Ашық сабақ А. Байтұрсынұлы Өгіз бен бақа 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға мысал өлеңдері және ақынның өмірі туралы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, кесте

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару, топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Алғырлар» мен «Тапқырлар» тобы бір- біріне өткен сабақ бойынша дайындаған тапсырмаларын орындайды

  1. Сөзжұмбақ шешу

  2. Сұрақтарға жауап

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

1873 жылы бұрынғы Торғай облысында, орта дәулетті шаруа отбасында дүниеге келген.

1882-1884 жылдары өз ауылында сауат ашады

1886-1891 ж Торғай қаласындағы екі кластық орысша-қазақша училищеде оқиды

1891-1895 ж Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді.

1909 жылы Қарқаралының екі сыныпты училищесінің меңгерушісі

1913-1918 ж «Қазақ» газетінің редакторы

1937 ж Сталиндік репрессияға ұшырап, 1938 жылы өлім жазасына кесілген

2. Мысалдар туралы түсінік.

Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер, іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И.А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдарды аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.

V Түсінік тексеру:

Суретпен жұмыс:

Өгіз бен бақаның суретін көрсету.

Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.

Мысалды мәнерлеп оқу.

Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.

Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.

Көрсеқызар бақа.

Бақаның қарнын керуі.

Бақаның жарылып өлуі.

Әлін білмеген әлек.

VІ. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс.

Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.

VІ/І. Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.

2. «Өгіз бен бақа» мысал өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.



© 2010-2022