Абайдың табиғат лирикасы 10-сынып

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: а) Абайдың табиғат лирикасы туралы түсінік беру, оның мән-мағынасына мән бере отырып талдау жасау,  әдебиетке  алып келген соны жаңалығын тани білу; Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегіне жетелеу; Тәрбиелік: Оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру, әдемілікті түйсінуге, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу; Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру Са...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абайдың табиғат лирикасы 10-сыныпАбайдың табиғат лирикасы 10-сынып



Берік Нұрмұқанов

Жанар Таугудретова

Ақмола облысы

Ерейментау қаласы

Абайдың табиғат лирикасы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: а) Абайдың табиғат лирикасы туралы түсінік беру, оның мән-мағынасына мән бере отырып талдау жасау, әдебиетке алып келген соны жаңалығын тани білу;

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегіне жетелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру, әдемілікті түйсінуге, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, табиғатты бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, саз өнері, қазақ тілі

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле кеп қарасаң көңіл ұғар.

Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей

Есіл сабаз ызамен өткен шығар.

Балалар, біз бүгін қазақ әдебиетінің жүз жасаған бәйтерегі Жамбыл айтқан «Абай тереңіне» сүйсініп, тұңғиық сырларына үңілуге тырысамыз. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты да - Абай өлеңдерін оқи отырып, оның мән-мағынасына үңілу, оның шығармаларын жаңа қырынан тану, өзге ақындарға ұқсамайтын, әдебиетке алып келген соны жаңалығын тани білу.

Үй тапсырмасын тексеру: Жаңа сабақты бастамас бұрын, біз Абай туралы, оның шығармашылығы жайлы не білеміз, соны еске түсірейік. Сонымен, Абай кім? (сұрақ-жауап және тірек-сызба әдістері арқылы Абай өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алу)

а) Оқушылар "Абай өмірбаяны" тірек-сызбасы бойынша сөйлейді.

Ә) «Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы... Әр ұрпақ Абай жөнінде өз сөзін айтатын болады. Абайтану есігі кімге де болса, ойы мен пікірі бар оқырманның бәріне ашық»,- деген жолдардың авторы Серік Қирабаев келер ұрпақ сендердің Абай шығармашылығын оқитындарыңа кәміл сенеді.

Оқушыларға «Абай шығармашылығы туралы» үлестірме парақшалар беру, екі оқушы тақтада Абайдың «Адам болу» қағидасы кестесін орындайды

Абайдың «Адам болу» қағидасы

Бес нәрсеге асық бол Бес нәрседен қашық бол

Талап Өсек

Еңбек Өтірік

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рахым Бекер мал шашпақ

«Абай шығармашылығы туралы» берілген тапсырмалардың жауаптарын тыңдау, қорытындылау)

Суреттер арқылы Абай бейнесін жасау.

Теңіз - Абайдың ақылы, білімі теңіздей терең.
Гүл - ақын сезімі гүлдей нәзік.
Тау - халық адамы, қайратты.
Жүрек - жүрек жылуын халқына арнаған
Жұлдыз - қазақ халқының жарық жұлдызды ақыны
Күн - күн сәулесі іспетті әлем таныған ақын.
Ай - қараңғыда жол көрсететін көшбасшы, данышпан

Жаңа сабақ: Суретті тірек нүкте әдісі арқылы. Оқушылар назарын суретке аудару. Балалар, мына суреттерде біз не көріп тұрмыз? (Оқушылар жауабы тыңдалады). Осы суреттердегі ортақ нәрсе не? Әрине, барлық суреттерде табиғат бейнеленген. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы

Абайдың табиғат лирикасы (Дәптерлеріне жазғызу)

"Жаз"

"Күз"

"Қыс"

"Қансонарда бүркітші шығады аңға"

"Жазғытұры"

"Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай"

"Желсіз түнде жарық ай".

Мұғалім: Біз бүгін бағдарламаға сәйкес Абайдың табиғат туралы «Қыс», «Күз», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңдерін оқып, талдау жасаймыз.

Абайдың табиғат лирикасы - ақындық шеберлікпен жазылған сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерінде оқушының көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған бәйшешек, "көгорай шалғын" мен "күркіреген өзені" бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда, ақ түтек бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қытымыр қыс та сонда, аспанын бұлт торлап, гүлі солған, сарғыш даласын шаң басқан, сұрғылт күз де сонда. Табиғат туралы әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тіршілік кәсібіне, шаруа жайына көшеді. "Жаз" өлеңінде күркіреп жатқан өзеннің көгорай шалғын жағасына көшіп барып, қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып, үй тіккен қыз-келіншектер суреттелсе, "Қыс" өлеңінде шидем мен тон қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға "бет қарауға шыдамай, сырт айналып", мұз жастанған жылқышылар, бет-аузын үсік шалған жас балалар, суық өтіп, титығы құрыған жылқылар, айналада жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді.

Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін оқу.

(Оқушыларға өлең мәтіндерін беру, мәнерлеп оқыту.)

Мұғалім: №9-10 слайдтар. М.Әуезов табиғат туралы өлеңдеріндегі Абайдың енгізген жаңалығын былай атап көрсеткен болатын:

Табиғат көріністерін динамикалы түрде көрсетеді.

«Қыс» өлеңі. Абайға дейін қазақ поэзиясында қысты тірі жанды, бейнелі етіп сипаттаған ешкім жоқ. «Қылышын сүйретіп қыс келді» деген жалғыз метафора болмаса, қысты адам етіп, оның ішінде шал етіп суреттеген ешкім жоқ.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Жансыз дүниені жанды етіп суреттеу қалай аталады?

Табиғат көріністері Абай заманымен үндесіп, сол кездегі халықтың жай-күйінен хабар береді. Адамның сезімін, іс-әрекетін табиғат ортасында береді.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Абайға дейін тауды бейнелегенде «бұлғыр-бұлғыр тау», «асқар-асқар таулар» деп жалпылап қана айтылатын. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде тау бейнесі жаңаша берілген. Оның әрбір тасы, ой-қыры анық, дәл беріліп, тұтас оқиғаны көз алдымызға әкеледі.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға...

... Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Оқулықпен жұмыс.Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығы туралы оқулықтарыңда не жазылған екен? Оқу.114-бет. Абай - ұлы реформатор.

Мұғалім: Тақтадағы сөздердің мағынасын анықтап көрейік. (№11 слайд). Оқушылар берілген сөздердің мағынасын білгендерінше айтады. Мұғалім толықтырады.

Сөздік жұмысы

Малма - тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыру

Шуда жіп - түйенің шудасынан иірілген жіп. Оны әжелер ұршықпен иірген.

Шомшы -түйемен жүк тасушы адам

Күзеу - көшпелі халықтың күзде отыратын қонысы,жайылымы

Ұшпа - жеке, шоқ бұлт

Шидем - қойдың жабағысынан тігіп, сыртын матадан қаптаған киім

Аяңшыл - ат

Қансонар - жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі

Ғанибет - қызық, тамаша

Томаға - бүркіттің екі көзін жауып тұруы үшін кигізетін бас киімі

Қырымнан - алыстан

Қырық пышақпен қыржаңдап - тісін қайрап, айбат шегу.

Қаса - өте сұлу

Өлеңдерін талдау.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне талдау жасау.

Өлең неге «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп аталады?

«Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы» деп ақын нені айтады?

Осы өлеңнен ақынның аңшылыққа деген көзқарасың білуге бола ма? Қай жерінен көрінеді?

Өлеңде кездесетін «Үйірімен үш тоғыз» деген тілек сөздің мағынасын қалай түсінесің

Өлеңде қандай лесика қолданылған?

«Күз» өлеңін талдау.

Ақын күз көрінісін суреттеуде қандай айшықты суреттер қолданған?

Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген?

Көшпелі ауылдың тіршілігіне деген ақын көзқарасы қай шумақта көрінеді?

Күз мезгілін өзің қалай суреттер едің?

Мына сөздің синонимдік қатарын жасап, сөйлем құра: шөп, от, көк

«Жаз» өлеңі бойынша талдау

«Жаз» өлеңі ақынның қандай көңіл-күйінен хабар береді? Өз ойыңды дәлелде. «Жаз» өлеңінде ақынның көңіл-күйі жадыраңқы, жаңа қонған ауыл тіршілігіне сүйсініп қарайды.

Өлеңді оқи отырып, Абай заманындағы ауыл бейнесін көз алдына қалай елестеттің?

Жаңа қонысқа көшкен ауыл адамдарының көңіл күйін олардың іс-әрекеті арқылы анықтауға болады ма?Дәлелде.

Өлеңнің баяндауыштары қалай берілген? Баяндауыштары тиянақсыз түрде берілген, менің ойымша бұл кейіпкерлердің үнемі қозғалыста екендігінт көрсетеді.

«Қыс» өлеңі бойынша талдау.

Ақын қысты қалай бейнелеген?

Өлеңде халық тұрмысы қалай бейнеленген?

Шартты түрде өлеңді нешеге бөлуге болады?

Қыстағы жан-жануарлар бейнесі қалай берілген?

Төмендегі үзіндіден сөйлемнің бірыңғай мүшелерін тап.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Өлең құрылысына теориялық талдау.

Тақтада 2 оқушы «Күз» өлеңінің 1-шумағын және «Қыс» өлеңінің

1 шумағына талдау жасайды. Отырған оқушылар көмектеседі.

Мұғалім: Абайдың «өлең сөздің шебері» екеніне көз жеткіздік, енді ақынды басқа қырынан тануға тырысайық. Абайдың табиғат лирикасы тақырыбына жазған сырлы өлеңдерінің бірі - «Желсіз түнде жарық ай», бұл өлең Абайды сазгер ретінде танытқан өлеңдерінің бірі. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға елестетеміз. Бұл өленде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Желсіз тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкілдалаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір-сары алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаш жапырағы өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер беті ерекше сұлулыққа бөленгендей. Осы әнді өзіміз айтып көрейікші

«Желсіз түнде жарық ай»әнін айту).

Оқушыларға сұрақ. Абай өлеңдеріндегі табиғат көрінісін «заман табиғаты» деп айтуға болады. Ақын барлық өлеңдерінде табиғатты көшпенді халық тұрмысымен байланысты суреттеген. Ұлы ақын көңілі өз заманына толмайды, заман адамына қарап қапа болады. Бірақ табиғатқа қарап көңілі жай тауып, жадырағанын көреміз. Заман адамы бұзылғанмен, туған жердің бұзылмаған таза кәусар ауасын біз де жұтып, тас бұлақтың суын ішкендей боламыз. Қалай ойлайсыңдар, Ұлы ақынның көңілін қазіргі заман табиғаты, әсіресе туған жерінің табиғаты шабыттандыра алады ма? Өз ойларыңды дәлелдеп көріңдер.

Қорытынды: Сабақ басында Абай бейнесін жасаған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда Абайдың жүрегінің бар жылуын халқына арнаған ақын екенін дәлелдей алдық па?

Ақынның табиғат лирикасына қандай анықтауыштарды қолданар едің? (Оқушылар жауабы)

Сабақты бағалау.

Үй тапсырмасы. Абайдың табиғат лирикасы. «Жаз» жаттау.







© 2010-2022