Топжарған. Интеллектуалды сайыс

ТопжарғанИнтеллектуалды сайысОйынның мақсаты:Балалардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, өтілген ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерден алған білімдерін тиянақтау,бекіту. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,ұйымшылдыққа баулу. Ойынның көрнекілігі:1) Компьютер2) MK Роwer Pointбағдарламасы4) Әріптер, суреттер
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Топжарған

Интеллектуалды сайыс

Ойынның мақсаты:

Балалардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, өтілген ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерден алған білімдерін тиянақтау,бекіту. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,ұйымшылдыққа баулу.

Ойынның көрнекілігі: 1) Компьютер

2) MK Роwer Point бағдарламасы

4) Әріптер, суреттер

Сайыстың жоспары:

1 Мыңның жүзін білгенше,бірдің атын біл!» (Таныстыру)

2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (берілген әріптен басталатын сөз құрау)

3. «Ойлап өс те, ойнап өс!» (Жұмбақтарды шешу)

4. Жасырынған суреттер» (Берілген суреттерді сөзбен жасыру)

5. «Тапқыр аудармашы»

6. "Ертегілер елі"

6. Қорытынды.

Ойынның барысы:

Армысыздар, құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаматтық пен білім қажет» - деп Ш. Уалиханов атамыз айтып кеткендей, еліміздің болашағы осы бүлдіршіндер екені даусыз.

Осы мақсатпен бүлдіршіндер арасынан суырылып шыққан «Топжарған» сайысына қош келдіңіздер!

Әділ-қазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Сол алады сыйлықты.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп,сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Жүргізуші:

Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Талпынып сайыскерлер шықты қане,

Көрермен қошеметпен қол соғады.

Сайысымыздың алғашқы "Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл" бөлімі бойынша алдарыңызда «Тапқырлар» , «Алғырлар» және "Білгірлер" топтарының мүшелерімен танысайық.

(Балаларын өз аттарын, жастарын, болашақ болғылары келетін мамандықтарыментаныстырып өту)

Қане балалар сендер өздеріңді таныстырып болдыңдар. Ал енді сайыстың келесі бөлімі "Сөз тапқанға қолқа жоқ" бөлімі. Екінші бөлімді бастамас бұрын мен сендермен ғажайып бір сәт өткізгім келеді. Ол үшін көрермендерге және сендерге жарты парақшадан таратамын. Түстес келген парақшалары бар кісілер ортаға шығады. Көрермендер қолындағы парақшаның түсіне қарай сайыскерлерге ерекше тыңдалмаған тілегін айтып сәттілік тілейді.

Көрермендерге рахмет,ал сайыскерлерге сәттілік тілей отырып , келесі бөлімге кезек береміз.

2 - бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Бұл бөлімде балалардың алдына әріптер беріледі. Солардың ішінен бір әріпті таңдап алып, сол әріптен келетін сөздер құрау керек. Қай топ көп құраса, сол топ жеңіске жетеді.

3 - бөлім "Ойлап өс те, ойнап өс" деп аталады. Мұнда берілген жұмбақтарды шешуіміз қажет.

1. Асты тас,

Үсті тас

Ортасында жанды бас (Тасбақа)

2. Өзінше ноян,

Қорқақ кім? (Қоян)

3. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен.... (Кірпі)

4. Дамыл таппай бір мезет

Жортумен жүр сұр .... (көжек)

5. Бәрі шығар жұмысқа,

Шығатын кім ? (Құмырсқа)

6. Қысы - жазы өзгермес

Көрсеңде күні - түнімен

Қанша аяз болса да,

Өзгермейді жасыл түсінен (Шырша)

7. Қабат - қабат қаптама,

Ақылың болса аттама (Кітап)

8. Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті - қолын жуады (Мысық)

9. Сәбиге сән үй,

Әжеге ән күй (Бесік)

Жарайсыңдар, балалар! Сендер жұмбақты жақсы шештіңдер.

Ал , енді келесі бөлімге көшпес бұрын сендермен және көрермендермен психологиялық жаттығу жасайық.

Жаттығу «Шапалақ жаңбыр» деп аталады.

Ал сіздер білесіздер ме,шапалақ соғудың өзі әр түрлі болады екен.Қане бәріміз бірге сол алақанға оң қолдың сұқ саусағымен соғамыз.Содан соң екінші саусақты қосамыз да,екі саусақпен соғамыз.Содан кейін үш саусақпен,төрт ,бес яғни тұтас алақанмен шапалақтаймыз.Енді үш рет шапалақтаймыз. Жарайсыздар. Көңіл-күйлеріңіз шамалыда болса көтерілді ме?

Енді сайысымыздың төртінші бөліміне көшейік.


4- бөлім «Тапқыр аудармашы»

Бұл бөлімде көп нүктенің орнындағы түсіп қалған санды 3 тілге аударып мақал - мәтелді толықтыр.

  1. Жеті жұрттың тілін біл

........ түрлі білім біл (Жеті - семь - seven)

  1. Білекті ......... жығар,

  2. Білімді мыңды жығар (бір - один - one)

  3. Ер кезегі ............ дейін (үш - три - three)

  4. ............... түгел болса төбедегі келеді,

Алтау ала болса ауыздағы кетеді (төрт - четыре - four )

  1. Жігіттің ........ сөйлені - өлгені (екі - два - two)

  2. Білгенің бір ............

Білмегенің тоқсан тоғыз (тоғыз - девять - nine)

8.............. саусақ бірдей емес (бес - пять - five)

9. Алдыңа бір қарасаң - артыңа ........... қара (он - десять - ten )

5 - бөлім "Ертегілер елі".

Бұл бөлімде ертегіге байланысты сұрақтар беріледі.

1. "Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді" деген сөздер кездесетін ертегіні көрсетіңіз: (жауаптар сурет арқылы бейнеленеді)

2. "Бауырсақ" ертегісіндегі бауырсақты жегісі келген аңдарды ретімен атап беріңіз: (жауаптар сурет арқылы бейнеленеді)

3. "Мақта қыз" ертегісінде кездесетін кейіпкерді табыңыз: (жауаптар сурет арқылы бейнеленеді)

Қорытынды.

Балалар бүгінгі сайысты қортындылағалы отырмыз. Барлығымыз кім жеңімпаз болғанын білгісі келіп отырған шығар. Ендеше әділқазыларға сөз береміз.

Бүгінгі «Топжарған» білім сайысына келіп қатысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіремін. Әрқашанда қадамдарыңызға нұр жаусын!.

Қош демейміз ,әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,

Өскен ортаның жұртынан қалыспаңдар-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.







Топжарған . Интеллектуалды сайыс



Интеллектуалды сайысы


Орындаған: Орыналиева Алтын

© 2010-2022