10 сынып сабақ жоспары Мамандықтар

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар. Сын есім
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сын есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, мамандық туралы өз ойларын айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген модульді пысықтап, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ

1 - тапсырма. Сурет бойынша мамандықтарды атап шығыңдар. Сөз тіркестерін
құрастырыңдар.
2 - тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Үлгі бойынша өздерің диалог
құраңдар.
- Сен кімсің?
- Мен 10 сынып оқушысымын.
- Сенің әкеңнің мамандығы қандай?
- Менің әкемнің мамандығы - дәрігер.
3 - тапсырма. «Мамандықтар» мәтінін мәнерлеп оқып, аударыңдар.Етістіктерді тауып,
қандай шақта тұрғанын анықтаңдар.
Ережемен жұмыс
Сын есім
Заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?
1. Құрамына қарай (2):
А) дара сын есім: сары, үлкен, кең, т.б.
Б) күрделі сын есім:
1. біріккен: алқызыл
2. қосарланған: үлкен -кіші
3. тіркескен: қызыл ала
2. Тұлғасына қарай (2):
А) негізгі сын есім: биік, әдемі
Б) туынды сын есім: таулы, еріншек
3. Мағынасына қарай (2):
А) Сапалық сын есім: тәтті, тұщы, тар, ыстық
Б) Қатыстық сын есім:
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
3 - тапсырма («Мамандықтар» мәтінін мазмұндау)
4 - тапсырма.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау

© 2010-2022