Урок по самопознании для 10 класса Человек к вертуальном простренстве

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтын тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік -Сүйінбай Аронұлы өмірі, өлеңдерімен таныстыру.

ә)дамытушылық - өлең талдау дағдысын қалыптастыру,

оқушылардың өз пікірін айта білуіне, жырларыны көркемдік ерекшелігін, өзіне тән тілін, мәні мен маңызын ұғымдыру;

б)тәрбиелік - Отанын сүюге, ақыл -ой, адамгершілік тәрбиесін беру.

II.Үй тапсырмасы

а. «Еспенбет» поэмасының мазмұнын айту.

ә. Тест жұмысы бойынша пысықтау.

1.Дулат ақын туған жылды көрсетіңіз.

а)1728 ж ә)1813 ж б)1847ж в)1802ж

2.Қаларсың бір күн, Сандықтас,

Құлан жортпас бел болып.

Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз.

а) С.Торайғыров ә)Абай б)Ж.Жабаев в)Д.Бабатайұлы

3.Аққан бұлақ сай-салаң,

Шытырман тоғай айналаң,

Жоның, жайлау, кең алаң,

Атам қонған кең далам!

Үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

а) «Еспенбет»; ә) «Өсиетнама»;

б) «Ақжайлау мен Сандықтас», в) «Аягөз»;

4.Тауды екіге жарасын

Тастын қашап арасын

Кесіп өтіп кезеңді,

..., қайда барасың? Дулат қай өзен туралы жырлағаны туралы анықтаңыз

а)Ертіс ә)Еділ б)Жайық в)Аягөз

5.Датыңды айтсаң майырға,

Сібірге кеттін айдалып

Дулаттың осы өлең жолдарындағы «дат», «майыр» деген сөздерге анықтама беріңіз

а)Әкім мен реніш; ә)чиновник және арыз; б)орыс пен жағдай; в)майор мен өтініш;

Жаңа сабақ

Жырдың пірі - Сүйінбай!.

Менің пірім -Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері,

Маған тартқан сыйындай.

Сүйінбай, деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл құйындай! (Жамбыл)

Ақын өмірінен мәлімет беру Сүйінбай Аронұлы (1815-1898 ) Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) - қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.

III.Шығармалары:

1.Ерлік пен елдік тақырыбына арналған өлеңдері: «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Жабайы батыр», «Бөлілі- менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», т.б.

2.Заманындағы ел билеушілеріне қарата айтқан арнау өлеңдері: «Датқаларға»,«Қасымға», «Мақсұтқа», «Болыстарға баға», «Әділеттік орнаса», т.б.

Жаңбырменен жер көгерер,

Батаменен ел көгерер. (халық даналығы)

«Бала Жамбылға бата» өлеңінің ту тарихына тоқталу.

Өсер елдің баласы,

Он бесінде баспын дер.

Өшер елдің баласы,

Отызында жаспын дер.

«Бөрілі менің байрағым» өлеңінің туу тарихына тоқталу.

IV.Оқулықпен жұмыс. Білім алушылардың өздеріне «Бөрілі менің байрағым», «Жақсыменен жаманның айырмасы», «Әділеттік орнаса» шығармаларын мәнерлетіп оқыту.

Өзіндік пікірлерін тыңдау, өлең құрлысына талдау.

Бөрілі менің байрағым

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен,

Бөрідей жортып жеткенде,

Бөлініп қалған жан емен.

Бөрі басы- ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Құлзып кетер қайдағым!

Жақсы менен жаманның айырмасы

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

«Олақтан салақ жаман» деген мақал,

Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.

Әділеттік орнаса

Ел елдігі бола ма,

Ермен жауға бармаса.

Елшілігі бұзылмас,

Өз жерін жаудан қорғаса.

V.Оқушылар графикалық диктант орындайды.

ҮІ. Сәйкестендіру

Эпитет

Гималай көктің кіндігі,

Гималай жердің түндігі.

Ассонанс

Атадан өгіз ағызған,

Ақылдан алпыс сабан бар

Аллитерация

Тұнжыраған түн

Метафора

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,

Жаман адам балтаның ұңғысындай

Теңеу

Бөрілі басы -ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе, .....

VІІ. Бәріміз ойланайық.

VІІІ.Сабақты бекіту

Семантикалық картамен жұмыс жасау

VІІ.Үйге тапсырма

«Тіл» тобына да, «Сөз» тобына да тілге байланысты шағын шығарма жазып келу тапсырылды.

Білімдерін бағалау.

Екі топтың бірін-бірі бағалауы, мұғалімнің бағалауы, соңында ортақ бағасын қою.


© 2010-2022