• Преподавателю
  • Другое
  • «Желтоқсан – азаттықтың ақ таңы» атты Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатының сценарийі

«Желтоқсан – азаттықтың ақ таңы» атты Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатының сценарийі

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Желтоқсан - азаттықтың ақ таңы» атты Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатының сценарийі:

Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.

Көрнекілігі: лозунгілер, слайд көрсетілімдері, интерактивті тақта, дербес компьютер, колонка.

Барысы:

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

ІІ жүргізуші:

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

І жүргізуші:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН - да бастан тепкен күн.

ІІ жүргізуші:

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып - қызыл мұз боп жатқан күн.

І жүргізуші:

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн

ІІ жүргізуші:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыды -ау жанын батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн

Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 - ның желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпайды, кімнің көңіліне жара салмайды.!

Атты бүгін - азаттықтың ақ таңы,

24 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқаны.

Елі текті, киелі, қасиетті елімнің,

Құтты болсын еркіндігі, ата - баба арманы.

І жүргізуші:

Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әдәлетсіз көтерілістің бірі.

ІІ жүргізуші:

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағалырымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

І жүргізуші:

Жас арудың жанарында - Желтоқсан,

Қанды ғасыр табаныныда - Желтоқсан,

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында - Желтоқсан.

Жауыздықты жасқағанда - Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да - Желтоқсан

Намысымның шырағы да Желтоқсан

Сұрқай өмірі сынағы да - Желтоқсан

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан.

Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.

ІІ жүргізуші:

Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңаертеңгілік сағат 1000- да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнынан Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз - ақ ұсынылған еді.

І жүргізуші:

Осыдан 29 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға (көрініс қойылады)1- көрініс. Бауыржан,Ертай, Қайрат

ІІ жүргізуші:

«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.

І жүргізуші:

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17 - сінде жастар Брезнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен таратады. Ертеңіне 18 желтоқсан Қайраттың үйі.

(2 - көрініс) («Амалым қанша» Бекжан Тұрыс)

  1. Қарлығаш - Зиялы

(3 - көрініс) - Сот залынан

ІІ жүргізуші:

Иә, бұл мереке - ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке.Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт - азаттық көтерілстерге шыққаны - осының дәлелі. Мұнан 24 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы - Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата - бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.

І жүргізуші:

Осыдан 24 жыл бұрын біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық, дүниеде Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды. Ылайым, бетімізден жарылқасын деп тіледік. Сол тілегімізді берді.

ІІ жүргізуші:

Оқушылардың дайындаған әдеби - музыкалық монтажына кезек береміз.

(«жасыл жайлау» әні Хор)

Жабылуы:

І жүргізуші:

Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні.

ІІ жүргізуші:

Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын.

І жүргізуші:

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен тағы да құттықтаймыз.

ІІ жүргізуші:

Енді қорытынды мерекелік құттықтау сөз кезегі - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Қалдыбай Бағила апайға беріледі.

© 2010-2022