Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыскер ақын.

Жыр алыбы - Жамбыл.

«Жыр дауыл тәрізді, оны бөгей алмайсың»

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл - айтыскер ақын.

( 1846-1945)

Мақсаты: а) Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармасы жайлы кеңірек мәлімет бере отырып, оның айтыскер ақын екеніне тоқталу.

ә) Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, Жамбыл заманындағы әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

б) Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Жергілікті ақынымыз Н. Баймұратов туралы тың түсінік беру.

Көрнекілігі: Жамбыл портреті, суреттері, кітап көрмесі, газет материалдары, слайд, Н. Баймұратов туралы материалдар, буклеттер, шығармалары, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақ әдісі: Түсіндірме, сұрақ- жауап, шығармашылық.

Барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ Жаңа сабаққа көшу.

Еске түсіру сұрақтарына сүйену,

1) Балалар, біз төменгі сыныптарда жыр алыбы Жамбыл атамыздың қандай шығармаларымен таныспыз?

( 5 сыныпта өткен «Өтеген батыр» жырынан үзінді оқыдық.)

2) Қысқаша мазмұнына тоқталып кетейікші.

3) Сонда Өтеген батыр ауыз әдебиетіндегі қандай кейіпкерге ұқсас болған екен? ( Аңыз әңгімедегі Асан қайғыға. Жерұйық іздеуі )

Олай болса, бүгін біз сіздермен Жамбыл атамыздың өмір жолымен, шығармашылығымен толығырақ танысамыз

  • ( Ж. Жабаевтың өмір жолына оқулық пен қосымша материалдарды пайдалана отырып тоқтала кету.)

  • Анасы Ұлдан жайында мәлімет беру.

1957 жылы Алматы қаласында шыққан шығармалар жиынтығында:

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей - көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын

Жамбыл деп қойыпты атым содан.

  • Әкесі Жапа туралы тоқтала кету.

13-14 жасқа келгенде әкесінен бата сұрайды.

Батаңды маған бер, әке

Тіліме менің ер, әке,

Жапаның ұлы ақын боп

Жақсы істепті... дер, әке!

Бірақ әкесі оның домбыра тартып өнер қуғанына риза болмайды. Содан әкесінен қол үзіп, алған бетінен қайтпай атақты Сүйінбай ақынға барып батасын алған екен.

  • Сүйінбай Аронұлы жайлы еске түсіру.

  • Нешінші сыныпта таныстық? ( 6 сыныпта )

  • Қандай шығармаларын білеміз?

Сүйінбайдан импровизаторлық өнерді үйренгеніне тоқталу.

  • Жамбылдың айтыскер ақын екеніне тоқталу.

Айтыс дәстүрі - ақындық өнерді шыңдайтын ең қатал мектеп. Айтыс - қазақ фольклерінің бір жанры.

Құлмамбет ақынмен ( 1881 ж. )

Сарыбай ( 1898 ж. ) үзінділер

Досмағамбет ( 1902 ж.) келтіру

Жамбыл Шашубай

Арқаның ақындары

Шөже

Жамбылдың Нұрлыбекке берген бағасы.

  • Нұрлыбектің туғанына 120 жыл толуына байланысты ауданымызда өткен республикалық ақындар айтысы туралы слайд- фильм.

  • Н. Баймұратовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші У. Түкісов жайында бір үзік сыр.

  • Сабақты қорытындылау.

  • Сабақты бекіту.

  • Бағалау.

  • Үйге тапсырма беру: Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы жайлы шағын эссе жазу, «Аттандыру» өлеңін жаттау.

© 2010-2022