Сын есім картасы. 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын есім. №1. 1 - деңгей.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып,сұрақ қой.

Гүлнұр - әдепті оқушы. Ұстаз - құрметті адам.Бүркіт ұясын биік қияға салады. Көмір пайдалы қазбаларға жатады.

*** Құрметті сөзіне мәндес сын есімді жаз.

-------------------------------------------------------------------------

Сын есім. №2. 1 - деңгей.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімнің сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, астын сыз.

Ерден - пысық бала. Тапсырылғын жұмысын тиянақты істейді. Киімдері таза. Кітаптарын ұқыпты ұстайды.Үйдің ішін де тап - тұйнақтай қылып тазалайды.

---------------------------------------------------------------------------

Сын есім. №1. 2 - деңгей.

Көп нүктенің орнына жұрнақ жалғап, туынды сын есім жаса.

Жауын ... , икем... , білім..., бақыт..., құрмет... .

*** Өзің қалаған үш сөзге сөйлем құрастыр.

Сын есім. №1. 2 - деңгей.

Туынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына талда.

Білгіш,қоңыр, сенгіш, терең, тапқыш, жуан, көршілес.

*** Туынды сын есімдерге сөйлемдер құрастырып жаз.

-----------------------------------------------------------------------------

Сын есім. №1. 3 - деңгей.

Сын есім бола алмайтын сөздердің астын сыз.Берілген сөздерден затты кішірейту, үлкейту мағынасындағы сөздерді топтап жаз.

Таяқтай, еркетай, тақтай, оймақтай, бармақтай, қазандай, пілдей, құрттай, апандай, абажадай.

Затты үлкейту мағынасындағы сөздер:

Затты кішірейту мағынасындағы сөздер:

*** Кестені ұқсас мысалдармен толықтыр.





© 2010-2022