Тіл мәдениеті сабағы. Қазақ тілі (8-сынып)

Мен қазақ тілі пәнінен өткізген бұл сабағымда оқушының тіл мәдениетін қалыптастыра отырып,  ауызша, жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс беруге үйрету, оқушылардың жазу-сөйлеу мәдениетін дамыту, әдеби тілді көркемдеп сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру және де  оқушыларды өз ұлтын, тілін сүюге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өзіндік ой қорыта білуге, шығармашылықпен жұмыстануға тәрбиелеуге жұмыстандым. СТО технологияларын қолданған сабағымда оқушыларға шығармашылық тапсыр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл мәдениеті сабағы. Қазақ тілі (8-сынып)Тіл мәдениеті сабағы. Қазақ тілі (8-сынып)Тіл мәдениеті сабағы. Қазақ тілі (8-сынып)Тіл мәдениеті сабағы. Қазақ тілі (8-сынып)Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы:8

Мұғалімі: Джапанова Н.А.

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті

Мақсаты:

а) білімділік: оқушының тіл мәдениетін қалыптастыра отырып, ауызша, жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс беруге үйрету.

ә) дамытушылық: оқушылардың жазу-сөйлеу мәдениетін дамыту, әдеби тілді көркемдеп сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды өз ұлтын, тілін сүюге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өзіндік ой қорыта білуге, шығармашылықпен жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жинақтау

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиялары

Көрнекілігі: шығармашылық тапсырмалар, слайдтар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін. (Ә.Тәжібаев)


  1. Өтілген тақырыптарға шолу сұрақтары.

ІІ Жаңа сабақ

  1. Қызығушылықты ояту сатысы

Ой қозғау

Мәдениет - адамның рухани және материалдық, білімдарлық (интеллектілік) пен сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы.

Ендеше, мәдениет сөзінің аясы кең, мағынасы сан тарау. Соның ең негізгісі - тіл мәдениеті. Тіл, сөз - егіз ұғым.

Мәдениеттің туы - тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып жатады. Әр ұлттың тілі сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Сондықтан да, өз тарихына, ұлттық дәстүріне, туған жеріне, туған тіліне қамқор көзбен қарап, қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы - тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.

Сөз мәдениеті

Ауызекі тіл мәдениеті Жазба тіл мәдениеті

Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі - белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез - құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл - жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік - жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

Сөз мәдениеті

Сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) Сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі)

Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз "дәлірек", "айқынырақ" деп бағаланады. Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл - ойдың айнасы.

Тілдегі сауатсыздық - адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

Тіл мәдениетінің басты талабының бірі - тілдің халықтық қасиетін дамыту, ана тілінің байлықтарын талғам елегінен өткізіп, молынан әдеби тілге енгізу.

  1. Мағынаны тану сатысы.

І топ. Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары

ІІ топ. Сөз қолданудың негізгі принциптері

Мәтін бойынша тіл ұстарту тапсырмалары.

І.Топтық жұмыс

а) Мәтін мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқу.

ә) Сөздік жұмысы

б) Мәтін мазмұнын әңгімелеп айтуға арналған тірек сөздерді жүйелеу, сол тіркестерді қатыстыра отырып мазмұндау

в) Логикалық ойға жетелейтіндей сұрақтар қою

г) Мәтінге сипаттама жаз.

ғ) Мәтінге балама тақырыпшалар ұсыну

ІІ.Топтық жұмыс

Берілген сөз тіркестерін қатыстырып тіл туралы шағын шығарма жазу.

Керекті сөздер: Алтын күн. Үлкен үміт. Кәусар ауа. Бейнелі тіл. Әсем әуен. Ұлттық белгі. Халықтық мұра. Ана тілі. Терең ой. Нұрлы жұлдыз. Мәдениет мәйегі. Асыл қазына.

Сергіту сәті

Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі

ІІІ. Топтық жұмыс. Синтаксистік талдау.

І топ. Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады. (Абай)

І.1. (.)

І.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем.

І.3. Құрылысына қарай-жай сөйлем.

І.4. Жай сөйлем түрлері.

І.5. а) Жалын мен оттан қайтеді? - жаралады - дара, етістікті, (-ды) жіктік тұлғалы-баяндауыш.

б) Сөз неден жаралады? - жалын мен оттан - бірыңғай, зат есімді, (-тан) шығыс тұлғалы - жанама толықтауыш.

в) Қай сөз? - жақсы -дара, сапалық сын есімді -сапалық анықтауыш.

ІІ топ. Жанды сөздің жалынын білім маздатады. (Ж.Баласағұн)

І.1. Сөзде бір тыныс белгі бар. Ол-нүкте.

І.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем.

І.3. Құрылысына қарай-жай сөйлем.

І.4. Жай сөйлем түрлері: а) жайылма; ә) толымды; б) жақты.

І.5. а) Жалынын не істейді? - маздатады - дара, етістікті, (-ды) жіктік тұлғалы-баяндауыш.

б) Несін білім маздатады? - жалынын - дара, зат есімді, (-н) табыс тұлғалы - тура толықтауыш.

в) Ненің жалынын маздатады? - сөздің -дара, зат есімді, (-дің) ілік тұлғалы -меншіктік анықтауыш.

г) Қандай сөздің? - жанды- дара, қатыстық сын есімді - қатыстық анықтауыш.

Қорытынды:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тілі-арым, иманым.

Аманат, саған, аманат. (М.Әлімбаев)

Ән. «Анамның тілі»

Үй тапсырмасы.

Концептуалдық кесте

топ

Кейіпкерлер

Тақырыбы

Сенің пікірің

Осы тақырыптарға лайық мақал-мәтелдер

І

Найман-Ана

ІІ

Менің Дағыстаным


Бағалау.

Джапанова Н.А.

Қарақия ауданы, Жетібай селосы, №4 орта мектеп



© 2010-2022