• Преподавателю
  • Другое
  • Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10-сынып

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10-сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы : 10 Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары

Сілтеме:


Қазақ тілі оқулығы 10-сынып

Б.Хасанұлы, А.А. Қасымбек, Л.Е. Байбосынова

Жалпы мақсаты:


1) Сөздің айтылу және жазылу нормалары туралы түсіндіру, фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі принциптер туралы мағлұмат беру.
2) Оқушылардың сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
3) Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:


Әдеби тілдің ерекшеліктерін ұғынып, оны тәжірибеде қолдана білу. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі маңызын білу. Әдеби тілдің нормаларын білу және күнделікті өмірде сақтай білу.

Ресурстар

Стикерлер, флипчарт, Шың баспасы қазақ тілі, домино,слайд

Сабақта пайдаланған модульдер

Оқытуды басқару және көшбасшылық, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақта пайдаланған стратегиялар мен әдіс-тәсілдер

«Тарелка» стратегиясы, «Түртіп алу» стратегиясы, «Ой шақыру, қозғау» стратегиясы, Домино әдісі, «Еркін жазу» стратегиясы, Блум таксономиясы

Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар

Топпен жұмыс жасайды.Блум таксономиясы бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, ДЖИГСО әдісімен жұмыс жасайды, шығармашылық тапсырмалар орындайды, тақырыпты домино ойыны арқылы пысықтап, тарелка стратегиясы бойынша қорытындылайды.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Алтын ережені еске түсіру

Тренинг Пожелание

ДЖИГСО әдісі бойынша топқа бөлу: -1 топқа №1, №2, №3

2 топ -№1, №2, №3


Сабақтағы іс-әрекет

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Оқушыларға жаңа сабақтың өмірге қажеттілігін ескертеді

Бүгінгі сабақтың өмірдегі маңызын түсінеді

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Мен президент болсам» тақырыбында ойтолғау

Орындалысын тексереді



Жауап береді

  1. Жаңа тақырып түсіндіру «Білім»

Қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылады.

Жұртшылықтың бәріне ортақ.

Ауызша және жазбаша түрде қызмет етеді.

Қазақ әдеби тілінің екі стильдік тармақтары бар:

  1. Кітаби тіл стильдері

  2. Сөйлеу тілінің стильдері

Тек кітаби тілдің жазбаша және ауызша түріне тән қолданыстар бар.

Ендіше кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары бар.

Олар орфографиялық норма және орфоэпиялық норма.

Орфографиялық норма-сөзді бірізді дұрыс жазудың тәсілдерін қарастырады

Орфоэпиялық норма-ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы

Дыбыстарды қандай әріппен беруді, оның бөлшектерін бірге, бөлек, немесе дефис арқылы жазуды, бас әріпті қолдануды, тасымал тәртібін белгілейді.

Сөздің бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке болып айтылуын қарастырады.

Дыбыс үндестігі-қазақ тілі орфоэпиясының негізгі нормаларының бірі.

Сөйлеу тіліне дыбыстық диалектілік ерекшеліктерді ескергеніміз жөн. М: чаш-шаш, чал-шал

Сөздерді жазу барсында фонетикалық, тарихи-дәстүрлік, морфологиялық қағидаттарды негізге аламыз.

Жұмыс тобына ауысу:

  1. Топ --- Фонетикалық қағидат,

  2. Топ - Тарихи -дәстүрлі қағидат

  3. Топ -Морфологиялық қағидат

Жаңа сабақты меңгертуді көздейді


Мұғалім кіріспе сөзінде жалпы түсінік береді




Флипчарт, фламастерлермен қамтамасыз етеді, тапсырма береді


Тыңдайды






Оқиды, пікірлеседі сызбаға түсіреді

«Түсіну» Жұмыс тобынан қайтып жанұя тобына қайта оралады. Өзінің тақырыбын жанұясына кезекпен түсіндіреді.Топтар кезекпен сызған сызбаны алып отыруға болады.

Бақылап жүреді, қажет жерінде бағыт көрсетеді

Жұмыс тобынан жанұя тобына қайта оралады

«Қолдану» Ұжымдық жұмыс. Материалды меңгеру жаттығулары «Түртіп алу» стратегиясы

90-жаттығу

Мәтінді мәнерлеп оқып, сөз арасындағы, сөз ішіндегі орфоэпиялық өзгерістерге мысалдар келтіріңдер

Үлкен-үлкөн, түрүк- түрік, Құтты білігі, сақ адамы-сағ адамы, Күлтегін-Күлтегүн, Тоныкөк.

Тапсырма бойынша сөйлейді

Алған білімді практика жүзінді көрсетеді.

«Талдау» Ой шақыру, қозғау» стратегиясы

«Жанұя» тобына:

91- жаттығу

Ықшамдалып алынған Абайдың қара сөздері бойынша «Жақсының нұры жүректе» деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырып, қарамен берілген сөздерді айтылуы бойынша жазып, дұрыстығын орфоэпиялық сөздікпен тексер.

  1. Топ-Он төртінші сөз

  2. Топ -Он жетінші сөз

Керекті ресурстармен қамтамасыз етеді

Негізгі идеяны көрсетеді, ойын айтады, ізденеді, зерттейді

Сызбаға түсіреді

Сергіту сәті

Билейді

Билейді

«Жинақтау» тобына «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы

Ұжымдық жұмыс

91- жаттығу (3) Он тоғызыншы сөз

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10- сынып

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10- сынып

Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10- сынып

Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі...."

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10- сынып

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10- сынып

Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ тілі 10- сынып

Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

Ақылдың алты қалпағын таратып береді

Абайдың он тоғызыншы қарасөзін Ақылдың алты қалпағына салады.

«Бағалау» Шығармашылық тапсырма

«Домино ойыны» 1- топ

Ғылыми стиль -заттың, табиғи, тосын құбылыстардың мәні мен себеп салдарын қисынды жүйе, ғылыми деректерге сүйене түсіндіру (ашу)

Жұртшылықты жұмылдыру, қоғамдық оқиға мен құбылыстардың мәнін ашу, оған көпшіліктің назарын аудару үшін эксперссивті-эмоционалды реңктегі сөздер қолданылады -Публицистикалық стиль

Ресми стиль- кітаби реңктегі сөздер мен терминдер, даяр тіркестер, баяндау, бұйыру мен жаттығу мазмұнындағы хабарлы сөйлемдер.

Сөз деректі, образды мәнде қолданылады. Эмоционалды-экспрессивті болады- Көркем әдебиет стилі

2- топ

Негізінен хабарлы сөйлемнен болады. Ғылыми терминдер кеңінен қолданылады. Баяндауыштары ырықсыз етіс түрінде, осы және ауыспалы келер шақ формасында кейде шартты рай түрінде қолданылады. Дерексіз, деректі жалпылық ұғымдағы сөздер жиі ұшырасады - ғылыми стиль.

Ресми стиль-хабарлау, нақты мәліметтер беру

Шындықты, ақиқат өмірдегі зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету- көркем әдебиет стилі

Публицистикалық стиль-газетте, саяси-қоғамдық журналдарда жазбаша, жиналыстар мен митингілер, радио-теледидарда ауызша түрі қолданылады.

Домино тапсырмасын береді



Екі топтың жауабынтыңдайды

Өтілген тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, доминоны сұрақтарға жауап бере отырып тізіп шығады.


Домино құрастып оған жауап береді

Сабақты қорытындылау кезеңі «Тарелка» стратегиясы

Орфографиялық норма жайлы не білдің?

Орфоэпиялық норма жайлы не білесің?

Ұжымдық жұмыс орындайды

Алынған білімнің қажеттілігін бағалайды

Үйге тапсырма: 92-жаттығу. «Еркін жазу» стратегиясы

Жамбыл өлеңі негізінде «Ұлылар бар жүрегімен ұғысқан» атты шығарма жазыңдар.

Үйге тапсырма береді

Үйге тапсырма алады

Бағалау

Бағалайды

Күнделікке баға қойғызады

Рефлексия жасайды

Стикер таратады

Кері байланыс жасайды



© 2010-2022