Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік. Төл сөз бен автор сөзі

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік. Төл сөз бен автор сөзі.

Мақсаты:

1.Бастауыш сыныпта алған білімдерін жүйелеу. Төл сөздің қолданылу мақсатын, құрылысы мен тыныс белгілерін меңгерту.

2. Төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне байланысты жаттығу жұмыстарын орындату.

3. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі, типі: жаңа білім беру, дәстүрлі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілік: төл сөз бен автор сөзіне байланысты кесте-плакаттар.

Пайдаланған әдебиеттер: Г.Қосымова, Н.Құрманова «Қазақ тілі» әдістемелік нұсқау, Алматы, «Мектеп», 2004 жыл, 46- бет.

З.Басыбекова, З.Ерназарова «Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар» Алматы «Мектеп» 2004 ж.

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту.

Амандасу, сыныпты сабаққа дайындау.

ІІ. Мағынаны тану.

Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі:

а) ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізу. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейді;

ә) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді.

Төл сөзді болсын, төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді (Тақтадағы кесте-плакат арқылы түсіндіремін)

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз (Тақтадағы кесте-плакат арқылы түсіндіремін)

Оқулықпен жұмыс. 161-бет, 156-жаттығу; 162-бет, 157-жаттығу; 164-бет, 158-жаттығу. «Дидактикалық материалдан» 118-бет, 2-тапсырма.

ІІІ. Ойтолғау. 2-тапсырмаға байланысты Абайдың қарасөзіне байланысты «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

Үйге тапсырма. Абайдың қара сөздерінен төл сөз бен автор сөзі, төлеу сөзге байланысты 5 мысал жазу, мағыналарын түсіндіру.

Қорытындылау, бағалау.


© 2010-2022