«Аяз би» ертегісі бойынша қорытындылау

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі бойынша қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: білімділік - «Аяз би» ертегісі бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау;

тәрбиелік - адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу;

дамытушылық - логикалық ойын дамыту, дұрыс анық сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.

Сабақтың көрнекілігі: «Аяз би» ертегісі.

Сабақ түрі: қорытынды сабақ, дәстүрлі емес.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу; ә) сабаққа дайындықтарын бақылау; б) Мұқағалидің бір өлеңін жатқа оқыту.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

1. Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты - «Аяз би» ертегісі бойынша алған білімдерімізді қорытындылау. Бүгінгі сабақта біз есте сақтау қабілетіміздің қаншалық деңгейде екендігін, ертегі мазмұнын есте сақтай алғандығымызды, шешендігімізді жылдамдығымызды және біліміміздің қаншалық деңгейде екендігін сынайтын боламыз.

2. Сабақтың шарты: сабақ негізінен үш ойыншымен жүргізіледі. Қалған оқушылар сарапшылар болып табылады. Қазір қойылған сұрақтарға тез әрі нақты жауап берген үш үш оқушы ойыншы бола алады. Ойыншы атанған үш оқушы өзіне көмекшілікке тағы үш щқушы таңдай алады.

III. Үй тапсырмасын сұрау.

Ойыншы болатын үш оқушыны таңдау үшін қойылатын сұрақтар.

1. «Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар жібереді? (гауһар тас, пышақ, тәрелке, қайрақ)

2. Меңді сұлу берген заттарды Жаман не істеді? (қайрақты төске қойып, баолғамен ортасынан бөлді, тәрелкені уатты, пышақты жетесінен сындырды, гауһар тасты қақ жарды)

3. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алады? (өзі тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой)

Ойыншылармен жұмыс.

Ал, жүзден жүйрік шыққан білімді де білгір ойыншылар. Бүгін жеңіске жетуге дайынсыңдарма? Сендерге бір сұрақ қояйын. Ойлануға бір бас жақсы ма, әлде екі бас жақсы ма..? Әрине екі бас жақсы. Олай болсам, оқушылардың ішінен өздеріңе бір-бір оқушыдан көмекші сайлап алыңдар.

I бөлім. «Табалдырық». Ойыншылар өздері конверт таңдап алып, I болімнің сұрақтарына жауап береді.

Бірінші ойыншыға I бөлімнің сұрағы

1. Уәзірлер не үшін Жаманды адамның жаманы деп шешті? (үстіндегі жыртық тоны мен тері тымағына, ұсқынсыздығына қарап)

2. Хан уәзірлерімен келісіп, Жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды? (Барсакелмеске)

Екінші ойыншыға I бөлімнің сұрағы

1. Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды таңдады? («Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен» деп қырғаулды атып алады)

2. Хан Жаманды қайда көшіріп жіберді? (Ақша ханның еоіне)

Үшінші ойыншыға I бөлімнің сұрағы

1. Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді? (қарақоға отқа жақсам, жанбайтын, үрлесем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі үйдің ішін алып кететін, отқа жанбаған соң, малға салсам, сиыр екеш сиыр да жемейтін)

II бөлім: Қозыкөш.

Бірінші ойыншыға II бөлімнің сұрағы

1. Барсакелместегі «інжілі қой» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты? («Бір түгі - алтын, бір түгі - күміс, сойса терісі - бір адамға то» дейді. Соның терісін үстіме кигім келеді.)

2. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білдің? (Тұлпарыңыз судан әрі-бері өткенде аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті. Сиырды күніне қырық суарсам да, судан айдағанда, аузын суға малмай, артқы аяғын сілкімей өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға шатыс екенін содан білдім)

Екінші ойынға II бөлімнің сұрағы

1. Барсакелместегі «інжілі үйрек» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты? («Қанаты - -күміс, басқа жері - алтын» дейді. Соны тәж қып кигім келеді)

2. Жаман гауһар тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білді? (Тастың өз қасиетіндей салмағы болу керек. Тас жеңілдеген екен. Құрт бар екенін содан білдім)

Үшінші ойыншыға II бөлімнің сұрағы

1. Барсакелместегі «дәудің інжілі қара арғымағы» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты? («Дәудің інжілі қара арғымағы бар, бір шапқанда жүз шақырым шабады» дейді.Соны мінгшім келеді.)

2. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қайдан білді? (Хандардың ішер асы жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені аспазға жібердіңіз)

III бөлім: Беласар.

Бірінші ойыншыға III бөлімнің сұрағы

1. «Е, шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын. Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі? (Ханның анасының сөзі)

2. Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда келген адам қалай бейнеленген? (ақ боз атты, ақ киімді, бетіне перде жапқан кісі)

Екінші ойыншыға III бөлімнің сұрағы

Ханның әкесінің аты кім еді? (Зәрлі хан)

Жаман нелітен ханға шынын айтпаған еді? («Қайрақтай болып үгітілгенше, тәрелкедей болып уытылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше сыр айтпауға» Меңді сұлуға ант еткен)

Үшінші ойыншыға III бөлімнің сұрағы

1. Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені? («Мен үшін кінәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал» деген еді)

2. Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен хан балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе?»)

IV бөлім: Мәре.

Бірінші ойыншыға IY бөлімнің сұрағы

1. Хан шаңыраққа қарап, ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай жұмбақ жасырды? (жау шапты, ел бүлінді, апат соқты)

2. Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді? (Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірдіме деп отырмын)

Екінші ойыншыға IY бөлімнің сұрағы

1. Жаманды шақыруға хан бір жігітті жібереді. Жіберген жігіті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Ал Жаманныцң әйелі осы уақытта не істеп отыр еді? (Әйел төрдегі айнаға қарап, өз көркіне таң қалып отыр екен.)

2. Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қойды? (жыртық тоны мен жаман тымағын)

Үшінші конверттегі IV бөлімнің сұрағы

1. Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін басатын? («Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл»)

2. «Аяз би» ертегінің қай түріне жатады?



© 2010-2022