2 сынып сабак жоспары

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тазалықты сақтайық» 2-сынып

Мұғалім; Умирбаева Р.М

Сабақтың тақырыбы: «Тазалықты сақтайық».

Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділік ;Тазалық туралы түсінік беру,адам өміріне ұқыпты қарау ,салауатты өмір салтының қажеттілігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тазалық туралы оқушының сөз қорын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру;

3) Тәрбиелік: Дені саудың -жаны сау деген ұғымды қалыптастыру.

Көрнекілігі:гигиеналық талаптарға қажет заттар.

Түрі: сынақ - сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

Оқушылар: - Сәлеметсіздер ме апай!

Сәлеметсіздер ме, күннің көзі,көк аспан?

Сәлеметсіз бе,мұғалім?

Сәлеметсіз бе сен,

Сәлеметсіз бе мен? - деп балалар хормен айтады.

Жақсы балалар, көңіл - күйлерің жақсы екен

Өткен сабақты қайталау.Жұмыс дәптердегі жаттығу жұмыстарын пысықтау.

Енедеше бүгінгі «Тазалық -саулық кепілі» атты сабағымызды жалғастырамыз!

Балалар, өздерің білесіңдер тазалықсыз -денсаулық жоқ,сондықтан даладан,мектептен келген кезде қолды жуып ,аяқ қол тазалығына көп көңіл бөлу керек. Адам сусыз өмір сүре алмайды .Тамақ пісіруге де су керек ,жуынуға да су керек ,сондығтан балалар сусыз өмір жоқ.

Жуын ,жуын ,жуынсақ,

Қандай жақсы қуыршақ!

Қазір аппақ боласың,

Қуанады анашың,

Ендеше тазалық тақырыбын ары қараый ашу мақсатында бірнеше тапсырмалар орындайық.

1 - тапсырма. Тақтада «Тазалықты сақтайық-су ,сабын, » сызбасы тұр. Сендер бұл сызбаны толтыру керексіңдер. Ал сұрақ мынадай: Суды ластайтын қандай \заттар?

(Оқушылар бір - бірден сөздерді шешіп тақтаға іледі.)

Жарайсыңдар балалар.

Су деген тіршіліктің қані емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емеспе?

* Ендеше Су туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

1.Су -ішкен құдығың түкірме.

2. Ағын судың арамдығы жоқ.

3.Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер.

4.Сулы жер нулы жер.

Жарайсыңдар,балалар,Ата - бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды лайламау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан.Балаларға ата - анасы: «Суды сабама - балығын шошытасың,

Бұлақты лайлама- құсын кетіресің» - деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген. Ендеше осыған байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Суға түкірме.

Ағын суға кір жума.

Суды бекер ағызба.

Жарайсыңдар!

Ары қарай сабағымызды екі топқа бөлініп сынақ - сабақ түрінде өткізейік.

Топтың аты: «Тапқырлар тобы».

Топтың аты- «Ойшылдар тобы».

Ал екі топқа мынадай тапсырма: Бірінші топ Судың пайдасы туралы пікірлерін айтады.

Екінші топ Судың зияны туралы пікірлерін айтады.

Жарайсыңдар балалар,енді осы пікірлеріңді толықтай түсу үшін тақтаға судың пайдасын және судың зиянын көрсететін сурет салып көрсетіңдер! Ал ендеше іске сәт! (екі топтан бір -бір баладан шығып сурет салады.)

Жарайсыңдар яғни осы суреттерің арқылы сендер өз пікірлеріңді дәлелдедіңдер деп есептейік.

Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар .Ендеше сергіту сәтіне ж мен жұмбақ оқимын ал сендер шешіп көріңдер.

1. Аяқсыз ақ жорғалайды, жүреді,

Аузы да жоқ, сыңғырлайды, күледі,

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,

Айтындаршы осыны кім біледі? (Су)

2.Өзі көк, көлеңкесі жоқ. (Көл)

3 Көбейткен жердің олжасын.(жаңбыр)

Көлдің үстінде бір айна жатыр,

Ол айна қыста шығады,

Көктемде сынады.

Сабағымызда одан әрі жалғастырайық.. келесі тапсырма:

Судың қасиетін анықтайтын тәжірибе жасау.

1 - топ. Судың иісін, түсін ,дәмін ,білдіретін схема және

СУ - түссіз және мөлдір тәжірибен жасайды.

2 - топ. Судың табиғат пен адам үшін маңызын айтады схема және

Су -еріткіш тәжірибен жасайды.

Жақсы. Жарайсыңдар балалар, біз Су - жана - жақтылығын зерттеп білдік. Енді осы тақырыбымызды бекіту мақсатыңда мен сендерден тест сұрақтарын аламын.(Тест таратып бес минут беріледі)

Қорытындылай келе,

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тірлік тамам, бауырым,

Судың біздер біле тұра маңызын,

Көп болған соң, ұмытамыз қадірін, дей келе біздің елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнаулы заң қабылданған.Ол заң бойынша барлық сарқынды су, өзендер мне көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде тазартылуы керек. Біз де суды ластамауға жол бермеуіміз қажет.

Сабақты көшіріп алу

© 2010-2022