Теңге - мемлекет келбеті (Тәрбие сағаты)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы обылысы Жамбыл ауданы

«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ





Тақырыбы: Теңге - мемлекет келбеті



5 «а»- сынып

Сынып жетекшісі: Абдукаликова З.



Ынтымақ, 2015ж.

Тақырыбы: Теңге - мемлекет келбеті

Мақсаты:

Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі:

Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге - мемлекет келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы:
Ендеше тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге - мемлекет келбеті».
«Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:( теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,капитал).

Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
Теңге тарихын айтып берейік.

Теңге тарихы
- Мемлекетіміздің елбасы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстан Республикасның тұңғыш Президенті болып қай жылы сайланды?
- 1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жататының Сіздерге белгілі.
- Мемлекеттік Әнұранның авторы кімдер?
- Мемлекетіміздің Туының авторы кім?
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?
(Оқушылар жауабы тыңдалады).
Мұғалім: Қазақстан Республикасы - егеменді , тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өзінің Ата Заңы , мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Ал енді оқушылар теңге туралы не біледі екен?
1 - Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына , халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелер Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.
Мұғалім: Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайны, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.
2 -Оқушы: Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі «мықтылары » Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре - сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 22 жыл толып отыр. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Мұғалім: Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына , халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Енді теңге туралы әңгімелейік.
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып өзгерді.(қазіргі қолданыстағы теңгелер көрсетіледі.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана - Байтерек» монументі бейнеленген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбсы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанда Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

Мұғалім: «Тиыннан теңге құралады» , - демекші , ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар?
(Оқушылардың сұрап- жауаптарын толықтыру)
Кім тез ұғып алды екен « Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер?
-Ақша қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда жинауға болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен безендіріледі?
-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі қайда басылды ?
-Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?

Сабақты қортындылау:
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер! Сіздерге қатысқандарыңыз үшін рахмет!


© 2010-2022