Ашық сабақ Сары шашты-Жарқын күз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үй жануарлары

Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлімі:Көркем әдебиет.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:"Үй жануарлары"

Мақсаты:

1.Үй жануарлары туралы түсінік беру,жануарлардың қалай дыбыстайтынын ажырата білуге үйрету.

2.Олардың ерекшеліктерін,адам өміріне пайдасын,төрт-түлік малға не жататынын,олардың төлдерін атап айтуға баулау.

3.Төрт-түлік малды күтіп баптауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:төрт-түлік малдың суреттері,үнтаспаға жазылып алынған малдардың дауысы,шұбат,қымыз,құрт,май, айран, сүт,иірілген жүн.

1.Жылулық шеңбері:"Қошақан әні"музыка әуенімен.

Жазда апамның ауылына,

Барып едім қыдырып

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап жүгіріп,

Ақ маңдайлы ай мекен,

Шекер ме екен,бал ма екен,

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.

Төрт-түлік туралы жұмбақ жасыру.

  1. Ірі денесі

Түздің кемесі

Жанында бар төбесі. (Түйе)

2.Тау бауырында төрт бұлақ,

Суы бал,ішсең тартқылап. (Сиыр)

3.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

4.Қымызы дәрі,

Еті тәтті,

Мінсең көлік.

Бұл не,

Жүрген желіп (жылқы)

Тосын сәт:(түрт түлік мал кіреді)

Төрт түлікке сипаттама беру:

Түйе-малдың үлкені,

Жылқы-малдың үркегі,

Сиыр-малдың сүттісі,

Қой-түліктің құттысы.

Төрт түліктің пайдасын толық айтып кету:(еті,сүті,құрт,май,ірімшік,жүні)

Сөздік жұмыс:түйе,жылқы,сиыр,қой.

Төрт түлік өздерінің әкелген сыйлықтарын береді.

-Төрт түлік, сендерге көп-көп рахмет. Сендерге біздің қыздар ән орындап берсін.

Батырғали Айназ,Абдуғали Адияның орындауында:

"Төлдер әні"

Төрт түлік қоштасып жайылымға кетеді.

- Балалар,төрт түліктің бізге әкелген сыйын ашып көрейік.Ішінде төрт түлікке арналған тақпақтар бар екен.

а)Оқып түсініру.

Бөрте лақ

Шөре-шөре,лағым

Тентек болма,шырағым

Секеңдеме,деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Ботақаным бөбегім

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды

Жібек жүзің үлбірек,

Қарасам көз тоймайды.

Әукешім

Әукім-әукім,әукешім

Қасиыншы әукесін

Енең әлі келеді,

Ақ мамасын береді

Құлыншағым-құндызым

Құлыншағым-құндызым,

Құлдырайды,шабады

Жарқыраған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

"Бөрте лақ"жаттату.

Сергіту сәті:Үй жануарларының кимылын жасату.

Лақша секіріп,

Қозыдай маңырап

Құлындай ойнақтап,

Сиырша асықпай,

Ботадай маң-маң басып жүру.

Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»

Шарты:төлдердің дыбыстарын салу.

Қой-маңырайды

Сиыр-мөңірейді

Жылқы-кісінейді

Ешкі-маңырайды

Түйе-боздайды.

Қорытындылау:

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорыту.

-Төрт түлік малға не жатады?

-Олардың бізге берер қандай пайдасы бар?

-Малдардың төлін қалай атайды?

Балалардың жауабын бағалау, мадақтау.

Жеке жұмыс жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

Үй жануарларының пайдасын, төрт түлік малдың қалай аталатынын біледі. Төрт түлік малды күтіп баптауды игереді. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, қимылдарын көрсете біледі.









© 2010-2022