Доклад Развитие познавательной деятельности

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кестедегі мәліметтерден құзыреттілік тәсілдің білім беру процесіне тұлғалық мағына беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзіреттіліктерді дамыту.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері,елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр.Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды.Оның дәләлі - «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».Онда Елбасы:«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш -жігерімізді салуымыз керек»-деген.
Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру.Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім,білік,дағды,іскерлік,әрекет тәсілі) жиынтығы.
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) -оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.

Коммуникативтік құзіреттілік қазақ тілін және қазақ әдебиетін білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді:
1. Грамматикалық құзіреттілік;
2. Социолингвистикалық құзіреттілік;
3. Дискурсивті құзіреттілік;
4. Стратегиялық құзіреттілік;
5. Социомәдениеттік құзіреттілік.

Енді осы құзіреттіліктердің анықтамасына тоқталайық.
Грамматикалық құзіреттілік - тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.
Социолингвистикалық құзіреттілік - мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін меңгеру. Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мәтін арқылы сөйлеуге үйрету.
Дискурсивті құзіреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтақсистен, яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.
Стратегиялық құзіреттілік- әңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.
Социомәдениеттік құзіреттілік - тілді тасымалдаушы, қолданушы - халық мәдениетін білулерін білу және қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ - жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады.
Өз іс-тәжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жүрмін:
Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың
· Қатысым және жазылым қарым - қатынасын қалыптастыруға
· сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге
· жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Өйткені, осыған байланысты әдіскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым - қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».
Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт - бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы.


Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетiлдiрудiң негiзіне құзыреттілік тәсiлдi алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттігі көрсетілген.

«Білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзырет ұғымы ерекше орын алады. Зерттеушілердің пікірі бойынша құзырет тек білімге ғана емес, біліктілікке (теңдес болмағанымен) көбірек сай келеді және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды.

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектепте оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.

Құзыреттілік деп, көбінесе, тұлғаның қызметке өзбетімен әрі үздік араласуға бағдарланған жалпы қабілеттілігінде, оның оқуы және әлеуметтенуі барысында алған білімдері мен тәжірибесіне негізделген іс-әрекетке дайындығында көрініс беретін кіріктірілген сапасын түсінеді.

«Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының педагогикадағы қолданылуы туралы мынадай көзқарастар қалыптасқан:

  1. Бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» және «оқу біліктіліктері» деген дәстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар.

  2. «Құзырет» және «құзыреттілік» адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр және олар кәсіби іс-әрекеттің жоғары сапасын көрсетеді.

  3. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары алдағы уақытта оқушылардың мәдениеттанымдық іс-әрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруі мүмкін.

Біз «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын нақты мазмұнмен толықтыру арқылы білім беруді, оның ішінде оқушының білімділігін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, мынадай жағдаяттарда: нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдауда және өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірдегі өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шеше білу біліктілігін шығарады.

Зерттеу проблемасына қатысты әдебиеттерді талдау нәтижелеріне сүйене отырып, біз осы білім берудегі құзыреттілік тәсіл мен дәстүрлі оқытудың сипаттамалық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасадым.

Дәстүрлі оқыту

Құзыреттілікке бағдарланған оқыту

Оқыту үрдісі

Білім, біліктілік және дағдыны, әлеуметтік тәжірибені алдыңғы буыннан өскелең ұрпаққа жеткізу процесі.

Маңызды тәжірибелік-бағдарланған проблемаларды шешу тәжірибесін меңгеру процесі

Негізі ұйымдастыру формасы

Сыныптық-сабақтық жүйе, сабақта бір мезгілде тұтас сыныппен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім жаңа материалды беруге, оқушылардың оны қайталап айтып беруіне сүйене отырып, білім береді, біліктілік пен дағдыны қалыптастырады және осы білімді қайта жаңғыртуды бағалайды. ДО-дың репродуктивті сипаты бар, білім мен іс-әрекет тәсілдері оқушыларға дайын күйінде беріледі, яғни қайталап айтып беру үшін меңгеріледі.

Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір мүмкін формасы ретінде сақталады, бірақ сабақты ұйымдастырудың басқа сыныптан тыс формаларын - сессия, жоба бойынша топтар құру, өзбетінше кітапханада немесе компьютер сыныптарында жұмыс жасау және т.с.с. қолдануды кеңейтуге мән беріледі.

Сабақ үшін материалды ұйымдастырудың негізгі бірлігі модуль болып табылады. Сондықтан құзыреттілікке бағдарланған білім беру аясында оқу кітаптарының құрылымы басқаша болады.

Басты идея

Талап қою педагогикасы идеясына негізделеді (бұл оны авторитарлық ретінде бағалауға жол береді). Үздік оқушы үшін тілалғыштық және жетістіктерге ынталандыру (белсенділік пен тілалғыштық) идеясын үйлестіру көзделеді.

Мүмкіндіктер педагогикасы идеясына сүйенеді, құзыреттілік мотивациясы негізіне тұлғаны дамытудың болашақ мақсаттарына сәйкес келу және бағдарлану жатады.

Мұғалімнің ролі

Инициативалы және жауапты тұлға, төреші, ақылшы, «қасиетті білімді» тасымалдаушы, сол білім үзінділерін ең жақсыларға жеткізуші.

Мұғалім білім монополиясын меншіктеуге тырыспайды, ол ұйымдастырушы, кеңесші, «ойын ережесін» түсіндіруші, «желі әкімшілігі» позициясын ұстанады, ол тек процесті ұйымдастырады.

Оқушының ролі

Бағынышты, жауапкершіліксіз, педагогикалық әрекет объектісі

Оқушы өз жетістігі үшін жауап береді, өзбетімен даму субъектісі, оқыту процесіндегі педагогикалық өзара әрекетте түрлі орын алады.

Бақылау

Орталықтандырылған және көпдеңгейлі бақылау идеясы негізге алынады, мұнда мұғалім бақылауды дәстүрлі 5-баллдық жүйемен жүзеге асырады, ал мұғалімді бақылау нұсқаулардың барлық пунктіне қатысты «орындалды - орындалмады» сызбасы бойынша орындалады.

Мұғалімнің ішкі бақылауын қосымша өзін-өзі бақылаумен және өзін-өзі бағалаумен, оқу іс-әрекетінің берілетін өнімдерін сыртқы сараптық бағалаудың маңыздылығымен толықтыруды талап етеді, бағалаудың рейтингілеу, жинақтау жүйесі, оқушының өзін және өзінің мектептен тыс жетістіктерін көрсету құралы ретінде портфолио құру неғұрлым лайықты саналады.

Негізгі бағдар

«Орташа оқушы». Жетістік деңгейі жағдаятқа қарай «орташа көрсеткіш» бойынша өлшенеді.

Оқушы жетістігінің мүмкін өрісіндегі көпдеңгейлі өлшем туралы айтылады.

Оқыту нәтижесі

Білімдер мен біліктіліктердің белгілі бір жиынтығы, тұрақты қоғам жағдайында жеткілікті дәрежеде тиімді қызмет ететін тұлға, бұның көрсеткіші оқушының «сүзгіден» (әр түрлі өтпелі сынақтардан) үздік өтуі. Оқытудың белгіленген нәтижесі үлгіні бұрмаламай, дәлме-дәл қайталауды көздейді, нәтиженің үздік болуы эталонмен салыстыру арқылы анықталады.

Оқытудың келесі кезеңінде өзбетінше өнімді және жауапты әрекет етуге дайын болу, «сүзгі» - құзыреттілікті көрсететін орын. Процестің орталық бөлігі ретіндегі репродуктивтіліктен бас тартатындықтан, оқыту нәтижесі процестен бөлек («Бір нәрсені түсіндіреміз, бірақ басқа нәрсені де сұраймыз»). Шын мәнінде эталон сайланбайды, ал оқыту мен оның нәтижесін бақылау стандарт емес жағдайларда жүргізіледі.

бірегей тәсіл болып табылатынын көреміз.

Құзыреттілік тәсіл - бұл білім беру нәтижесіне баса көңіл бөлетін тәсіл, оның үстіне нәтиже ретінде меңгерілген ақпарат жиынтығы емес, адамның әртүрлі проблемалық жағдаяттарда әрекет етуге қабілеттілігі. Басқаша айтқанда, Құзыреттерді меңгерген түлектің қабілеттерін, яғни оның қандай іс-әрекет тәсілдерін игергенін, не істей алатынын, неге дайын екенін анықтау - құзыреттілік тәсіл деп аталады.

Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игертуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.

Құзыреттілік тәсілдің шығуына себепші болған проблема бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнының «қазіргі заманғы экономика мен өркениеттің сұранысына» сәйкес болмауынан туындап отыр. Олай болса, құзыреттілік тәсіл - бұл жаппай мектептер мен еңбек нарығының қажеттіліктерін сәйкестікке келтіруге талаптанып жасалған қадам іспеттес. Т.М.Ковалева құзыреттілік тәсілді «мектепте білім беруге деген ашық тапсырыс идеясымен» байланыстыра отырып былай дейді: «алғаш рет бұндай тапсырыс берушілер қатарында іскер адамдар (бизнесмендер), кәсіпкерлер, саясаткерлер және т.с.с. құзыреттіліктер тілінде сөйлеушілердің барлығының фигуралары талқылана бастады. Демек, қазіргі мектеп үшін құзыреттілік тәсіл идеясы - бұл, ең алдымен, білім беру мазмұнына ашық тапсырыс идеясы». Басты проблема жалпы білім беру жүйесінің тиімсіздігінде болып отыр. Бұл тиімсіздік білім беру жүйесінің өзінен тыс жерде маңызды нәтижелердің көзге көрінбейтіндігінен байқалады. Басқаша айтқанда, мектепте оқылғандар сол мектепте ғана қажет, ал басқа еш жерде қажет емес.

Құзыреттілік тәсіл жалпы білім беру мақсаты мен мазмұнын анықтауда мүлдем жаңа нәрсе емес. Біліктіліктерді, іс-әрекет тәсілдерін және, әсіресе, әрекеттің жалпылама тәсілдерін меңгертуге бағдарлану.

«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция)» - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»-адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.

Қазақ тілінде «құзыр (компетенция)» ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын анықтайтын құжаттарда және әлеуметтік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынына көзіміз жетті. Бұл осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелілік-практикалық қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде «құзырлық» жаңа ұғым емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып келгені мәлім. Ал филология мен информатикада «коммуникативтік құзырлық» жиі қолданылады.

Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау стратегиясында» білім мазмұны - құрылымы бойынша адамның мәдениетіне теңестірілген, изоморфты, педагогикалық тұрғыдан бейімделген, адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық қатынастар жасау тәжірибесі. Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі мәдениеттілікке сиымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік деп аталады.

Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымы: құзырлық - алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.

Бүгінгі таңда «құзырлық» ұғымымен қатар «түйінді құзырлықтар» ұғымы да кеңінен қолданылуда. Ол «Еуропаға арналған түйінді құзырлықтар» бағытын ұстанатын Еуропа Кеңесі көлемінде айқындалған стратегиядан бастау алады. Бұл түйінді құзырлықтар саны жағынан да, мазмұны жағынан да (құндылықтық мәндік, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық құзырлық, т.б.) әркелкі.

Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары

Еуропада, Ұлыбританияда, АҚШ-та кеңінен таралған education термині (образование дегенді білдіреді) «образ» деген түбірі жоқ, алайда білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің барлық аспектілерін қамтып, мазмұны бойынша кең ұғым болып табылады. Сол себепті білім беру оның мәдени сәйкестілігіне байланысты қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын интернационалдандыру ретінде оқыту мен тәрбие беруді өзара қосады. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы бұл процесте ажыратылмайды. «Тәрбие беру де, білім беру де ажыратылмайды, - деп Л.Н. Толстой ерекше атап өткен. Білім бермей тәрбие беруге болмайды, ал кез-келген білімнің тәрбиелеуші әсері бар». Бұл ойды ХҮІІІ ғ. аяғында И.И. Бец ерекше атап өткен. Соған сәйкес, білім беру шын мәнінде сырттан басқарылатын өзін-өзі оқыту болып табылып, яғни мәдениет бейнесі және оны ұдайы өндіру бойынша «МЕН» бейнесін жасау үш өзара байланысты тұрғыдан алынады: білім беру жүйесі; «қазіргі заманда жастарға білім беру» немесе нақты адамға білім беру, оның біліктілігін назарға ала отырып, осы процестің жеке немесе ұжымдық нәтижесі ретінде қарастырылады

Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі - бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрнісі екені мәлім.

Екінші тұрғыдан білім берудің нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы және кәсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез-келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кәсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең және жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бәсекеге қабілеттілік және өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады .

Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық - іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы - педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.

Құзырет - өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.

Құзыреттілік - жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.

Біліктілік - адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік - кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі - қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат .

Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада - педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.

Кәсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кәсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

Кәсіби оқыту педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады.

Оқушылардың кәсіби дайындығының мақсаты - ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек . сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.

Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П.Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды (Кесте 1). Жалпы алғанда, келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

Кесте 1-Педагогтың жалпы қасиеттері

Арнайы

Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы)

Субъективтік (жеке мұғалімдік талант)

Тұлғалық

(адамгершілік - еріктік қасиеттер)

Н.В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық-педагогикалық) және кәсіби-педагогикалық. А.К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін:

Кесте 2 - Субъектілік қасиеттер құрылымы

Объективтік сипаттамалар

Кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдер

Кәсіби іскерліктер

Субъективтік сипаттамалар

Кәсіби психологиялық позициялар, ұстанымдар

Тұлғалық ерекшеліктер

Н.В.Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі.

Мысалға, егер Н.В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің басқа факторларымен қатар қойылған фактор болса, онда А.К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық тектік түсінік болып табылады. Ол іс-әрекетте көрінетін және оның тиімділігін қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды.

А.К. Маркова бойынша, «педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқуылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі (осы жақтар кәсіби құзырлылықтың бес блогын құрайды)» кәсіби құзырлы.

Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипаттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара қатынаста болуы: оның технологиясымен - өзіндік педагогикалық іс-әрекетпен, педагогикалық қарым-қатынас және мұғалім тұлғасымен. Бұл А.К.Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті, мұғалімнің өзін, көрнекі елестетуге мүмкінді береді: Мұғалім тұлғасы

Мұғалім педагогикалық Мұғалім педагогикалық қарым-

іс-әрекет субъектісі ретінде қатынас субъектісі ретінде

Екіншіден, ұсынылған түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъектілік қасиеттерді, оларды модульді көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз).

Кесте 3- Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы модулі

Мұғалім еңбегінің жақтары

Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль

Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттілер

Мұғалім еңбегінің психологиялық сипаттамасы

Кәсіби білімдер

Кәсіби-педагогикалық іскерліктер

Кәсіби ұстанымдар

Кәсіби-психо-логиялық ерекшеліктер

(сапалар)

Еңбек процесі

Мұғалімнің педа-гогикалық іс-әрекеті

Мұғалімнің педагогикалық іскерліктері

Мұғалім тұлғасы

Еңбек нәтижесі

Мектеп оқушыларының білімділігі

Мектеп оқушыларының тәрбиелілігі


Үшіншіден, кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік іс-әрекеттік компоненті - іскерліктерді түсіндіру келісі, авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.

Кесте 4 -Мұғалім тұлғасының моделі

ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық мақсатты ұйғару

Педагогикалық ойлау

РЕФЛЕКСИВТІ-ПЕРЦЕПТИВТІ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық рефлексия

Педагогикалық әдеп

Педагогикалық бағыттылық

Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.

П.Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды .

Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Сонымен, деонтология сөзі грек тілінде Deon, deontos - парыз, парыздылық және logos - ілім, сөз деген ұғымды білдіреді. Деонтология - парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы. Бұл терминді Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Педагогикалық деонтология - ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілік компоненті болып табылады .

Біздің пайымдауымыз бойынша мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымдар аясына саяды.

  1. Оқушының (тәрбиеленушінің) ден саулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету;

  2. Барлық жүріс-тұрысымен, ой-өріс, іс-әрекеттерімен (әрекеттестікте, мәліметтеу, насихаттау ) осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу:

  3. Оқушының табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесу;

  4. Бүкіл жан дүниесімен, сана-сезімімен осы ұстанымдарды бұзуына зиян келтіретін салдарды жоюға ынталану.

Яғни, педагогикалық деонтология ғылымы бойынша ұстаздық әсердің ең негізгі мақсаттары: оқушының ден саулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау.

Қорыта келгенде, кәсіби оқытушы педагог үшін ең маңыздысы оқушының іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.

ӘДЕБИЕТТЕР:


1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты, 2010.
3.Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 2007.







© 2010-2022