Жақсы көңіл күй жан шуағы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

5-6 - сабақтар Жақсы көңіл күй - жан шуағы

Мақсаты :

Балаларды бауырмалдыққа жанашырлыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Балалармен бірге «Қуанамын» әнін орындаймыз.

Қуанамын

Әні:М.Жәутіков

Сөзі:А.Махамбетов

Қуанамын мен күнде,

Таң арайлап атқанда.

Күн шуағын төгіп бір,

Гүл жұпарын шашқанда.



Қуанамын мен күнде,

Бұлбұл құстың үніне,

Бейбіт елге мол шуақ,

Төгіп тұрған күніме.



Қуанамын сәт сайын,

Әкем еркелеткенде.

Құшағында анамның,

Тәтті ұйқыға кеткенде.



Қуанамын әр күні,

Болған сайын көңілді.

Ата - анам сыйлаған,

Жақсы көрем өмірді.

Сахналау:

Түрлі қимыл - қозғалыс арқылы адамның түрлі көңіл күйін, сезімдерін көрсетіңдер.

  • Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш

  • Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң.

  • Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық.

  • Өз досыңның жеңісіне мақтаныш.

  • Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш.

Мәтінмен жұмыс:

«Қуаныш» әңгімесімен танысып талқылаймыз.

Мәтін бойынша сұрақтар:

Ваняның куанышының ерекшеліктері неде?

Ваняның қоршаған ортаны куанышпен қабылдауының себебі неде?

Сендерді нелер қуантады?

Тапсырма:

Ы.Алтынсариннің еңбегінен алынған үзіндіні оқып, талқылаймыз.

Оқу ақпараты:

Көңіл күй адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі.

Махаббат, бауырмалдық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді

Дәйексөз:

Жақсы мінез - бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.

У.Гэзлит

Үй тапсырмасы:

«Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиғалар» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Жүректен жүрекке:

Ертегі сарай

Әні: Б.Дәлденбай

Сөзі: С.Қалиев



Балалар деп жарқырар күн шырағы,

Әйәй апай - халқымыздың шынары.

Жан апайдың салдырған Сарайынан,

Жанымызға тарайды нұр шуағы



Қайырмасы:

Ертегі Сарай

Шертеді талай,

Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат,

Көмкеріп арай,

Елтеді маңай,

Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап.



Мұң мен дерттен арылтқан, ұмыттырған,

Шар болаттай шыңдаған, шынықтырған

Жұмаққа бергісіз осы Сарай

Талайлардың бақыты, үміт қуған.



Қайырмасы:



Ұл - қыздарын шақырып шартараптан,

Омарташы сияқты бал таратқан.

Самғасын деп біздерді биіктерге,

Өнер, білім, денсаулық арқалатқан.

Қайырмасы:



© 2010-2022