбақтар, жұмбақтар, айтылған нақыл сөздер тағы басқа шығармалар кіреді. Бұл журналдың басты редакторы Крючкова Надежда, ол оқушылармен материал жинап, жұмыс жасайды. Осыған тән жұмыстар оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын оятады, сондай-ақ жақсы көрсеткіш нәтижелерін көрудемін.

Инновациялық әдістерді оқу үрдісінде қолдану нәтижесінде ҰБТ көрсеткіші бойынша білім сапасы 2010 жылы 100%, 2011 жылы 100%-ға, 2012 жылы 100% нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар қазақ тілі пәні бойынша оқушылар аудандық, облыстық олимпиадаларға, конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Шебер ұстаз - шығармашыл ұстаз. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін арттырудың ең басты шарты - оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге қызыққан оқышының білім сапасы да жоғары болады. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана мақсатына жете алады.

Әр мұғалім сабақ берудің алдында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», деген сөздерін есінде ұстап, шеберлік шыңынан көріне берейік демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана. 2012жыл.

  2. Ұлт тағлымы. Ғыл. Пед. басылым. №3. 2007ж. 243-246бб.

  3. Қ.Қадашева. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Пед.ғыл.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.; А.; 2001ж.

  4. Қазақ тілі (Әдістемелік құрал) Алматы, 2003 ж.

  5. Дженкинс С. Фаттахова А. Интерактивные методы обучения и управление классом. К.; 2004


© 2010-2022