Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10-сынып

Юнит атауы

Қоғамдық қатынастар

Достық, махаббат

Негізгі концепциялар

Қарым-қатынас /коммуникация/

Пәндік концепциялар

Тақырып

Өзін -өзі таныту

Жаһандық мән-мәтін

Сәйкестік пен қарым-қатынас

Мен кіммін? Біз кімбіз?

Оқушылар жеке тұлғаны; құндылықтар мен көзқарасты; жеке, психикалық, әлеуметтік, рухани және дене саулығын; отбасы, достармен қатынасты; қауымдастық пен мәдениетті; адамдықтың мәні неде екенін үйренеді.

/ Жұмысты әзірлеуге болжамды түсініктер:

• Бәсекелестік пен ынтымақтастық; топтар, топ қатарында болу және көшбасшылық

• адам және адамгершілік табиғаты; рухани пайымдау және этикалық ойлау, сана-сезім және парасат /

Зерттеу идеясы

Адамдар достық пен махаббат үшін өмір сүруі керек.

Зерттеу сұрақтары

Деректі сұрақ- Махаббат дегеніміз не? Достық деген не?

Концептуалды сұрақ- Адал достық пен амал достықтың қалай ажыратамыз? Махаббат пен достықтың айырмашылығы неде?

Пікірталасты сұрақ - Достық қымбат па,махаббат па? Достық пен махаббаттың қайсысы берік, қайсысы биік? Мақсаттары мен көзқарастары бірдей адамдарды дос деп айта аламыз ба?

Оқыту әдіс-тәсілдері

  • Коммуникациялық дағдылар: Өз сөзімен айту

  • Әлеуметтік дағдылар: Топ ішінде әртүрлі рөлдер мен көшбасшылықты дамыту

Оқушы профилі

  • Тәуекелшіл

  • Үйлесімді

  • Қамқоршыл


Сабақ жоспары

Іс-әрекет

(Нұсқаулық пен іс -әрекеттер тәртібін өзгертуге немесе қайталауға болады)

Қорлар /ресурстар/

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Кіріспе.

Армысыздар, құрметті оқушылар, қонақтар!

Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!

І. Қызығушылықты ояту.

Сынып 3 топқа бөлінеді.

Оқушыларға Абайдың «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген сөзі араласқан түрде беріледі. Бұл сөздерді бірінші құрастырған топ анықталады, мағынасын ашады.


О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің!

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің.


О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!

Мен сені ұмытқанмын

Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,

Суып қаным,

Жинағам құрып хәлім.


Құлаған отауымның уықтарын,

Содан бері мен сені ұмытқанмын.

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?


Тірі болсаң, мен де енді тірілемін

Ақ періште алдына жүгінемін,

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

Мұқағали Мақатаев

Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары


ІІ. Мағынаны тану

  1. Топтық жұмыс. «Бағдаршам» стратегиясы.

Жасыл түс -топ дайын.

Сары түс -жартылай дайын.

Қызыл түс -толығымен дайын.

Топтарға тапсырма беріледі. Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырзалиев, Құралай Омардың өлеңдері топтарға таратылады.

І топ:

Ф.Оңғарсынованың «Сен қайда жүрсің?» атты өлеңінің тілдік ерекшелігін талдайды.

ІІ топ:

Қ.Омардың «Қайдасың?» өлеңіндегі тірек сөздерді таңдап негіздейді /ком. терм/.

ІІІ топ:

Қ.Мырзалиевтің берілген өлеңді жазудағы мақсаты не?

Дайын топтар бағдаршам түстері бойынша жауап береді.

Күтілетін нәтижеге қол жеткізбесе, неліктен, қалай жою керектігі талқыланады /ком. терм/.

  1. Топтарға сұрақ. Әлемде махаббатымен таңқалдырған, есте қалған адамдар бар ма?

Оқушы жауабы тыңдалады. Тәж Махал, Айша Бибі, Қозы Көрпеш- Баян сұлу махаббаттары, кесенелері туралы айтылады.

Сонымен бірге топқа «Жүрегі махаббатқа толы адамның бойында қандай қасиеттер бар?» деген сұраққа жауап алынып, оқушы профайлымен байланыстырылады.

Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспарыМахаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары

Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспарыМахаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары




  1. Топтар өздеріне берілген өлеңдегі белгіленген шумақтарды оқиды, басқалары қайталанған сөздерді тауып, астын сызып отырады. Қайталанатын сөз - жүрек.

Сұрақ:

Махаббат дегенде неге адамның жүрегі ассосацияланады, басқа дене мүшелері неге айтылмайды. Неге ақындар өз өлеңдеріне жүрек деген сөздерді қосқан?

Топтардың ойлары тыңдалады.

  1. Биология мұғалімі сөз алады.

Жүрегі махаббатқа толы адамның жүрегінің қызметі туралы айтады, бейнефильм көрсетеді.

Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспарыМахаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары

  1. Топтық жұмыс. «Әлемді шарлау» стратегиясы. Оқушылардың рөлдері анықталады (президент, тілші, турист).

А 3 қағаздарына топтар сабақ бойынша алынған ақпараттарды пайдалана отырып, қоғамға қызмет етудің жолдарын қарастырады.

  1. Қазақстанда махаббат күнін өткізудің бағдарламасы.

  2. Бүгінгі күні ғашықтар ғана баратын орынды жарнамалап ұсыну.

  3. Жүректе болса махаббат ... /жүректің қызметі арқылы адамды, адамзатты жақсы көруге шақыру/.

Мақсаты: адамды сүюге шақыру.

  1. С.Қалымовтың орындауындағы «Махаббат -мәңгі ертегі» әні тыңдалады.

Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары




Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары


massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/885/







akzere.wordpress.com/tag/%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80/





kazakia.kz/tag

egemen.kz/2014/04/15/24847

akjolgazet.kz/?p=13283

google.kz/search?







youtube.com/watch?v=oAPpoTXBV1Q

ІІ.РефлексияМахаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары

Оқушылар стикерлерді төмендегі суреттерге жапсырады.

Сандық-білімді ойыма тоқыдым

Ет турағыш - білімімді әрі қарай жетілдіруім керек;

Қоқыс шелегі -маған бұл білім қажет емес





Махаббатсыз дүние бос, сабақ жоспары

Teacher Observed: Almagul

Lesson: Kazakh Language and Literature

Year Group: 10C

Wednesday, 11 February, 2015

Planning and Preparation:

Almagul demonstrated an excellent knowledge of the unit content - Love, friendship and the poet, Abay Kunanbayev - and pedagogy. The lesson planned was age-appropriate for a G10 MYP Kazakh Language and Literature class of one-hour.

The resources used for the lesson had been well prepared in advance and supported the focus learning skills - communication and inquiry. A very detailed lesson plan had been prepared. Almagul's stated goals reflected high-level learning to the MYP curriculum framework. The lesson itself was very coherent and well-paced; and there was a clearly defined structure. There were many things to commend in this lesson, in particular, the variety of student engagements: the use of small response group learning; the use of technology and different media (YouTube video clips), the visit from a biology teacher/colleague to further student learning of the heart as the 'seat of all emotions'; the work of a Kazakh poet and Kazakh singer; and ample visual support. Bringing in a visiting speaker - a colleague/expert from the science department - demonstrated Almagul's search for, and use of, appropriate resources within the immediate community.

Classroom Environment

The interactions between teacher and student were highly respectful and the teacher reflected warmth and caring towards individuals. There was plenty of opportunities for the students to share their knowledge and experience of the topic; and social interaction was encouraged through the well-planned small group activities, demonstrating good learning and teaching practice. There was a general expectation that students were to remain 'on-task' and Almagul went across to the table groups with offers of further help, as required. The students took pride in their learning and careful, eye-catching assignments - information posters - resulted.

Instruction

Almalgul's written and oral communication was clear and expressive; and a variety of formats employed - handouts, PowerPoint slides and presentation, YouTube clips. Webb's depth of knowledge level 3 questions were asked and the students given sufficient time to reflect and respond. An interesting and highly creative use of the jig-sawing technique was used as students selected different countries - France, Kazakhstan and Norway - and different roles - president, journalist and tourist - to engage them in the task both actively and collaboratively.

It was very apparent that both Almalgul and her students enjoyed the lesson. The energy and enthusiasm was to be seen in her body language, her voice and her broad smile. I thoroughly enjoyed visiting Almalgul's lesson!

Helen Jeffery

Consultant


І топ:

Ф.Оңғарсынованың «Сен қайда жүрсің?» атты өлеңінің тілдік ерекшелігін талдайды.

Сен қайда жүрсің?

Сен қайда жүрсің?
Мені осынша сағындырып,
Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.
Мен сені іздеп жүрмін
Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,
Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.
Кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән - арманым.
Басқаларға айта алмас сырымды мен
Ішімдегі бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
Көмілмей жасқа, мұңға,
Орап сені сағыныш - ақ сағымға.
Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса
Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша
Отырамын көз ілмей бас жағыңда.
Арпалысқан сәтте сол
сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт
Әттең атып қалады-ау таң да күліп…
Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,
Ол да сені нұрымен аймалай ма?




akzere.wordpress.com






ІІ топ:

Қ.Омардың «Қайдасың?» өлеңіндегі тірек сөздерді таңдап негіздеңіз.

Өкiнiштiң оты өртедi өңештi,
Үңiлгенде дәптерiме өңi ескi.
Ақ қағазда есiмiң - мәңгi өшпес,
Жадымдағы бейнең бiрақ көмескi.

Тек есiмде… Ұмытпадым күлкiңдi,
Жанарыма сансыз маржан iркiлдi.
Жүрегiмде астаң-кестең ақ боран,
Жадыратып қойғаныммен сыртымды.

Сағынсам да жете алмадым, қайдасың?
Әлде айналып кеткенбiсiң Айға шын.
Әлде менен өзге сұлу жолығып,
Баурап алып асырды ма айласын.
Бақытыңды тапсаң бастан таймасын.
Көзiме тек бiр көрiншi…
Қайдасың?!


akzere.wordpress.com














ІІІ топ:

Қ.Мырзалиевтің берілген өлеңді жазудағы мақсаты не?


Қадыр Мырзалиев

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе - ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

akzere.wordpress.com















© 2010-2022