Класный час на тему «Қазақ халқының ерлік істері»

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазақ халқының ерлік істері»

Ерлік Сабағының тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері».

Сабақтың мақсаты - патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету

Құралдар: берілген тақырып бойынша кітап көрмесі, сурет көрмесі, аудиоматериалдар,бейнематериалдар

Қосымша материалдар: Қазақстан Қарулы күштері туралы имидждік бейнероликтер:

1) «ҰОС Жеңістің 70 жылдығы» бейнеролигі, 55 сек.;

2) «Десант биатлоны» бейнеролигі, 1 мин. 26 сек.;

3) «Әскери қызметтегі бір күні» бейнеролигі, 2 мин. 47 сек.;

4) «QR-код» бейнеролигі, 1 мин. 22 сек.;

5) «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары» бейнеролигі, 2 мин. 12 сек.

Барысы: Ой қозғау. (әнұран орындалады)

Кіріспе сөзі:

Балалар, адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен тұратын атамекені, Отаны, Қазақстан Республикасы екенін барлығымыз білеміз.

  • Олай болса балалар, Отанымызды, елімізді қастерлейтін қандай мақал-мәтелдерді білеміз?

  • «Отан-оттан да ыстық»

  • «Туған жердің топырағы да ыстық»

  • «Отан әркімнің ары,ұжданы».

Қара жерде қылтаңы жоқ бір елміз, Әрі биік, әрі кеңбіз, терең біз. Әніміз бар асқақ жалау сықылды, Көтерілсе тік көтерер жұртымыз. Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз. 1) «ҰОС Жеңістің 70 жылдығы» бейнеролигі, 55 сек.;

  • 1. Таныстыру

  • І топ Рәміздер ІІ топ Елтаңба ІІІ топ Көк байрақ

2. Бәйге«Әскери қызметтегі бір күні» бейнеролигі, 2 мин. 47 сек

1.Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы қабылданды? (1991ж16 желтоқсан) 2. Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? (желтоқсан оқиғасы,1986ж,16желтоқсан) 3.Президент қай жылы, қай күні ант берді? (1991ж, 10 желтоқсан) 4. Ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды? (14жылдығы) 5. Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек ) 6. Еліміздің Рәміздері қашан қабылданды? (1992ж, 7 маусым) 7. Ақмола қаласы Астана қаласы деп қай жылы аталды? ( 1998ж, 6 мамыр ) 8. Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж, 30 тамыз) 9. Тудың авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлікбеков) 10. Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный қаласы)

3.Кім жылдам? «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары» бейнеролигі, 2 мин. 12 сек.

Отан,тәуелсіздік туралы өлеңдер оқу және тәуелсіз ел тақырыбына сурет салу

  • Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді;

  • Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті;

  • Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді;

  • Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе ұлғайды;

  • Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды.

Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылып, 150 шақты аурухана тұрғызылды.

Ішкі жалпы өнім көлемі 10108,6 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіптік өнім көлемі 8493 миллиард теңге болды.

Еліміздегі орта есептік айлық жалақы 88296 теңгеге жеткен. Жұмыссыздардың саны 5,3 пайызға төмендеді.

Кеден Одағының арқасында тауар айналымы еселеп өсті. Қазір мыңнан астам Ресей компаниялары өз істерін Қазақстанға көшіріп отыр.

Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары.

Қорытынды: Ұлы Отан соғысында ағаларымыз бен апаларымыз ұлы ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті.Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру-біздің парызымыз. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілдік орын алсын.

Еліміз аман

Жеріміз тыныш

Аспанымыз ашық болсын демекпін.



К.Мендалиев орта жалпы білім беретін мектебі







Тәрбие сағаты

«Темекі тартқаның -өзіңді »


Сынып жетекші : Каримова М.М.



2015 жыл

© 2010-2022