Эссе учителя казахского языка и литературы на тему Мектептегі өзгеріс

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бөгенбаев Байғали РахманбердіұлыЭссе учителя казахского языка и литературы на тему Мектептегі өзгеріс

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі

Чкалов №2 орта мектебі

Тайынша ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

baygali71 mail ru


Мендегі және менің мектебімдегі өзгеріс келбеті

«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»

Ахмет Байтұрсынов

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жасұрпақтың қолында, ал жасұрапақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын. Сол елбасының сөзі кеше ғана көп деңгейлі бағдарлама курсын аяқтап келген маған, ерекше әсер берді. Курстан ерекше жауакершілікпен «Әлем өзгеруде, енді мен де,менің әріптестерімде өзгереді» деген қағиданы ұстанып келген маған бұл сөздер одан әрі, оқушы, ұжым қала берді ата-ана алдындағы жауакершіліктің терең екенін түсіндірді. Бұрыннан да сүйікті кәсібім бала оқыту болса, енді одан әрі балаларға дайын білімді беру емес,білімді өз бетінше меңгертудің жолын іздеу керек деп, өз тәжірибеме оқытудың меңгеріп келген жаңа әдіс-тәсілдерін енгізе бастадым.Әріптестерім де қалыс қалмасын деп бар білгенімді олармен де бөлісуге құлшына кірістім. Өйткені бағдарламаның тиімділігін курс барысындағы іс-тәжірибе кезеңінде-ақ сезінген болатынмын.Алдымен коучинг өткізу барысында ұжым арасындағы ынтымықтастықтың нығайғанын байқаған болатынмын. Балалардың бапкері бола біліп, оларды қажетті білімді алуға іздендіру арқылы білсем деген талаптарының артқандығын аңғардым. Дәстүрлі оқытуға әбден бейімделген менің тәжірибемде бұл өзгерістер өзімнің де кәсібіме жаңаша қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге жетеледі. Бүгінгі күні өзім сабақ беретін сыныптардағы оқушылар топтық жұмыс жасауға әбден төселе бастады.Тіпті топқа бөлу үшін де ойын түрлерін өздері ұсынып отырады.Расында да топтық жұмыс оқушыларды ізденуге, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге, топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізетін тиімді әдіс. Оны оқушылардың өздері де ұғынған. Бір ғажабы қазір әріптестерімнің көпшілігі өз сабақтарын топқа бөліп оқытуға бейімделген. Мен бұл өткізілген коучингтер мен олардың сабақтарыма қатысып,тәжірибе алмасудың нәтижесі деп есептеймін. Диалогтік әдіс арқылы оқушылардың өз ойларын бүкпесіз, еркін айта алатындарына, жауаптары дұрыс болсын, бұрыс болсын айтқызу нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлау мүмкіндіктерін дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырдым деп есептеймін. Олай дейтінім бұрын сабақта көп сөйлемейтін кейбір оқушылардың бүгінде сабақ барысында кәдімгідей белсене қатысып отырғаны байқалады. Яғни диалогтық оқыту әдістері оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, өз білімдерін әділ бағалауына оң әсерін тигізеді.Қысқасы, бағдарламаның тиімділігіне әбден көзім жетті. Сондықтан барлық ұстаздар меңгеріп, тиімді қолдануы керек деп есептеймін. Расында, оқушыларды жаңаша оқыта отырып, өзіміз де өзгерудеміз, үйренудеміз, үнемі тәжірибе жинақтаудамыз десем артық айтқандық болмас.



© 2010-2022