• Преподавателю
  • Другое
  • Сабақ жоспары, қазақ әдебиетінен (5 сынып), Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Сабақ жоспары, қазақ әдебиетінен (5 сынып), Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.11.2015 ж

Сынып: 5 «В», 5 «А»

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: БжС технологиясы бойынша «Ауызша сабақ - 1 картасы»

Мақсаты:

  • Негізгі кейіпкеріміз Жиренше шешеннің әрекеттерін негізге ала отыра, оқушыларды адалдыққа, әділдікке, шыншыл болуға шақыру;

  • Зейінін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын

дамыту;

  • Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Үй тапсырмасы. Кіріспе сұрақтарына жауап беру.

ІІ. Жаңа тақырып бойынша тірек сөздер тақтада.

ІІІ. Қарама - қарсы сұрақ.

IV. Сыни - сұрақ.

V. Тақырыптық сөздік қор.

І. Үй тапсырмасын қиылыс сұрақтар арқылы қорыту, бекіту.

  1. Хан кімді шақыртты? (Жиреншені)

  2. Хан Жиреншеге нені береді? (қырық бас сиырды береді.)

  3. Хан Жиреншеге нені бұйырады? (Сиырлардың ішек- қарнын тірідей тазалауды бұйырады.)

  4. Ханның Жиреншеге қырық сиырды, әрі тапсырманы берудегі мақсаты не? ( Жиреншені сынаққа алуы.)

  5. Жиреншеге бұл істе кім көмек көрсетіп, ақыл -кеңес береді? ( Әйелі, Қарашаш.)

  6. Жиренше алдындағы қырық сиырын қайда айдап апарады? (Ащы құдықтың басына.)

  7. Қырық сиырдың барлығының да ішін тазалап, кімге алып келеді (Ханға)

  8. Хан Жиреншенің ішек - қарынын тазалап әкелген сиырды не істетті? (Бір - бірлеп сойғыза бастады.)

  9. Сонда Хан неге аң - таң болады? (Ешбіреуінің ішінен қылтан таба алмайды.)

  10. Хан Жиреншеге қандай хабар береді? (Ханның ордасына келуін сұрайды.)

  11. Ханның ордасына келу үшін Жиреншеге қандай талап қояды? (Жолмен де, жолсызбен де жүрмесін - дейді.)

  12. Бұл хабарды алған Жиренше қандай амал-әрекетті ойлап табады? (Бір ит пен бір ешкіні қосақтап алады.)

  13. Оның келе жатқанын көрген хан не дейді? (« Мынау кім өзі? Жолмен де, жолсызбен де жүрмейді.» - дейді.)

  14. Жиреншенің тапқырлығын көрген Хан не істейді? ( Таңғалады.)

  15. Жиреншенің тапқырлығын байқаған Хан оған тағы қандай сынақ дайындайды? (Сексен еркек қойды береді.)

  16. Сексен еркек қойды беріп, тағы қандай тапсырманы орындауды жарлық етеді. (Жазғытұрым қой қоздаған уақытта, осы қойлардың барлығын қоздатып әкелуін бұйырады.)

  17. Жиренше қойларды алып келіп, кіммен ақылдасады? (Қарашашпен)

  18. Жиренше мен Қарашаш ақылдаса отырып қандай шешімге келеді? (Қойларды шетінен сойып жей беруге келіседі.)

  19. Қарашаш Жиреншеге кім болып келеді? (Әйелі)

  20. «Хан келсе, жауабын өзім беремін» деген кімнің сөзі? (Қарашаштың сөзі)

  21. Қой қоздайтын уақыт жетіп, о да өтіп кетеді. Хан Жиреншеге хабар жібереді. Жиреншенің әрекеті? (Жауап қатпай, қойларды шетінен жалғыздап сойып жеп жатады.)

  22. Шыдамы таусылған Хан кімдікіне келеді? (Жиреншенікіне келеді.)

  23. Ханның алдынан кім шығады? (Қарашаш)

  24. Хан Қарашаштан кімді сұрайды? (Жиреншені)

  25. Осы кезде Қарашаш жауапты қалай береді? (Жиренше жас босанып жатыр -дейді.)

  26. Қарашаштың жауабынан жеңілген Хан не істейді? (Атының басын бұрып алып ізінше кейін қайтады.)

ІІ. Тірек сөзбен жұмыс. Еске сақтау арқылы жазу.

1. Шешен

2. Ақылды

3. Сарай

4. Күрке

5. Хан

6. Нөкер

7. Қаңбақ

Ұғынуды ұйымдастыру: Мәтінмен жұмыс. (3 минут)

ІІІ. Қарама-қарсы сұрақ.

  1. Жиренше дегеніміз кім? (Ол шешен адам болған.)

  2. Жиренше шешен қандай адам болған? (Асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам, әділетті адам болған.)

  3. Жиреншенің шешендігіне қызыққан кім? (Хан)

  4. Хан кімді өзінің қасына ерітіп жүреді? (Жиреншені)

  5. Жиренше ханға жағымпазданған ба? (Жоқ.)

  6. Жиренше кімнің сөзін сөйлейді? (Елінің сөзін сөйлейді.)

  7. Жиренше қайда тұрады? (Кішкентай күркесінде тұрады екен.)

  8. Өз үйіне келгенде Жиренше қандай сезімде болады? ( Мың жасап, бой жазып қалады екен.)

  9. Жиреншенің үйі қандай екен? (Өте кішкентай, әрі қырық жамаулы күрке екен.)

  10. «Қайран менің өз үйім, кең сарайым - боз үйім» деген кім? (Жиренше шешен.)

  11. Жиреншенің күркеде жатып керілгенде, күркеден сыртқа несі шығып кетеді екен? (Аяғы.)

  12. Бір күні хан нөкерлерін ерітіп қайда шығады? (Серуенге шығады.)

  13. Еріккен ханға не керек? (Ермек керек.)

  14. Хан нөкерлерімен серуенге аттанғанда, тағы қасына кімді ерітіп алады? (Жиреншені шақырады.)

  15. Серуенге шыққан кезде ауа райы қандай екен? ( Жел соғып тұрады.)

  16. Бір адырдан аса бергенде, ханның алдынан не ұшып бара жатады? (бір түп қаңбақ.)

  17. Хан Жиреншені шақырып алып не дейді? (Анау қаңбақ қайдан келетінін, қайда баратынын сұрап білші дейді.)

  18. Жиренше шауып ала жөнеледі де, жетіп барып қаңбақты немен ұрып тоқтатады? (Қамшысымен ұрып тоқтатады.)

  19. Аздан кейін қаңбақты қоя береді. Жел қуған қаңбақ не істейді? (Домалай жөнеледі.)

  20. Хан Жиреншеден нені сұрайды? (Қаңбақтың жауабын.)

  21. Хан Жиреншеден қаңбақтың жауабын қалай сұрайды? (Сөйлестің бе, не айтты қаңбақ? Қайдан келеді, қайда барады екен)

  22. Ханға Жиренше қаңбақтың жауабын қалай береді? (Сөгіп салды өзімді. «Желдің өтінен шықтым, ығына қарай ығып барам; желге ұшам, сайға қонам; оның несін сұрайсын?»дейді.)

  23. Жиренше Ханға қаңбақтың мына жауабын бергенде қандай күйде болады? «Білмеуші ме едіңдер? Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Осыны сұратқан хан ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па?» дегенде, хан қандай жағдайда болады? (Ұялғаннан еш нәрсе дей алмайды.)

  24. Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін ата? (Жиренше шешен, Хан, қаңбақ)

  25. Хан қандай адам болған? (Ақымақ )

  26. Хан Жиреншені жұмсағанына өкінеді ме? (Иә, өкініп, ұялады.)

ІV. Сыни сұрақ . (Дәлелімен)

1. Жиренше шешен адам болған. ( дұрыс, Жиренше шешен болған.)

2. Жиренше елінің емес, бай мен хандардың сөзін сөйлеген. ( Дұрыс емес, Ол әрқашанда елінің сөзін сөйлеп, әділеттілікті жақтаған адам.)

3. Хан Жиреншені қасына алдыртады. ( Дұрыс, Жиреншенің шешендігіне қызығады.)

4. Жиренше ханның алтын сарайында тұрады? (Дұрыс емес, Жиренше кішкене күркесінде тұрады.)

5. Хан өз үйіне келгенде мың жасап, бой жазып қалады. ( Дұрыс емес, хан емес, Жиренше мың жасап қалады.)

6. «Қайран менің өз үйім, кең сарайым - боз үйім» дейді Жиренше. ( Иә, Жиреншенің үйіне келіп керілгенде айтқан сөзі.)

7. Киізі қырық жамау күркеде ханның қырық уәзірі тұрады . ( Жоқ, дұрыс емес, Жиренше тұрады.)

8. Жиренше күркесінде жатқанда екі аяғы тізесіне дейін сыртқа шығып жатады? (Иә, себебі, күркесі кішкентай.)

9. Бір күні хан жалғыз өзі серуенге аттанады? (жоқ, дұрыс емес, қасында нөкерлері мен Жиренше болады.)

10. Еріккен ханға ермек керек. (Иә, дұрыс. Себебі, хан ақымақ.)

11. Хан Жиреншені, нөкерлерін ерітіп сампылдап, әңгімені соғып келеді. (дұрыс, себебі, хан өзінің қара басын ғана ойлайды.)

12. Ауа райы тұп - тұнық. (дұрыс емес, күн жел.)

13. Бір адырдан аса бергенде хан өзінің ескі досын көреді. (дұрыс емес, қаңбақты көреді.)

14. Хан ақымақ, еріккен б (дұрыс емес, уәзірлер емес, хан.)

15. Хан Жиреншеге сексен еркек ешкіні береді. ( Дұрыс емес,ешкі емес, қой береді.)

16.Хан Жиреншеге сексен еркек қойдың барлығында қоздатып әкелуін бұйырады. (Иә, дұрыс Жиреншеге еркек қойды қоздатып әкелуін бұйырады.)

17. Жиренше қойларды алып келіп, ауыл адамдарымен ақылдасады? (Дұрыс емес, Қарашашпен ақылдасады.)

18. Қарашаш Жиреншенің әйелі. (Иә, дұрыс, Қарашаш Жиреншенің әйелі.)

19. Жиренше мен Қарашаш ақылдаса келіп, ешкілерді бір - бірлеп соя бастайды. (Жоқ, дұрыс емес, ешкі емес, қойды соя бастайды.)

20. Қой қоздайтын уақыт жетіп, о да өтіп кетеді. Хан Жиреншенің үйіне уәзірлерін жібереді. (Жоқ, дұрыс емес, ханның өзі барады.)

21. «Хан келсе, жауабын өзім беремін» - деген екен Қарашаш. (Иә, дұрыс Қарашаш Жиреншеге дәл осылай айтады.)

22. Шыдамы таусылған хан Жиреншенің үйіне қарай бет алады? (Ия дұрыс, Жиреншенің үйіне келеді. )

23. Ханның Жиреншенің үйіне барудағы мақсаты оны сынау еді.(Жоқ, ол өзінің берген сексен еркек қойына келген еді.)

24. Ханның алдынан Қарашаш шығады. (Иә, дұрыс, ол Жиреншені үйде жатқызып, ханның алдынан шығады.)

25. Хан Қарашашқа саулық сұрай келеді. (Дұрыс емес, сексен еркек қойы үшін келді.)

26. Хан Қарашаштың жауабынан жеңіліп, ізінше үйіне қайтады. (Иә, Қарашаштың: «Жиренше жас босанып жатыр» - деген жауабына сөз таба алмай, ізінше үйіне қайтады. )

V. Тақырыптық сөздік қор. Жиреншенің хан сынағына түсуі. (Эссе).

Үйге тапсырма («4», « 5» белгіден кем алған оқушыларға ертегіні оқу, мазмұндау.) (71 бет) №7 тапсырма.

Қорытындылау.





© 2010-2022