Ашық сабақ Жеміс-жидек дүкенінде 4 сынып

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Березовка орта мектебі» КММ

КГУ «Березовская средняя школа»







Ашық сабақ

«Жеміс-жидек дүкенінде»

4 сынып



Жетілдірді: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ермагамбетова Г.К.




Березовка селосы

2015 -2016 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Жеміс-жидек дүкенінде.

Сабақтың мақсаты: Жеміс-жидектердің атауларын қайталау, дүкенде не бар екенін, қанша тұратынын , өзінің не сатып алатынын айта алуға үйрету.
Білімділік: Қоғамдық орындарда қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сауатты жазу, оқуға дағдыландыру, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: мемлекеттік тіл - қазақ тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: оқу, аудару, диалог, ойын технологиясы, сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: «Жеміс-жидектер» суреттері, стикерлер, ақпараттық карталар.

Пән аралық байланыс: математика, орыс тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Отырыңдар!
- Бүгін кім кезекші? ( кезекшіден аптаның күні мен ауа райы, оқушылардың түгелдігін тексеру)
Лексикалық жаттығу: - Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қай сабақ?
- Біз қайда тұрамыз?,т.б.
Оқушыларды қазақ тілі сабағына психологиялық дайындық жүргізу: оқушылардың көздерін жұмылдырып, ең қызықты, жағымды сәттерін естеріне түсіртіп, елестеткізу.

ІІ.Жаңа сабақ.

Үй жұмысын тексеру.
1-жаттығу. - Балалар, мына сызба бойынша өткен тақырыптарға байланысты сөздерді табыңдар. (Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы)
Ж Р Е К И СД Е Ө І М Т
-Жемістерді біз қайдан сатып аламыз?

Бүгін біз жеміс-жидек дүкеніне барамыз.
2-жаттығу.Тілді жаттықтыру.
- Енді біз сендермен тілдерімізді жаттықтырайық. Мен бастайын, сендер костап, аяқтаңдар.
Овощ - көкөніс,

А фрукт - жеміс


Огурцы - қияр,
А граната - ...

Жираф - керік,
А абрикос - ...

Один - жалғыз,
А арбуз - ...

Зеркало - айна,
А яблоко - ...

Усы - мұрт,
А груша - ...

Кобыла - бие,
А вишня - ...

Луна- ай,
А малина- ...

- Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын!

Іші қызыл
Сырты жасыл
Іші тәтті
Сырты қатты
(Қарбыз)

Сөздік жұмыс:

Алыс емес-недалеко

Сатылады-продается

Мұнда- здесь
3-жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Оқып, аудару.
Бүгін жексенбі. Демалыс күні. Менің анам және әпкем жеміс-жидек дүкеніне барды. Дүкен біздің үйден алыс емес. Дүкенде жемістер мен жидектер сатылады. Мұнда анар, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, алхоры, жүзім, қарбыз, шие, бар. Анам алма, өрік, жүзім сатып алды.

Сұрақтар:

1.Бүгін қандай күн?

2.Дүкен үйден алыс па?

3.Дүкенде не сатылады?

4.Сен дүкенде не сатып аласың?

4-жаттығу.Сөйлесу: «Жеміс-жидек дүкенінде». Оқушыларды рөлдерге (сатушы мен сатып алушы) бөліп, сөйлесу үлгісімен таныстыру.
- Сәлеметсіз бе?

-Қайырлы,таң!

-Сіздерде алма, өрік, құлпынай бар ма?

-Иә, бар.

-Олар қанша тұрады?

-Олар ... теңге тұрады.
- Маған алма, өрік беріңізші.
- Алыңыз.

-Рақмет.Сау болыңыз!

-Сау болыңыз!


- Балалар,сергіту сәтін орындап, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.

5-жаттығу. Жуан дыбыстары бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бір бөлек жаз.

Қарбыз, алмұрт, дүкен, алхоры, өрік, жеміс, алма, жүзім, қала, көше, сатушы, таңқұрай,жидек.

Бекіту: - Сендер нені жақсы көресіңдер?
- Жемістерде не бар?

-Сандарды қайталайық.Тақтадағы сандарды атаңдар.
Сабақты қорыту: - Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Не түсіндік?
- Не түсініксіз болды?

Үй тапсырмасын беру: Диалог құрастыру.

Бағалау: оқушыларға баға қою







Ақпараттық картасы.

Жеміс-жидек дүкенінде.

Сөздік жұмыс:

Алыс емес-недалеко

Сатылады-продается

Мұнда- здесь


3-жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Оқып, аудару.
Бүгін жексенбі. Демалыс күні. Менің анам және әпкем жеміс-жидек дүкеніне барды. Дүкен біздің үйден алыс емес. Дүкенде жемістер мен жидектер сатылады. Мұнда анар, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, алхоры, жүзім, қарбыз, шие, бар. Анам алма, өрік, жүзім сатып алды.

Сұрақтар:

1.Бүгін қандай күн?

2.Дүкен үйден алыс па?

3.Дүкенде не сатылады?

4.Сен дүкенде не сатып аласың?

4-жаттығу.Сөйлесу: «Жеміс-жидек дүкенінде».

- Сәлеметсіз бе?

-Қайырлы,таң!

-Сіздерде алма, өрік, құлпынай бар ма?

-Иә, бар.

-Олар қанша тұрады?

-Олар ... теңге тұрады.
- Маған алма, өрік беріңізші.
- Алыңыз.

-Рақмет.Сау болыңыз!

-Сау болыңыз!



5-жаттығу. Жуан дыбыстары бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бір бөлек жаз.

Қарбыз, алмұрт, дүкен, алхоры, өрік, жеміс, алма, жүзім, қала, көше, сатушы, таңқұрай,жидек.



© 2010-2022