Аудандық семинар өтті макала

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ...

Бүгін Нағарашы ауылындағы Қыбраева Салтанат Ағисақызы басшылық ететін «Нағарашы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар болып өтті.

Бағдарлама бойынша семинарды «Ө дыбысы және әрпін қайталау» сабағымен мектепалды даярлық «А» тобының тәрбиешісі Қыбраева Ғалия Ағисақызы бастады. Мектепке енді ғана икемделді-ау деген балғындармен қайталау сабағы өте тартымды өтті. жай өткен жоқ, интербелсенді тақтаны қолдана отырып, түрлі слайдтар арқылы өткізілді.

Одан кейінгі кезекте көпшіліктің назарына мектепалды даярлық «Б» тобымен тәрбиеші-мұғалім Қасымханова Анар Еркімбекқызының дайындаған «Ана-біздің күніміз» атты ертеңгілік ұсынылды. Ертегі кейіпкерлерін қонақ ете отырып, сахнаны көптеген көрнекіліктерге толтырып тастаған бұл топтың ертеңгілігі де өте жоғары деңгейде өткізілді. Тіпті, бәрі шынайы қалпында өткізілсін деген оймен бірнеше күн бұрын сахнаға бидай егіп тастаған екен. Қыздары кәдуілгі бал иесі - АРА кейпінде киінсе, ұлдар ұлттық киімде... Зал толы гүлдер...

Бұл да өтті. Өтті де кетті. Одан кейінгі кезек қысқамерзімді балабақшаға келіп жетті. Балабақша тәрбиешісі Қисиқова Күлшари Қазықызы да кішкене бөбектердің өзін үлкен деңгейде дайындаған екен. Наурыз жайлы мерекелік ән-билерімен, түрлі өлең жолдарымен балдай тілдері былдыраған бөбектер баршаның ықыласына бөленді.

Семинарды талдамайды деседі, бірақ семинар соңында ауданның түпкір-түпкірінен келген бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық білім бөлімінің қызметкері де семинар өткізуші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігімен бірге отырып, өз пікірлерін білдіріп өтті. Жалпы, өткізілген сабақ та, ертеңгілік те, кішігірім тәрбие сағаты да өте жоғары дәрежеде өткізілгендігі жайлы пікір әрқайсысының да жүректеріне жылу ұялатып қойды. Шындығында, әлі де көрген-білгендері аз, оқымақ түгілі партаға отыруға енді ғана дағдыланып келе жатқан мектепалды даярлықпен, партаның не екенін әлі де ұғына қоймаған балабақшаның бөбектерімен аудан көлемінде жүрексінбей семинар өткізу дегеннің өзі - үлкен мәртебе. Бұл батылдық пен шеберлікті талап етеді. Мінеки, осы өткізілген семинарда Нағарашы орта мектебінің ұжымы батылдық таныта білді.

Еңбектеріңіз жана берсін, ардақты ұстаздар!

Т.Қасқарбаева,


© 2010-2022