Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып

а) білімділік: «Батыр Баян» поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру; ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіндіру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға үйрету; б) тәрбиелік: Туған жерге деген сезімдерін қалыптастыра отырып, сүйіспеншілігін арттыру, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сабақт...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.

Мақсаты:

а) білімділік: «Батыр Баян» поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіндіру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға үйрету;

б) тәрбиелік: Туған жерге деген сезімдерін қалыптастыра отырып, сүйіспеншілігін арттыру, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап

Пәнаралақ байланыс: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

Көрнекілігі: Слайд, топшама

Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушыларды түгендеймін;

  • Сабаққа дайындығын тексеремін.

Оқушыларды батырлық тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер арқылы 3 топқа бөлемін.

Оқушылардан «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын сұрап, құрылысына қарай талдатамын.

І. Шығарманың басталуы

«Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.

Жүрегім мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да, - деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады.

ІІ. Шығарманың дамуы

Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жолға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей» деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді.

ІІІ. Шығарманың шиеленісуі

Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.

IV. Шығарманың шарықтау шегі

Баян ішкі могологы арқылы өзінің іс-әрекетән саралайды. Ойы екіге бөлінеді. Бірі - айыптайды, екіншісі - ақтайды.

VI. Шығарманың шешімі

Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып, ауыр дерттен арылмақ болып, Абылайға келеді. Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алады. Бұл батырға көрсетілген ерекше құрмет.

(Шығармадан әсер алған жерлері бойынша салған суреттерін қорғайды).

Оқушыларға шығарма бойынша жалпы сұрақтар қойылады.

  1. Поэма ұнады ма?

  2. Поэманың таңқалдырған тұсы.

  3. Шығармада қандай тарихи тұлғалар кездеседі?

  4. Абылай хан туралы не білеміз?

Оқушылар шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы постер қорғайды.


Баян

Ноян

Баян - намысшыл, қайратты, әділ, елін, жерін сыртқы жаудан қорғайтын батыр, қайсар, өжет.

Ноян - сатқын, қорқақ, Отанына жаны ашымайтын ез, алаш жұртының намысын таптаушы.


Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.


Шығармадағы жанама кейіпкерлерге мінездеме беру

Кинодан үзінді көрсетіліп, оқушыларға сұрақ қойылады (Баянның Ноян мен қалмақ қызын өлтірген тұсы).

Сұрақ: Сен Баянның орнында болсаң не істер едің? (Баянның жан күйзелісі)


Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.


Кейіпкерлер бейнесіне ену

(3 топ Абылай хан, Баян, Ноянның бейнесіне ене отырып, шығармадағы іс-әрекеттерін көрсетеді.)


Баян: Мен Баян батырмын. Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің іс-әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Қайтейін, алаш жұртының намысын аяқ асты етіп, қалмақ қызымен бірге кеткені жаныма қатты батты.

Ноян: Мен Баян батырдың інісі Ноян боламын. Өмірде үлкен қателік жасаған адаммын. Себебі, қалмақтың қызына бола өз елімді, жерімді, Отанымды сатып кете бардым. Сіздің намызыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.

Бес жолды өлең (қорытындылау)

Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.

Үлгі:

Кім? Зат есім (1 сөз)

Қандай? Сын есім (2 сөз)

Не істеді? Етістік (3 сөз)

Сөз тіркесі (4 сөз)

Синоним (1 сөз)

КМағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.ім? Баян

ҚМағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.андай? Қайратты, намысқой

НМағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.е істеді? Ызаланды, өлтірді, тұтқындады

СМағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.өз тіркесі Баян - Абылайдың қанатты батыры

СМағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.иноним Адам

Рефлексия: (Сұрақ-жауап)

  1. Поэмада Баяннан кеткен қателік (Қалмақ қызын еліне алып келуі);

  2. Егер екі жасты Баян өлтірмесе, олардың өмірі қалай болар еді? (Екі жас бақытты өмір сүрер еді);

  3. Шығармада ар-намыс мәселесі қалай көрініс табады? (Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды).

Үйге тапсырма: Баянның іздері халыққа мәңгілік сәуле боп тарайды (эссе), шығарма кейіпкерлеріне мәтіндік портрет жасау

Бағалау:

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.

© 2010-2022