Сабақтын тақырыбы: Кызығушылықты ояту Сыйлық жасау орындама?

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш класс мұғалімі: Исмагулова М.А.

Сабақтың тақырыбы: Сыйлық жасау орында ма? Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың сыйлық туралы айту, білімдерін жетілдіру. 2. Дамытушылық: Ой-өрістерін, сөздік қорын молайту арқылы, күнделікте және ауыз-екі сөйлеуде пайдалануын дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік, ізгілік, парасаттылыққа баулу, уақытымен және орынды сыйлық жасап, қуаныш білдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, қайталау, баяндау, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: жаңа сөздер, сөздік, кестелер,суреттер

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылармен сәлемдесу. - Класты түгендеу. 2. Ой қозғау - Балалар, бүгін нешесі? Ол қалай аталады? -Қазір қай мезгіл? -Қыс айлары қандай? -Қазір қай ай?

4. Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту 1. «Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сыйлық жасау». Сыйлық жасау - халықта ізгі әдет-ғұрып. Сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта біз нені үйрену керекпіз? Қандай мақсатқа жету керекпіз? (Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.) 2. Сыйлық адамға қуаныш әкеледі, және сыйлық жасаған кезде адам өзін-өзі де қуанышты болып сезінеді. -Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, сыйлық қашан беріледі? -Сыйлық алуды ұнатасыңдар ма? -Сыйлық беру ненің белгісі деп ойлайсыңдар? -Сыйлықты қалай ұсыну керек? -Қай кезде сыйлықты сыйлауға болады? -Сыйлық ұнамаса не істеу керек? Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше тақтаға қарайық. Мұғалім қысқаша түсіндіреді.

Сыйлық беретін қуаныштар

Туған күн мерекелер мектеп тойлар марапаттар жаңа үйге кіру

бітіру алу Сіздер аналарыңа,әкелеріңе,достарыңа қандай сыйлықтар сыйлар едіңдер? Мысалы: жақында анаңның туған күні «Не сыйласам екен?»,берілген сөз тіркесінен сөйлем құрайық.

Сыйлықтар

Балаға сыйлық Анама сыйлық Досыма сыйлық Мұғаліміме сыйлық

Оқушыларға мереке мен олардың күнін айту.Мерекеде адамдар бір-біріне сыйлықтар сыйлап,жақсы тілектер айтады. Сыйлық жасау. Өмірде қуаныш әкелетін мүмкіндіктер көп. Сыйлық жасауды бала кезден үйренуіміз керек. Бірақ сыйлықты таңдап,оны дұрыс тарата білу керек. Шын пейілден жасалған сыйлық адамның әдептілігі, тапқырлығы, мейірімділігін көрсетеді.

7. Бекіту:

1. Шығармашылық жұмыс. Белгілі бір тақырыпқа ситуация құрып, сөйлесу.

«Гүл сыйлау» арқылы сергіту сәті өтеді. Шегіргүл-фиалка-кішіпейілділікті Ақ раушан-белая роза-үнсіздік Ақгүл-жасмин-сыпайлылықты Қызғалдақ-тюльпан-түсіністікті Нарғызгүл-георгин-құрметті білдіреді.

2. Қорытындылау. Сонымен,балалар қандай сыйлық орынды болып саналады?

3. Рефлексия жүргізу. Егер сабақ ұнаса,тақтаға қызыл жұлдызша іліңдер.Егер сәл түсінбеген жерлерің болса,сары жұлдызша іліңдер.Егер сабақ мүлдем ұнамаса көк жұлдызша іліңдер.





© 2010-2022