Сабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге

Сабақтың тақырыбы Тамырын жайып тереңге.Сабақтың мақсаты:Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстірі, отбастары сабақтастығы туралы түсіндіру. Сабақтың міндеттері:а)Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, отбастар сабақтастығы туралы білім беру. ә)Туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. б)Туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері:Слайд, нақыл сөздер, дәйек сөздер,суреттер.Сабақтың тәсілі: Сұрақ-жауап, сахналау.Сабақтың барысы:1...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбыСабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге.

Тамырын жайып тереңге.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстірі, отбастары сабақтастығы туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

а)Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, отбастар сабақтастығы туралы білім беру.

ә)Туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. б)Туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, нақыл сөздер, дәйек сөздер,суреттер.

Сабақтың тәсілі: Сұрақ-жауап, сахналау.

Сабақтың барысы:

1.ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,оқушыларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.

2.үй жұмысын сұрау.

3.ұй жұмысын бекіту.

4.Жаңа тақырып.


Шаттық шеңбері:

Келші, келші, балашым.

сөзі:Қ.Ыдырысовтікі

әні:Е.Хасанғалиевтікі

Айым болып тудың ба?

Күнім болып түдың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің

Ақ болар деп ойладым.

Қуанышым-арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.

Жалғыз дара-өзіңсің,

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аямай

Ботақаным, сен үшін.

Әңгімелесу:

1.Сендерді жақсы көретін адамдарға сендер қалай жауап беріп жүрсіңдер?

2.Әдеп сақтау, әдептілік деген не?

3.Әдептілік адамның іс-әрекетінде қалай көрініс табады.

Балалар адамның айналамен қарым-қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсете алуы әдептілікке әкеледі. Әдептілікке тіл алғыштық, сыпайылық, көргенділік, инабаттылық, кішіпейілділік және көптеген жақсы қылықтар жатады. Әдепті адам өзіне және өзгелерге түсіністікпен сыйластықпен қарау керек. Әдеп сақтау-адамгершілік белгісі.

Біз балалар қандай мақал-мәтелдер білеміз? Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

Тыныштық сәті:

Мәтінмен жұмыс: Тістелген алма.

1.Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?

2.Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

Ойын:"Әдепті сөздер"

-Рахмет.

-Сәлем!

-Амансыңба?

-Қош келдіңіздер.

-Сау болыңыз!

-Көріскенше.

-Қош болыңыз.

-Бақыты болыңыз!


Дәйексөз:

Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Әдептілік Мәдениеттіліктің, адамгершіліктің белгісі.

Өзімен өзі айнала қоршаған ортамен

үйлесімділікке өмір сүре алуы.

Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым

қатынасының ережелері.

Дәптермен жұмыс: Суретке қарап әңгіме құрастыру.

Данышпан атаның нақыл сөздері:

Балам, көзің мен тіліңе абай бол.

Ол екеуі бұзылса, сенімің бұзылады.

Сенімің бұзылса, болашағың нұрлы болмайды.

Балам, ненің нәпсі екенін, ненің ақыл екенін, ненің жүрек екенін біл.Нәпсіні білсең сақтанасың,ақылды білсең парасаттанасың, жүректі білсең кіршіксізденесің. Ал ол үшеуін бірдей біліп ұстансаң кемелденесің.

Түйіндеме:

Әдеп деген немене?

Әдеп-иба, кішілік,

Әдеп-иман, кісілік.

Әдеп-ұят,арлылық.

Сана жайлы түсінік.

Жүректен-жүрекке:

Әдеп-жүріс тұрысың,

Адамшылық-ұлы шың.

Болса осылар бойыңда,

Текті елдің ұлысың!

Бойтұмар ғып тағатын,

Әдеп-сабыр, тағатың.

Әдеп-асқан сұлулық,

Бойда лаулар жан отың.

Үй тапсырмасы: Әдеп түралы реферат жазып келу.

© 2010-2022