Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6- сынып

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар»

Мақсаты: білімділік. Оқушыларға шығарманың мазмұнын шебер меңгерту, білімдерін тереңдету. Көркемдік талдауға үйрету. Шығарманың идеясын тақырыбын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деегн қызығушылығын арттыру. Ынтасын, ізденушілік белсенділігін, танымды қабілетін дамыту, әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік, рухани тәрбие алуларына жағдай туғызып бейімдей тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақжауап, сахналау, іздендіру, топтастыру, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, суреттер (пейзаждар), Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармсен сәлемдесіп, сабаққа ынталарын қадағалау.

Сабақты төмендегідей сұрақты қоюдан юастаймын.

  • Әрбір адам?

  • Туысым, досым, жұрағат.

  • Әрбір сабақ?

  • Үйрену, ұғу, ұлағат.

  • Әрбір ісім?

  • Тірлік, тірек, адамдық

  • Әрбір сөзім?

  • Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Бәйге (Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұрақтар қою)

Оқушыларға жалпы түрде сұрақтар қойылады. Сұраққа дұрыс жауап беріп отырған оқушылардың білімі бағаланады.

  1. Ғ. Мүсірепов қай жылы дүниеге келді? (1902 ж)

  2. Қай ауданда және ауылда дүниеге келді? (Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылы)

  3. Әкесінің аты кім? (Махмұт)

  4. Ғ. Мүсіреповтың пьесалары? («Қыз Жібек», «Амангелді», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»

  5. Жаңа достар қандай романнан үзінді? («Қазақ солдаты»)

  6. Ғ. Мүсіреповтың романдары? - («Оянған өлке», «Қазақ солдаты», Ұлпан» т.б)

  7. «Қазақ солдаты» романынң бұрынғы атауы? («Қазақ батыры»).

  8. Неше жасында дүние салды? (83 жасында)

  9. Ғ. Мүсірепов әңгіме жазудың кімнен кейінгі асқан шебері? (Б. Майлиннен)

  10. Ғ. Мүсірепов қай жылы дүние салды? (1985 ж)

Жаңа сабақты меңгерту

Композициялық (құрылымдық) талдау

  • Әңгіменің басталуы

Қайроштың ауылдан кетуі

  • Әңгіменің дамуы

Қайроштың қалаға келуі

  • Әңгіменің байланысуы

Оның Шегенмен Борашпен танысуы

  • Әңгіменің шиеленісуі

Достыққа апарар жолда

  • Шарықтау шегі

Қаланың қызықтары мен шыжықтары

  • Әңгіменің шешімі

Мария апайдың мейірімділігі

  • Қорытынды

Ана аманаты


Танысу

Шеген: Түнде өліп жатқан бала сен бе едің, әй?

Қайрош: Мен әлі өліп көрген жоқпын!

Шеген: -О...! Сабаздың өзі екен! Атың кім?

Қайрош: Қайырғали... Өзіңнің атың кім?

Шеген: Шеген... Мынаның аты Бораш... Бұны Боря дейтін боласың. Менің атым онша бұрмалауға келмейді. Шеген аға дерсің. Мен екеуіңнен де үлкен. Әкем байқұс баласын еркелете алмайтынын білген ғой, сорлы, Шеген дей салыпты.

Қайырғали, Қайрош, Қайрушке. Атың ат емес екен... Сендей жеке батырға түк лайығы жоқ. Бүгіннен бастап Костя боласың.

Уәде

Шеген, Бораш, Қайрош үшеуі шайға отырды. Шеген Қайрошқа үш түрлі өсиет айтады.

Шеген: Алтын жатса -алмаймыз! Бір ме?

Қарош: Бір

Шеген: Өтірік айтпаймыз! Екі ме?

Қайрош: Екі.

Шген: Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбай үшін өтірік айтсаң іркілме!

Қайрош: Үш.

Шеген: Жоқ, үш емес, әлі екеу -ақ. Үшіншім үш күннің ішінде бізбен бірге қуанып, бізбен бірге мұңаятын боласың. Өз бетіңмен оңаша қуанып, оңаша мұңаятын болсаң, сен бізге жолдас та емессің. Қуана біліп, мұңая білмесең, тіпті жақсы. Осымен үш болады.

Қайрош. Үш.

Шеген: Уәде ғой!

Қайрош: Уәде!

Шеген: Ал ендеше шайыңды іш!

ІІ. Сұрақ-жауап әдісі:

Шығарманың мазмұнын қаншалықты меңгергенін байқау мақсатында жетекші сұрақтарға жауап алмын.

  1. Шеген Қайрошқа неге сеніммен қарайды?

  2. Балалар күнкөріс жолында не істеді?

  3. Қайрош балалр үйіне қалай әкелінді?

  4. Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетпей, балалар үйінде неге қалды? Ол нені арман етеді? Анасы оған қандай аманаттар тапсырды?

ІІІ. «Кім? Қашан? Қайда?» ойыны

Шығармадан үзінділер келтіремін. Оқушылар қай кейіпкердің қашан, қайда айтақынын тауып айтады.

  1. Енді естияр болдың... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасы!

  2. О, қасқаның жатысын -ай!

  3. Мынау бүгін аяқтан айырылыпты ғой... Байғұс -ай.

  4. Адам болды екенсің айналйын!

  5. Көресіз бе, балаңыз қандай ақылды. Оқу оқығысы келеді.

  6. Боря, Борашик, ән салып жіберші айналайын!

  7. Оқимын десең, оқи ғой, күнім! Әкеңнің де бар арманы оқу боп өтіп еді. Тентек болма, жақсы оқы.

ІҮ. Сатылай кешенді талдау: (Дәптермен жұмыс)

Кейіпкерлері: Қайрош, Шеген, Бораш, Мария апай, қайроштың анасы

Портрет: Шеген мен Бораштың портреті

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Шеген Бораш

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)






КҒ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)ейіпкерлерге мінездеме

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (6-сынып)



Ү. Кім жылдам?

Шығармадан жазушы қолданған мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді, диалект сөздерді, жер-су атауларын тапқызу.

Мақал-мәтелдер:

Әліпті таяқ деп білмейсің. Өлімнен ұят күшті. Қарға баласын аппағым дейді.

Тұрақты тіркестер:

Жау жүрек, шегіңді қатыратын, құлағына құйып жатыр, екі көзі алақандай болу.

Диалект сөздер:

Белгілі ортаны, оның жай-жағдайын баяндайтын көркем шығармаларда қолданылады.

Қасқа, үңгіршектер, қорада.

Жер-су атаулары:

Гурьев, Каспий, Сарытау, Ақ Жайық.

Әдебиет теориясы: Пейзажды табу

« Күн де батты. Теңіз үстіне қорғасындай басқан бір ауыр тұман көтерілді. Қара тұманның ауырлығынан теңіз беті қайысып, төмен түсіп кеткендей сезіледі».

Сұрақ: Каспий теңізі көрінісі мен Қайроштың көңіл күйінде қандай ұқсастықтар бар?

ҮІ. Сабақты қортыу:

  • Шығармадан алған әсерің?

  • Шығармадан өзіңе не түйдің?

Үйге тапсырма:

Пейзаж туралы түсініктерді оқу, дәптерге үзіндідегі пейзаждарды теріп жазу.

Оқушылар білімін бағалау.

© 2010-2022