Ыбырай-шағын әңгіме шебері

Сабақтың мақсаты:                                 1.Ыбырай шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу, мақал-мәтелдердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру ;                 2. Оқушыларды өзіндік ізденуге, өз көзқарасын қорғай білуге, ойын жеткізе алуға, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу;                3. Көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық жұмысқа дағдыландыру.Типі: Жаңа сабақТүрі: Іздену. Аралас сабақӘдісі: Түсіндіру, іздену, талдауКөрнекілігі: интерактивті тақт...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ы. Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. 1850 жылы Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне оқуға барады. 1857-59 жылдары ол өзінің атасы Балғожаның қарамағында іс жүргізуші болып қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару комиссиясының ұйғаруымен Батыс Қазақстан өлкесінен қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашылады. Ыбырай балаларға жаттамалы діни оқудың орнына жаңаша әдіспен түсіндіріп оқытып, оларға тез хат танытатын жол табады.Ыбырай алдыңғы қатарлы орыс педагогтерінің оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын «Қазақ хрестоматиясы » мен «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» деген оқулықтарын 1879 жылы бастырып шығарды. «Қазақ хрестоматиясына» - Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Жеміс ағаштары, Әке мен бала, Асыл шөп, Мейірімді бала, Жаман жолдас, Зеректік тағы басқа көптеген әңгімелерін кірістірді. Ыбырайдың атағы 1879 жылы Торғай өлкесіне мектеп инспекторы болып тағайындалғаннан танылады. Ол 1888 жылы Қостанай қаласында орыс-қазақ мектебін ашты. 1886 жылы Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.

Ыбырай қазақ балаларының ғана қамқоршысы болып қойған жоқ, ол 19 ғасырдың 2 жартысында патша жарлығымен Батыстан көшіп келген орыс, украйн балаларын оқытуға көңіл бөлді. Ыбырай жүрек салдарынан 48 жаста 1889 жылы Қостанай қаласында қайтыс болады.







Сабақтың мақсаты:

1.Ыбырай шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу, мақал-мәтелдердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру ;

2. Оқушыларды өзіндік ізденуге, өз көзқарасын қорғай білуге, ойын жеткізе алуға, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу;

3. Көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық жұмысқа дағдыландыру.

Типі: Жаңа сабақ

Түрі: Іздену. Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, іздену, талдау

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, Ыбырай әңгімелері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдеп, тарих.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық әзірлік.

(Оқушыларға сары, қызыл, жасыл түсті бантиктер мен галстуктер таратылып, топқа бөліп отырғызылады.)

ІІІ.Үй тапсырмасы.

Ыбырай өмірі мен шығармашылығы.

Бір өлеңін жатқа айту.

Хронологиялық кесте.

ІҮ. Уй тапсырмасын қорытындылау. Ыбырайдың шығармашылық ғұмыры туралы не білеміз?

Жылдар

Оқиғалар

1841ж

1859ж

1850ж

1860ж

1864ж

1879ж

1881ж

1889ж

Ү.Жаңа сабаққа өту. Қызығушылықты ояту.

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай - шағын әңгіме шебері»

«Қазақ хрестоматиясы» туралы айта келіп, слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай- шағын әңгіме шебері

Әңгіме дегеніміз не? (Оқушы жауабы)

Кесте арқылы Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы мен идеясын ашып алу.

Енді балалар, Ыбырай атамыздың осы әңгімелерді жазудағы мақсаты не?

Ыбырай- шағын әңгіме шебері

Енді, балалар, осы Ыбырай әңгімелерін оқу арқылы сендердің алға қойған мақсаттарың не? (балалардан жауап алынады)

Ыбырайдың әңгімелерін оқи отырып, екіге бөліп қарастыруымызға болады.Тақтадағы кестеге қарайық.

Ыбырай- шағын әңгіме шебері

Оқулықпен жұмыс.

«Қанағат» әңгімесін оқып, тақырыбы мен идеясын анықтау.

Ойлан, тап! 3 топқа тапсырмалар беріледі.

1. «Зерттеушілер» тобы:

Адамгершілік, кішіпейілдік, мейірімділік

тақырыбына жазған әңгімелерін қысқаша мазмұндау.

2. «Ізденушілер» тобы:

Ыбырайдың салақтықтан, жалқау-лықтан аулақ болуға шақыратын әңгімесін табыңдар, кестені толтыру.

  1. «Білімділер» тобы:

Еңбекқорлыққа, өнерге, жігерлі, төзімді болуға баулитын шығармаларын қысқаша мазмұндау.

Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша 3 минут уақыт беріледі, оқушылардың жауабы тыңдалады.

Ыбырай- шағын әңгіме шебері

Жекелеген оқушыларға таратылған парақшалар бойынша әңгімені оқып, кейіпкерлерге талдау жасайды.

Оқушылар тақтадағы «Асыл шөп» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап береді. Ыбырай- шағын әңгіме шебері

Шығармашылық тапсырмалар

1 топ:

Ыбырай атаға хат «Ата өсиеті»

2 топ:

Ыбырайдың атынан оқушыларға хат «Ұрпақ өсиеті»

3 топ:

Адамгершілік туралы мақал - мәтелдер тауып айту

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап алынады.

Ыбырай- шағын әңгіме шеберіЫбырай- шағын әңгіме шебері

Үй тапсырмасы: Ыбырай әңгімелерін оқу;

Ыбырай ізімен... (ойдан әңгіме құрастырып келу)

Әдебиет лотосы. Бағалау парақшалары таратылады, оқушылапр сабақтан алған әсерлерін жазады.

Оқушыларды бағалау.

Жамбыл орта мектебі

«Мұғалімдердің жоғары деңгейлі кәсіптілігі

арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту»

тақырыбындағы мектепшілік әдістемелік күнде

өткізілген

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Ы.Алтынсарин - шағын әңгіме шебері

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Умарова Айнұр Қамиқызы





Атырау 2014/15 оқу жылы

© 2010-2022