Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің шығармашылық есебі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің шығармашылық есебі.

Ауыл мектептерінде мемлекеттік тілді, орыс тілін және шет тілдерін кіріктіре оқытуды дамыту»

Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында республикамызда ұлттық біріңғай тестілеу ҰБТ енгізілгеніне де бірнеше жыл болды. Ұлттық біріңғай тестілеу -жаңа технологияға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені баршамызға белгілі.

ҰБТ- даярлау менің көп ізденуімнің қажет екенін түсіндім.

Тәуелсіздік Қазақстанның өркенниеті дамуының азаматтық арызының алтын арқау-қазақ жеріндегі татулық пен имандылық

Мемлекеттік тіл-қазақ тіліне үлкен міндеттер жүктелген.

Қазақ тілін оқыту барысында , орыс тіл мектептерінде әр тақырыпты өткен сайын салыстырып оқыту қажет.Мысалы: Қазақ тілі және ағылшын тілдерінде:

Морфологиялық тәсіл:

Түбір сөзге туынды түбір сөзге қазақ тілінде -лар, лер,-дар-дер-тар,тер, көптік жалғаулары, ал ағылшын тілінде ЕS көптік жалғауы жалғану арқылы жасалады.


Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен жаңа формация мұғалімі қабілетті, кәсіби білікті, жаңа технологияны меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлға болуы тиіс.

Тіл үйрету жұмысы - күрделі процесс. Сондықтан оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Оқушыларға біз тек тіл үйретіп қана қоймай, олардың сабақ барысында қазақша ойлау дағдыларын қалыптастырып, өмірге өзіндік көзқарасын қалыптастырып ұғым-түсінігін кеңейтеміз. Біз өз оқушыларымыздың қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуіміз керек.

Бүгінгі таңда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың түрлі жолдары қарастырылып жүзеге асырылуда. Оқытудың жаңа технологиялық үлгілері ұсынылуда.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің шығармашылық есебі

Қазақ тілін екінші тіл ретінде және қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың әдістемесіндегі негізгі бағыт, ол - интерактивтілік. Бұл біздің қарым-қатынастар орнату мен оларды қолдау үшін қолданатын тіліміз. Өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөз сөйлеуші интерактивті стратегияларды қолданады.

Интерактивті сөз - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлдекіммен сұхбаттасу түрінде болады. Демек, интерактивті оқыту - бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігінің сипаттамасы - бұл субьектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.

Бұд әдістерді игеру және қолдану үшін оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет.

Интерактивті оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту жатады: «Ми шабуылы», топтардағы жұмыс, рөлдік ойын, ойын жаттығулары, жобаны әзірлеу, жағдайлық тапсырмаларды шешу және т.б.

«Ми шабуылы», - берілген сұраққа кез келген оқушы жауап бере алатын әдіс.

«Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады: мәселелерді талқылау, талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру, қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау.

Топтағы жұмыстың пайдасы:

- Оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар ықыласымен кіріседі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің шығармашылық есебі

- Белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді.

- Оқушылардың өздеріне деген сенімі артады.

- Бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ-бірлікті, әдептілік қасиеттерін қалыптастырады.

Еліміз егемендік алып, Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

1) білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.

2) ақпараттық дәстүрлі әдістері - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.

3) баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде.

4) оқушыға орта деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту;

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің шығармашылық есебі

Осы мәселелерге орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде. Мысалы, академик В.И.Монаховтың технологиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», профессор Ж.А.Караевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы».

Әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы да тиімді оқыту технологияларының бірі - Ж.Караевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.

Оқыту маңыздылығы:

1) Сынып оқушыларының бәрі түгелдей жұмыс істейді.

2) Бос отырған оқушы болмайды.

3) Әркім өз білім деңгейінің мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамытады.

4) Қиындықты жеңеді, пәнге деген қызығушылықтары қалыптасады.

5) Шығармашылық қабілеті дамиды.

Нәтижесі:

1) Қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.

2) Білім деңгейін дамытады.

3) Шығармашылық тұлға тәрбиелеу.

Ойымды толықтай жеткізу үшін өз тәжірибемде қолданатын әдіс-тәсілдердің мысалдарын келтіремін.

Диалогтық оқыту: сабақтың әр кезеңінде оқушылармен диалог жүргіземін.

Мысалы: Қазір қай жыл мезгілі?

Көктем айларын ата.

Көктемде ауа райы қандай болады?

Сен көктем мезгілін ұнатасың ба? және т.б

Сабақтарда сөзжұмбақ құрастыру, оны шешу, семантикалық картаны толтыру, сәйкестендіру, топтастыру, тірек-сызбаларды көп пайдаланамын. Осы барлығы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуға көп әсер тигізеді. Әрине, сабақтарым қызықты өткізу үшін интерактивті тақтаны қолданудың көмегі зор екенін белгілі. Сабақтарда тек өзім жасаған таныстырылымдарды ғана қолданбай, оқушылар жасап келген жұмыстарды көрсетіп, сол бойынша әңгімелеуді өтінемін.

Балаларға интерактивті тақтамен жұмыс істеу өте ұнайды. Үлгерімі төмен балалардың қызығушылықтарын артыру үшін тапсырмаларды түрлендіріп беремін.

ҰБТ -ге даярлауда менің көп ізденуімнің қажет екенін түсіндім. Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету негізгі міндетім болды.

ҰБТ нәтижелерінің мониторингі

2012 - 2015 жылы

2011-2012 оқу жылы

21,4

2012-2013 оқу жылы

21,5

2013-2014 оқу жылы

19,5 (ІІ орын аудан бойынша)

2014 - 2015 оқу жылы

22 (І орын аудан бойынша


Заман талабына сай интерактивті технологияларды сабақтарымда үнемі пайдаланамын. Балаларға қазақ тілін екінші тіл ретінде үйрету үшін осы технологиялар қолдануы өте тиімді деп ойлаймын.

Мұғалім Есенеева Заукен Айтпаевна


© 2010-2022