План урока по казахскому языку на тему Мамандык

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мамандық. Етістік, тұйық етістік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мамандық туралы түсінік беру, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру, бағалау

Дамытушылық: етістік, тұйық етістік туралы ережелерді еске түсіріп, тапсырмаларды орындай білу қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың барлық мамандық иелерін сыйлай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу, бар мамандықтардың адамға қажет екенін ұғындыру.

Көрнекілігі: карточкалар, суреттер, компьютер.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, жұптық жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (амандасу, түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: мамандық туралы өлең жатқа айту, мамандық иелері бейнеленген суретке қарап, оларға сипаттама беру.

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру:

А) мамандық туралы түсінігімізді кеңейте отырып, осы тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындаймыз;

Ә) етістік, тұйық етістіктің ережелерін еске түсіре отырып, грамматикалық жаттығулар орындаймыз.

ІV. Жаңа тақырып. Мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, аудару, түсінгендерін айту:

Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.

Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер - адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.

Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.

Сөздікпен жұмыс: (дәптерге жазып алу)

Таңдау - выбор

Мақсат - цель

Арман - мечта

Қанат - крылья

Болашақта - в будущем

Дегеніне - что задумал

Жете алады - достигнет

Қалауымен - по своему желанию

Танысады - знакомится

Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құру: (дәптерге жазып алу)

  1. Нені таңдау - әр адамның мақсаты?

  2. Не дейді халық?

  3. Кім халық алдына шығып ән салады?

  4. Кім адам өмірінің арашасы?

  5. Кім шәкірттерді білімге жетелейді?

  6. Кім сөзбен өрнек салады?

  7. Адам жас кезінен не істеуге талпынады?

«Мамандық көрмесі»

Өмірде мамандық түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін көп оқып, еңбектену қажет. Әр адам мүмкіндігінше ұнаған мамандықты таңдап алады. (Тақтаға мамандықтардың суреттері іліп, бейнеленген сурет бойынша оқушылар олардың атауларын атайды).

Жазушы (писатель)

Аспаз (повар)

Мұғалім (учитель)

Балықшы (рыбак)

Суретші (художник)

Наубайшы (пекарь)

Құрылысшы (строитель)

Сатушы (продавец)

Әнші (певец)

Кітапханашы (библиотекарь)

V. Грамматикалық тақырып.

Етістік. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

1-жаттығу: Мамандық суреттеріне қарап, олардың не істеп жатқандарын айту, жаттығу орындау, етістіктерді тауып, сұрақ қою, астын сызу:

Жазушы мақала жазады.

Аспаз ас пісіреді.

Мұғалім балаларды оқытады.

Балықшы балық аулайды.

Суретші сурет салады.

Наубайшы нан пісіреді.

Құрылысшы үй салады.

Сатушы тауарларды сатады.

Әнші ән айтады.

Кәтапханашы кітап береді.

2-жаттығу: Жақшаларды ашып, аударып, оқыңыз.
Менің анам (учитель) емес, (врач). Ауылда (доярки, пекари, строители) өте қажет. (1 - сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырат).

3-жаттығу: «Мамандық» сөзін тәуелде.«Мамандықтарымызды» сөзін сөз құрамына талда

VI. «Полиглот» (Жауабы үш тілде берілуі тиіс)

• Сания балаларды оқытып жүр.

Оның мамандығы қандай? (мұғалім - учитель - a teacher)

• Салтанат адамдарды емдеп жүр. Оның мамандығы қандай? (дәрігер - врач - a doctor)

• Алина тіс емдейді. Оның мамандығы қандай? (тіс дәрігері - стамотолог - a dentist)

• Нуржан сурет салады. Оның мамандығы қандай? (суретші - художник - an artist)

• Мира ән айтып жүр. Оның мамандығы қандай? (әнші - певица - a singer)

Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, тек қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік деп атаймыз. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Мысалы, сөйле - у, сен - у, айт - у, мақтану, берілу, ойлау, белгілеу, жалықпау, айтпау.

1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар - у, қайт - у, көр - у, кел - у.

2. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна - у, сөйле - у, барма - у, келме - у.

3. Дауысты ы, і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі.

Мысалы: оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.

4. Қатаң п, к, қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б - ға қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.

Мысалы: тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.

5. й дыбысына біткен етістікке - у жұрнақ жалғанғанда екі дыбыс й+у ю дыбысына айналып кетеді.

Тұйық етістік жіктелмейді.

VІІ Сабақты қорытындылау, бекіту.

Бүгін біз көптегн мамандықтарды қамтыдық. Олардың еңбегі туралы айттық. Сендердің еңбектерің неде?

Әр маман жұмысқа кірерде шартқа отырып, мекеменің заңымен танысады. Біздер де бүгін шартқа отырып, заң қабылдайық:

Оқу оқы,

Еңбек ет,

Демал,

Досқа бер көмек,

Отанды сүй,

Адал бол,

Өнегелі адам бол! (оқыту, қайталату, аудару)

Бекіту барысында сөзжұмбақ шешу:

1. «Әсем» сөзінің синонимы

2. «Қара» сөзінің антонимы

3. «Ұстаз» сөзінің синонимы

4. «Семіз» сөзінің антонимы

5. «Сатушы» сөзінің синонимы

6. «Бай» сөзінің антонимы

7. «Салқын» сөзінің синонимы

8. «Жаман» сөзінің антонимы

VІІІ Бағалау

ІХ Үйге тапсырма: «Біздің заң» жатқа

Рахмет, қош сау болыңыздар!


© 2010-2022