Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Әдісі: Әдеби танымдық кеш.

Ұйымдастыру:1. Музыка ойнап тұрады. Ән әуенімен Мұқағалидың " Арыз жазып кетейін" өлеңі оқылады.

1-жүргізуші Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар.

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар.

Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар! -

деп Мұқағали Мақатаевтың сәлемдесу салтымен амандасамыз

Қош келіпсіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым! - демекпіз.

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін



2-жүргізуші ХХ ғасырдың таңғажайып ақыны, қалың қазағының аяулы ұлына айналған Мұқағали Мақатаев көзі тірі болғанда,бүгін 84-ке толар еді. Артына өлместей өміршең өлең-жырларын қалдырған ақиық ақынға арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Азамат «Бүгін менің туған күнім»

1-жүргізуші Әлем - дарқан саялаңдар

Бәріңе де орын бар.

Қорған емес, салтанатты

Сәнді сарай соғыңдар.

Ей, адамдар, сендер тату,

Сендер тату болыңдар, - деп жырлап өткен ақын М.Мақатаев. 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып, өзі сүйген Алматысында аяқталған еді.

2-жүргізуші Үй тұрар шумақтарын қойсаң талап,

Өлеңдері өзіңдей жайсаң ғажап.

Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,

Қайта туған ұлыңды қарсы ал, қазақ.



Аяулым «Шәмілге хат»

1-жүргізуші:

Шетінен өлең- жыры шұғылалы

Әр қыры, әр түске еніп құбылады.

Мұқанды біз түсініп болған жоқпыз, ұғып әлі.

"Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды", - деген еді Шелли Хан. Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін


Айгүл «Поэзия»

" Менің анкетам" өлеңі диолог түрінде оқылады. (2 оқушы)

1. - Туған жерің?

2. - Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың,

1. - Туған жылың?

2. - 1931 жыл құрдасымын Шәмілдің.

1. - Жынысың кім?

2. - Еркекпін ғой, еркекпін!

1. - Мекен-жайың?

2. - Мекен- жайым - жерім менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін,

Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

1-жүргізуші: Дара ақын ағамыз М.Мақатаев жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың, естеліктерде айтылған ойлардың, бәрі жөн, бәрі дұрыс деп те айта алмайсың. Бірақ естелікті әркім өз мүмкіндігінше өз деңгейіне сай жазады. М.Мақатаев ағамыз - өмірдің рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты ақын. "Жазылар естеліктер мен туралы", - деп ақын ағаның өзі де жайдан-жай айтпаған ғой. Олай болса ақын туралы естеліктерге кезек берсек:

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін


Таңжарық «Жазылар естеліктер мен туралы»

2-жүргізуші: Ақынмын деп мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Көп күткен қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Әділет «Жас өмір»

1-жүргізуші: Болашақ бүгіннен басталады, яғни бүгінгі жастар, зиялы азаматтар. Қоғам қай кезде де біліктілік пен білімділікті, парасаттылық пен ақылдылықты талап етеді. Сол талаптарға сай болу үшін жастар білім ізіне түсіп, мол еңбек етіп шыңдалып, өздерін танытуға тырысу үстінде. Белсенді, Отаншыл жастар біздің арамызда.


Аяулым, Іңкәр ән «Ең бірінші бақытым халқым менің»

2-жүргізуші: Иә, осынау қарапайым қара өлеңде қаншама құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңші. Сірә, Мұқаң "Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін", - деп. өмір сүрген сияқты. Ендігі кезекті ақынның поэзияға толы өлеңдеріне берсек.

Ақжол

Гүлзат

Абат

Іңкәр

Таңжарық ән «Сенің көзің»

Бірлік

Іңкәр

1-жүргізуші: Бабаларым, рахмет сендерге!

Бабаларым болмасын деп. керкеуде

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде.

Бабаларым, рахмет сендерге

Жырлардың тозбай кеткен жырларын

Арулардың ашпай кеткен сырларын

Қорқыттың қорқынышты мұң-зарын

Қобызыңның шанағынан тыңдадым.

Менімен мына байта туған күнімде

Сөйле оркестр, дүрілде бір дүрілде.

Сөйле Моцарт, менің ана тілімде

Сөйле Данте, менің ана тілімде.

2-үргізуші: Жақсы атанды демессің сүйем десем.

Табиғатын тәңірім, ием де сен

Адам болып күн кешу қиын маған.

Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем

Сен менің сүйегіммен қанымдасың

Жанымдасың, ұятым, арымдасың

Саған деген махаббат дамылдасын

Тек сенің топырағыңды жамылғасын

Қазақстан

Пай,пай,пай!

Ардағым-ай

Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт.

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай.

1-жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшінен.

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың артынан қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.










Мен өмірді жырлау үшін келгенмін


Мен өмірді жырлау үшін келгенмін










© 2010-2022