Құжаттарға библиографиялық сипаттама құрастыру

I.Мақсаты: Құжаттарға библиографиялық сипаттама беру арқылы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету жүйесін жақсарту. II.Сабақтың өту түрі: Күнделікті сабақ ІІІ.Көрнекілік: анықтамалықтар, мерзімсіз басылымдар. ІV.Сабақтың өту барысы:      1.Өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою.      2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.      3. Жаңа тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыру.      4. Үй тапсырмасын бағалау      5. Үйге тапсырма. Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу, назарын сабақ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


I.Мақсаты: Құжаттарға библиографиялық сипаттама беру арқылы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету жүйесін жақсарту.

II.Сабақтың өту түрі: Күнделікті сабақ

ІІІ.Көрнекілік: анықтамалықтар, мерзімсіз басылымдар.

ІV.Сабақтың өту барысы:

1.Өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Жаңа тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыру.

4. Үй тапсырмасын бағалау

5. Үйге тапсырма.

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын алдымен өткен тақырыпқа шолу жасайық. (өткен тақырыптар бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, жауап беру).

Библиографиялық сипаттама каталогқа, картотекаға, әдебиеттер тізіміне кіретін баспа басылымдар мазмұны, түрі, көлемі және басқа да белгілерін көрсететін, басқаша айтқанда оқырмандарға қажетті кітапты іздеуге көмек беретін құрал. Оқырмандармен кітапханалар қажет кітаптарын кітапханадан табу үшін библиографиялық сипаттама берілген тәртіп бофйынша жасалу керек. Библиографиялық барлық кітапханаларда бірдей жүргізіледі. Қазіргі ғылымның дамуына байлвнысты ұлттық библиографиялық қызметі кітапханаралық ақпарат алмасумен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, кітапхана құжаттардың библиографиялық сипатталуына құрастыру ережесі құрылды. Библиографиялық сипаттаманы жазудың халықаралық ережелерін жасау проблемесымен ИФЛА- ның каталогтау секциясы айналысады. Ол құжаттарға библиографиялық сипаттама жасау ережесін құрайтын, библиографиялық сипаттама коммунификациясын стандарттайтын «Халықаралық стандартты библиографиялық сипаттама» атты құжат жасады.

Библиографиялық сипаттамалардың түрлеріне мыналар жатады: Монографиялық библиографиялық сипаттама.

Жеке автор аты бойынша библиографиялық жазба.

Бас тақырып бойынша библиографиялық жазба.

Жинақтарға библиографиялық сипаттама.

Авторлар ұжымына библиографиялық жазбалар.

Аналитикалық библиографиялық сипаттама.

Жинақты библиографиялық сипаттама.

Көптомды басылымдарға библиографиялық сипаттама.

Жалғастармалы басылымдарға библиографиялық сипаттама.

Мерзімді басылымдарға библиографиялық сипаттама.

Ғылыми мекеме құжаттарыны библиографиялық сипаттама.

Аудиовизуалды және микротасушылардағы құжаттарға библиографиялық сипаттама.

Монографиялық сипаттама дегеніміз- жинақты басылымдардың біреуіне ғана берілетін сипаттаманы айтамыз.

Моно дегеніміз- бір, жалғыз деген мағынаны білдіреді.

Монографиялық құжатқа берілген құжаттың схемасы:

,жазудың бас тақырыбы

-,жалпы тақырыбы

═параллельдік тақырып

: тақырып астындағы мәлімет

/ жауапты адамның бірінші мәліметі

: жауапты адамның келесі мәліметі

-басылым туралы мәліметтер

,басылым туралы қосымша мәлімет

.басылымның бірінші шыққан жері

:баспасы, шыққан күні

.-көлемі

+қосымша материал

.-серияның жалпы тақырыбы

═серияның параллельдік тақырыбы

:серияның тақырыбына қатысты мәлімет

/серияның тақырыбына қатысты адамға берілген мәлімет

.серияның тақырыбына қатысты келесі мәліметтері, ISBN, серияның ISBN-ны, серияның шыққан жері.

Үйге тапсырм: Монографиялық сипаттама жазу



«Кітапхана қорларын

және каталогтарын

ұйымдастыру» пәнінің

оқытушысы: Г.Х. Суйншкалиева


© 2010-2022